0 дауыс
690 көрілді
Менің түсімде анам маған соңғы үлгідегі және армандаған смартфонды сыйлады.Мен оған қатты қуанып жылап жібердім .Бірақ түсімде ол смартфонды көп ұстамадым ну яғни түс көріп жатқанымды білдімғой сырттай ұстағым келді ішімнен бар ал деп тұрмын.Бірақ түсімде өзім ұстамаймын үйдегілер телефоның қайда десе ар жақта жатқан шығар деп жауап беріппін.Бұны қалай жоруға болады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Түсті жақсыға жору дұрыс болады деп ойлаймын. 1 түсті әртүрлі жориды ғой соның ішінен өзіңізге ұнамдысын таңдап, соған сенген дұрыс.

Түсті жорудан бұрын көз жасыңызға не себеп болғанын еске түсіріңіз. Егер өкіріп жылап, жасыңыздың тамшылап аққанын көрсеңіз, бұл жақын болашақта байлыққа кенелетіндігіңіз. Жас тамшылары ақшаны білдіреді. Неғұрлым көп жас төксеңіз, соғұрлым көп ақша табасыз. Ғашық бойжеткен сүйіктісі үшін көз жасын төксе, шынайы өмірде жігіті оған ілтипатын білдіріп, алақанында ұстайды деген сөз. Түсіңізде сүйіктіңіз сізді тастап кетіп, сол үшін жылап отырсаңыз, шын өмірде сізге үйленуге ұсыныс жасалады немесе қуанышты өзгеріс болатындығын білдіреді. 

Егер біреуді жоқтап, қайғырып жылап отырсаңыз, шынайы өмірде ұзақ ғұмыр сүретіндігіңіз. Егер Морфей патшалығында біреуді жұбатып отырып, қосыла жыласаңыз, мұндай түс көп ұзамай тағдырыңызды түбегейлі өзгертетін кездесу болатынын хабарлайды. Сонымен қатар бұл жаңа адамдармен танысып, бұрынғы достарыңызбен қарым-қатынасыңызды жандандыратыныңызды білдіреді. Ал қандай да бір жануарды немесе хал үстіндегі адамды аяп, көз жасыңызға ерік берсеңіз, онда өміріңізде оң өзгерістер болады деген сөз. Алайда қатты күлгеннен көз жасыңыз ағып жатса, бұл шынайы өмірде үлкен соққы алатындығыңыз жайлы ескертеді. Мұндай келеңсіздіктің себепкері жақын адамыңыз болуы мүмкін. 

 https://kaz.nur.kz/1779439-tsiizde-kirip-zylasayz-iizde-ne-bolady.html?utm_source=clipboard&utm_medium=article-fragment

...