+1 дауыс
529 көрілді
Сіздің өмірде қатты қорыққан кезініз,немесе сізді біреу қатты қорқыттыма ?

4 жауап

+4 дауыс
*Шынымды айтсам есімде жоқ, тек ата-анам алысқа кеткенде бір нәрсеге ұшырап қалмады ма екен деп солар келгенше жүрегімді шүберекке байлап жүремін..) Біреу қорқытқанда... түсінбедім, біреу ту сытымнан кеп "уаа!" деп қорқытқанды айтасыз ба?)))*
я, ойнап,отірік айтып коркытулары мумкінго...сондай жағдайлар болдыма...
*Бірде мынандай қызық болған, кімнің тойы екені есімде жоқ, бір тойға бардық, той қызықты өтіп жатты. Бір кезде мамам сыртқа шығып келейін деп кеткен, қарасам құрбыларым улап-шулап жүр "әй, не болды?" десем, "ана жақта мамаңа бір кісі тиісіп жатыр" дейді. Көзім алақандай болып жетіп барсам.... мамам өзіміздің бір кішкентай жиенімізді жетектеп келе жатыр, сөйтсем ол адасып қалып жылап жүрген ғой)))) Мәссаған, қорыққаным-ай*(giggle)
+3 дауыс
Бір рет Ютубтан видеолар тамашаламаймын ба, содан отырғам, бір видеоны қостым, Смотреть до конца деп тұр екен, ештеңе жоқ....көзім, бар назарым экранда....1:05 мин. өткен соң қайдан шықты ит білсін Айғайлай салмады ма түрі Бет-  БетТ Бүжәй, балалр тілімен айтқанда, жүрегімнің соғу жиілігі екі есе артып, көзім шарасынан шығып кете жаздады. Содан кейін қай бейнебаянды қарамайын, ең алдымен соғынан бастаймын көруді...ДікеХаха_)
0 дауыс
Бірде кино көріп отырғам, кинода бір адам құмның үстінде келе жатқан жыланды өлтірмек болады. Жыланды үркітіп алмайын деп аяғының сыбдырын білдірмей ақырын ғана келе жатыр. Әлгі адам жыланға бетпе-бет келіп жақындай бастайды. Мен киноның ішіне кіріп кеткенім соншалық, шулап отырған үйдегілердің де даусын естімейм. Бір кезде жылан "пыыыыыссссс" деп адамға атылғанда, мені шаққандай боп отырған жерімнен "МАМА" деп шалқамнан түсіп құладым. Мә, сонда жүрегімнің аузыма тығылғаны-ай! Содан кейін бір сағат күлгенім бар.
0 дауыс
Қырылыста револвермен атып тастай жаздады ))) Құдай сақтап аман қалдым.
...