Біз сырт келбетке тек көзбен көріп баға береміз бе?

+1 дауыс
1.1k қаралым

Әдетте келбеті келіскен бір адамның жайсыз қылығын, қыршаңқы мінезін, арам ниетін байқап қалсаңыз, әлгі адам көз алдыңызда сол баяғыдай әдемі болып көріне бере ме? Әлде неге екені белгісіз тартымдылықты байқай алмай қаласыз ба? 

Бір рет қалааралық автобусқа уақытынан ерте отырып алыппын. Жолаушылар біртіндеп кіріп жатты. Бір кезде аппақ көйлек киген, жасы шамамен отызға келіп қалған бір қыз кірді. Көргенде "Сұлулық деген осы шығар!" деп ойладым. Кітаптағы жазушылар суреттейтін сұлудың бейнесі екен. Бір кезде әлгі қыз жүк қоятын жерге сөмкесін қойып жатып: "Апай! Мынау вообще менің қоятын жерім ғой. Қарамайсыз ба дұрыстап!" деп дауыс көтерді де көрші орындықтағы апайға жүгін алып ұстата салды. Содан кейін қанша қарасам да әлгі қыздың бойынан еш сұлулық байқай алмадым. 

Сіздерде осындай жағдай бола ма? Егер қылығына, мінезіне қарай адамның келбетті болып көрінетін-көрінбейтіндігі анықталатын болса, біз сұлулықты тек көз арқылы көрмейтін болғанымыз ба? Қалай ойлайсыздар? 

• Санаты: Өмір, Тіршілік

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Сұлулық салыстырмалы түсінік.
Сұлулық түнге дейін жақсылық мәңгілік дейді ғой атам қазақ.
Сұлулық ақылына тең болмаса ол шынайы сұлулықка жатпайды.
Шындық көзбен көрінбейді   ! !!
+1 дауыс
Жан сұлулығы мен тән сұлулығы үйлеспесе,құр жылтыраған беттен не пайда.Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме деген араласып,сөйлесіп көрмеген адамның сырт көзбен мінезін тану мүмкін емес шығар

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
22.01.2017 • Санаты: Тұлға, Адам Динара сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
127,749 сұрақ
322,321 жауап
153,149 пікір
72,776 қолданушы