0 дауыс
1.4k көрілді
Cерпін 2050 бағдарламасының мақсаты қандай. Cерпін 2050 бағдарламасының ережесі бар ма? Cерпін 2050 бағдарламасына қалай қатысуға болады?

1 жауап

0 дауыс

«Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті  болмақ.  Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне  арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»  әлеуметтік  жобасын ұсынған  болатын.  Бұл жоба  «Серпін-2050» деп аталады. 

 

Жоба  елдің түрлі аумақтарындағы жұмыс күшінің тең  бөлінісін қамтамасыз  етуді, еңбек күші мол өңірлерден  кадр тапшылығы сезілетін,  түрлі өндіріс  орындары  мол аймақтарға жас мамандарды тартуды  көздейді.  Бірақ, аталған мамандарды  жұмыс күші тапшы өңірлерде даярлау,  сол  жерлерге  әлеуметтік тұрғыда бейімдеуге басымдық берілген. «Серпін-2050»  жобасы жастардың  тәлім-тәрибесіне,  өздерінің  қабілет-қарымдарын мейілінше  толық пайдалана білуіне,  көшбасшылық  қасиеттерін, отансүйгіштіктерін  арттыруға ерекше  көңіл  бөлінетіндігінмен  ерекшеленеді. Жобаға қатысушылардың әлеуеметтік мәселелері толық шешімін тауып,  сапалы  білім алуларына мүмкіндік  берілумен қатар, белсенді қоғамдық жұымстармен де айналысуларына жағдай жасау қарастырылған. «Серпін-2050»  жобасы жастарды бәсекеге қабілетті  болуға баулиды. Жастардың өзара  қарым-қатынастарын күшейтуді, шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсуді қарастырады. 

Жобаға туу көрсеткіші  жоғары өңірлердің  жастары қатса алады. Ал, қабылдаушы жақ ретінде 7 өңір таңдалған.  Жобаға 2015-2016  оқу жылында 18 ЖОО,  25 арнаулы  орта  білім беру мекемелері тартылған.  Кәсіптік-техникалық мамандықтармен қатар,  педагогикалық  мамандықтарға да басымдық берілді. ЖОО-лар базасында 69 мамандықта,   арнаулы орта оқу  орындарында 60 тан астам мамандықта жастарды оқыту қарастырылған. 

http://serpin-2050.kz толық ақпаратты осы жерден көре аласыз....

...