+2 дауыс
567 көрілді

 Кейде адамдар: - "Менен де нашар өмір сүріп жүргендер бар екен ғой!" деп қанағат еттім,- деп жатады. Неге басқалардың сәтсіздігі, бақытсыздығы үшін адам өзін әлдеқайда бақытты сезінеді? Неге қанағат сезімі пайда болады? Өзіңді ешкіммен салыстырмай-ақ бақытты екеніңді сезіну, қанағат ету мүмкін бе? 

Бұл тек қазақтардың әдеті шығар))
Олай емес сияқты))
Ол бәріне бірдей емес,түсінігі бар адамдар олай сезінбейді. Ақыл ойы-саяз надан адамдардың іс-әрекеті ғой, біреулерден озғысы келіп жүреді үнемі.Бар білгені сол болса қайтсін енді. Оларға Білім , адами қасиет жетіспейді ғой.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бакытты сезiну болса демек ол көреалмаушылык деп аталатын шығар, меніңше ол дұрыс мәні де Шүкіршілік деп ойлаймын,  Қанағат, шүкіршілік сезімі әр бір адамға ана сүтi менен кiредi, әсіресе мұсылман елдерде бұл сезім күшті деп білемін.
қанағат бақытты болудын бір бөлегi .
Әрине басқаларға салыстырмай өзінді бақытты сезіну мүмкін, ол үшін тек ғана өзің үшін бақыт деп есептейтiн затты жаратып алуың керек !!!
+3 дауыс
Адамдардың көбі жалқау. Алдына мақсат қояды, бірақ еңбектеніп жеткісі келмейді. Өздерін солай жұбатады. Байқасан спортшылар мен кәсіпкерлерде ондай жоқ. Қойған мақсатына жетеді.
0 дауыс
Капиталист болған керім ғой :D
+1 дауыс
Қанағат ету жақсы қасиеттердің бірі.Арабша барға риза болу дегенді білдіреді.Қанағат қарын тойдырар,қанағатсыздық жалғыз атын сойдырар деген дана бабаларымыз.Жағдайың нашар деп ойласаң сененде нашар тұрып жатқан адамдар бар екенін есіңе алып шүкір еткен жөн.Ал салыстыруға келетін болсақ,тозақ болмаса жұмақтың қадірін түсінбейтініміз секілді қолдағы бардың қадірін басқалармен салыстырып көргенде ғана  түсінетін шығармыз
0 дауыс
Өз басыңдағы қиын жағдайды, басқаныкімен салыстърып  тәубе ету керек шығар
...