+7 дауыс
23.3k көрілді
Қалай ойлайсыз, сұлулық келбетте ме, әлде жүректе ме???

26 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сұлулықты әркім әр түрлі түсінеді ғой, бірақ ол туралы жалпы түсінік те бар.
Табиғаттың сұлулығына шексіз сүйсініп, таңғалып тамсанамыз, содан ерекше ләззат аламыз. Ал адамның сыртқы сымбат сұлулығы кімге де болсын ұнайды, қызығамыз, кейде іштей қызғанамыз. Алла жаратқан жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы – адам көрінеді. Әр адамның бет-бейнесі, кескін-келбеті, мінез-құлқы әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Барлық халықта сұлулық белгілері: сұңғақ бой, аршын төс, бөкен сан, қылдай қыпша бел, ашаң аппақ жүз, қыр мұрын, қиғаш қас, оймақауыз, күлім көз, қолаң шаш, т.б. болып келеді. Кейбір адамның бет-бейнесі айта қаларлық сұлу болмаса да, өзіне тартып тұрар бір қасиеті болады. Ол қасиет – адамның адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты ішкі жандүние сұлулығы. Өмірде сұлу адамдар өте көп, бірақ жаны сұлу адамдар көп деп айта алмайсың. Қазақ «Жылқы кісінескенше, адам түсініскенше» деген екен. Асқан сұлулардың сөйлесе келе таяз екенін байқасаң, сұлулығы көк тиын болып қалады. Жан сұлулығы, сөзсіз, сана-сезімнің басқаға қарағанда жоғарылығынан туындайды. Адамның өнер мен білімге, өмір сүруге құштарлығы, айналасындағы сұлулықтың бәрін жоғары бағалауына, сүюіне ықпал етеді. Сұлулықты көре білсең, оны бағалай да білесің. Көркем шығармаларда (байқайсыз ба, атының өзі көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелейді) табиғаттың көркін, адамдардың жақсы істерін, мінез-құлқын, келбетінің, жандүниесінің сұлулығын сипаттайды, үлгі етеді. Оқырман кейіпкерге ғашық болады, сондай болуға тырысады. Жазушы Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романын оқып, Ботагөз бен Амантайға ғашық болған оқырмандар балалары туғанда сол кейіпкерлердің атымен атағаны мәлім. Сұлулық көздің жауын алады, ғашық қылады, таңғалдырады, тамсандырады, табындырады. Жас баланы туғаннан айналасындағы әдемілікті көріп, сезіп, түсініп өсуге баулу, тәрбиелеу керек. Сол бала тәрбиесіне БАҚ құралдары көп әсер ететіні шын. Теледидардан көбіне жауыздықты, қанішерлерді, қатыгездікті, судай төгіліп жатқан адам қанын көрсетеді. Соны көріп өскен жастар ертең ел-жұртына жақсылық жасай ма? Қазіргі замандағы ең жексұрын, жүрек айнытар қылмыстар арақ ішіп, есірткі шегудің салдарынан болып жатыр, оны сол теледидардан көрген, білген адамдар жасауда. Бұрын теледидардан көрсететін әр шығарманың тәрбиелік мәнін сараптап, көрсетуге бола ма, болмай ма, оның пайдасы мен зияны туралы ойлаушы еді, ал қазір тек эфир толса, ақша түссе болды. Бір түрлі жүрекке жылы, жаныңа жақын жақсылық, сұлулық көргің келеді. Аңсайсың да тұрасың. Сұлулықты көре, сезе білген адам жамандыққа бармайды.
«Сұлулық әлемді апаттан сақтайды» демекші, сұлулықтың, әдеміліктің өмірде маңызы аса зор. Адамның жандүниесі де, сырт келбеті де сұлу болса, ол – жаратушы Алланың сыйлығы. Тек өзің жүрген ортада жаны сұлу, жүзі жарқын, әрқашан жақсылық туралы ойлап, жақсы жолмен жүретін адамдардың көп болғаны қандай тамаша десеңші! Өмір өлшеулі болғандықтан, көзіміз тіріде жарық дүниенің шексіз сұлулығына тоймай, сұқтана қарап, жақсы істерімізбен айналамызға шуақ шашуымыз керек. Көз соқырлығынан көңіл соқырлығы жаман. Көңілі соқыр сұлулық әлеміне сапар шеге алмайды. Ал көзі соқыр адамдардың ішінде қаншама дарынды музыканттар, суретшілер, мүсіншілер, жазушылар, ақындар бар. Олар болмайтынды болдырып, таңғаларлық тамаша өнер туындыларын дүниеге әкелген. Өмірдің көмескі жақтары да бар болғанмен, жүрегінің жылуы, көңілінің сәулесі бар адам әр уақыт өмірдің жарық жағын қалайды. Өзін де, өзгені де шуаққа бөлеп, күнше жылытады. Міне, сұлулық деген сол.
Өте дұрыс айтасыз) Керемет жауап! Сізбен толықтай келісемін. Жауабыңызға көп-көп рахмет, Мирас!
+9 дауыс
Көбісі жүректе дейді менде келісем бірақ келбетте де сұлулық барғо)) менім ойым сұлулық жүректе де, келбетте де бар)) Әрбір адам бұл өмірде әр түрлі біреулер келбеттегі сұлулыққа қарайды, ал біреулер жүректегі сұлулыққа, ал кейбір адамдар екеуінеде қарайды)))
+7 дауыс
бұл жерде тура мағынада емес ауыспалы мағынада тұр меніңше, сондықтан менің жауабым жүректе
+9 дауыс
Ең бірінші жүректе сұлулық, келбеттегі сұлулық уақытша ол уақыт өте жоғалуы мүмкін,ал жүректегі сұлулық маңгілік өзгермейді...
+11 дауыс
*"Сұлулық бетте емес жүректе" дегенді естіген бір бойжеткен жүрегін жұлып алып бетіне жабыстырып алапты...))) вахахах.... әзіл. Сұлулық жүректе, яғни жүрегі жұмсақ, мінезі жібектей, ауызын ашса жүрегі көрініп тұрған жандарды айтады. Десек те, қазір жан сұлулығына емес тән сұлулығына көңіл бөлетіндер көп. Оларға "ойбай, не дейсің, пәленшенің әйелі (күйеуі) әдемі і і і і екен" деген абырой керек....)))))*
+7 дауыс
Қысқа да нұсқа жауап: Адамның жан дүниесін түсіне  білгендер үшін-Жүректе,,түсіне  білмейтіндер үшін-Келбетте....
ПЫСЫ: мен де жүректе деп ойлаймын.....
+7 дауыс
Жүректе деп ойлаймын, қазір бірақ керісінше ойлайтындар көп-ақ.
+6 дауыс
Менің ойымша ең әдемі адам-өзінің кемшіліктерін жақсы білетін адам.  Жаны сұлу адамның тәні сұлу болмауға қақысы жоқ сияқты.
+9 дауыс
Сұлулық жүректе екенін бәрі біледі,
Журегі сұлу адамның жүзінен нұр шашып тұрадығой.Сондықтан ең алдымен жүректе
Ай қайдан,,,,,,қазір кім журекке қарайды дейсін)))))))))))))))))
Ия Адай баласы, қазір кім жүрекке қарайды!!! Әдемі сөзді айтады, айтады, бірақ шындығына келгенде әдемілік басты ролде ойнайды!!!
+6 дауыс
Түрі онша еместер үшін сұлулық жүректе, ал әдемілер үшін келбетте!!!!!!!!!!!
+6 дауыс
Шындығына келгенде:
Сұлулық бетте емес жүректе.
+6 дауыс
Келбет сұлу болса жүректе сұлу болады.Сен не жүрегі таза деп қайдағы бір уроод қызды алып алмайсың ғо.Шамалы келбетіне де қарамайсың ба?!
Мөлдірдің келбеті мен ақылы сай секілді. Юзер осы қызды шамасы саған алып берем-ау деймін...)))))))))
+5 дауыс
журекте 70%   Келбетте 30% жетіп жатыр!
келісемін)
+5 дауыс
жүректе дейміз бірақ келбетке де қарау керек )))
+3 дауыс
Сұлулық келбетте оны бәрі біледі.!Сұлулық бетте емес жүректе дегенді ұсқынсыздар шығарған шығар.!Артық айтсам кешіріңдер.!
Түрі әдемі болып, мінезі немесе жан дүниесі жаман болса ше?
1 спам
...