0 дауыс
383 көрілді
бiз енемізбен тұрамыз.ол 40 жасында жесiр қалған. күйеуiм жалғыз баласы және ол әкесi қайтыс болған соң өмiрге келген.Ендi еркелiгiнде шек жоқ, көкiрек. Ешнәрседен тарықтырмай,бетiнен қақпай, қой демей өсiрген. Қысқасын айтқанда бұзық болып үй бетiн көрмей, мектептен мектепке ауысып көшеде өскен бала. Сол қылықтарын тастай алмай жүр. Өте көп өтiрiк айтады. Менiң жыным келетiнi енем қой мұның не деп айтпайды.Ол тек шешесiн ғана сәл де болса тыңдайды. басқа ешкiмдi адам демейдi.бiр жыным келетiнi баласының асты үстiнiне түсiп өлiп кете жаздайды.тамақ iшейiн деп жатса абайла ыстық анау мынау деп 25 тегi баласының басы бар шығар, қылықтары жүйкеме тиiп бiттi. Үлкендерден кеңес сұрасам жесiр адам сондай болады күйеуiне де, енеңе де шыда дейдi менiң шыдамым таусылды.

4 жауап

+1 дауыс
Жанайым, сен жанұядасың, сен әйелсің, сен жай әйел емес қазақтың әйелісің, ертең енеңнің орын басатын сен боласың, ал енеңе баласы(күйеуің) 100ге келсе де баласы болады, оны қалай еркелетсе де жарасады, сен де ақылдырақ бол, сен де оны еркелет, әйтеуір сені ұрмай, ақша тауып, бала шағасын асырап жүрсе оған да шүкір.
+2 дауыс
"Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді"- деген сөз бар,Саған не ақыл айтып қарқ қыларымды да білмеймін.
Тұрмысқа шығар кезіңде соның бәрін білген де боларсың."Сатып алған аурудың емі жоқ"- деген де сөз бар,не істесең де ақылмен істе.Жолдасыңды тастап кетіп өзің де ұл балаңды әкесіз өсірсең қалай боларын қайдан білесің,ертең сенің келінің де осындай әңгіме айтып отырмасына кім кепіл?Сенің де күйінгеннен жазып отырғаныңды түсінем,сонда да "Өз ақылым ақыл-ақ,кісі ақылы шоқырақ"- дегендей өз қабырғаңмен кеңескенің жөн-ау деймін.Өмірде бұндай жағдайда жалғыз сен ғана емессің,әкесіз бала өсіруді тоқтатпасақ бұл әлі-ақ ел басындағы қасірет болуы әбден мүмкін.
0 дауыс
кез келген ситуацияның шешімі болады дегендей, бұл жағдайдада да бір шеімі болуы керек, тек соны ақылмен табу сіздің қолыңызда. Еркектің қандай болуы тек әйелдің қолында дейіді ғой негізінен. Сіз бұлайкүйіне бермей шығар жол іздеңіз. Енеңізбен ашық сөйлесіңіз (егер солай сөйлесе алатын жағдай болса). енеңіз 65 жас шамасында болса, қазіргі өмір сүру деңгейімен қарасақ қанша өмірі қалды дейсіз... Барынша төзімді болыңыз, басқа салса баспақшыл... Аса мейірімді АЛЛА жәрдем болсын
0 дауыс
«Таусылдым» деп таусылма, тырнақ астынан кір іздеме, сабырлы бол, ашулануға жол берме, өзіңе басқа қырыңнан қара, өзіңді сол кісілердің орнына қойып қара, енеңе өз анаңдай қара, ол кісіден ақыл сұра, кеңес, сырлас, өзіңе тарт, көп жағдайда өзімдікі дұрыс деп, бір жақты ойлап кеткеннен, жоқ жерден проблема туып жатады, негізі отбасын ұйытыпта, ірітіпте отыратын әйел деп ойлаймын, сондықтан бәріде өз қолыңда, адал жар, ибалы келін болсаң, дұрыс жүрсең, балаңды жылатпай, үй шаруасын тастай ғып отырсаң болғаны.... олар қайда барсын.... отбасыңызға береке тілеймін....
...