+3 дауыс
1.4k көрілді
Аянышты кинолар көріп отырып сізде қосылып жылаған кездерініз болдыма?

13 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә ондай жағдай көп болған. Жанымда адам бар болса, жылағанымды білдірмеймін))
+2 дауыс
Иә жиі солай болушы еді. Алдынғы ескі киноларды көргенде. Қазіргі кинолардың бәрі фантастика жанрында түсіріледі (жылайтын жері жоқ).
+3 дауыс
Ия. "Айристің" соңында отбасымызбен жылағанбыз. Кейбір фильмдерде аяқ жағында күтпеген жерден қайғылы оқиғалар болады, оны білсең де сенгің келмейді. Мысалға "Сұлтан Сүлейман" телехикаясында ұлы ханның өз ұлы - Мұстафаны өз жендеттерінің қолымен көз алдында өлтіргенінде бәріміз қыстығып жылап отырғанбыз. Тек бір-бірімізге білдірмейміз.

Бастысы - кинорежиссердің таланты, оқиғаны әсерлі етіп жеткізе білуі.
Айрис фильм ба?
Көпсериялы фильм.
+3 дауыс
мен де болған. Меня зовут Кхан, Хатико, Жетімдер, Перзентім(өзбекше), Кореялық келін(өзбекше) деген киноларда жылағанмын.
Иә Хатиконы мен де көргем. Ит туралы емес пе еді..
Белгісіз
Ия ит туралы. Ит егесін күтіп отырған кезде, егесінің əйелі келіп Хатиконы құшақтап жылаған кезде қосылып жылағанмын))
Иә аянышты. :(((((
Белгісіз
+1 дауыс
Мен тек Хатикоға ғана жылағанмын.
+2 дауыс
Кеше "Великий Гэтсби" деген киноны көріп едім... соңғы жағы аянышты болды....
жыладыңба жоқпа?
хехехе, маған соқтығып кетпесең болмайды ия?))) жыладым))
+1 дауыс
Жылаған кезім болған жоқ бірақ біртүрлі болып кетмін
+1 дауыс
Негізі егер кино сондай аянышты болса, сезіміме ерік беремін.
+1 дауыс
Йә,жылаймын,особенно дорама көргенде
Особенно-әсіресе))
Мен де дорама көргенде көп жылаймын. Өткенде бір дораманың екі сериясын қатарынан көргем ғой.. Соның минутын тоқтамай жылаумен өткіздім. Солай жылап болған соң қатты ұйқым келді, орнымнан тұра алмай қалдым.  Іздеп көрсем, адам қатты жылағанда жиналған стресстің бәрі тарқап, денесі босаңсып, балбырап қалады екен. Бұл денсаулыққа аса пайдалы дейді)))
0 дауыс
Менде соңғы кезде керісінше болып жүр. Жылағым келгенде аянышты кино тауып алып көрем. Сосын бір жылап алам... Өз-өзімді алдау ғой))
0 дауыс
Өзгелер секілді мен де "Хатиконы" және түрік фильмі "Ты-мой домды" көргенде еріксіз, өзімді-өзім тоқтата алмай жылағанмын.
0 дауыс
Орыстар Иса мен Досан көтерілісіндегі Досанды ағаш үйде ұйықтап жатқанда сыртынан кілттеп өртеп жіберген, ол солай шығалмай өліп кеткен дегенді оқып отырып қиналғам
0 дауыс
Орыстар Иса мен Досан көтерілісіндегі Досанды ағаш үйде түнде ұйықтап жатқанда сыртынан кілттеп өртеп жіберген, ол солай шығалмай өліп кеткен дегенді оқып отырып қиналғам
...