+1 дауыс
3.2k көрілді
Шын сұлулық неде деп ойлайсыз?

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
"Адамда бәрі де әдемі болуы керек: киімі де, түр-келбеті де, ойлары да". А.П.Чехов
Мақалыңа мақалым:
"Краткость - сестра таланта"
Рахмет, жауабыңызға.
+2 дауыс
Шын сұлулық өмірлік таңдауға келгенде жүректе. Мысалы өмірлік жар іздегенде тəні сұлу емес жаны сұлуды іздейміз. Ал қызық іздеген адамдарға тəні сұлу адамдар қажет.
+2 дауыс
Шын сұлулық жаны да тәні де сұлу адамда)
+3 дауыс

Маған орыс əдебиетінен осы өлең өте ұнайды.Шын сұлулықтың қайда екенін баяндайды.

Сосуд она в котором пустота ,

Или огонь ,мерцающий в сосуде?

түсіне алмадым аударып жібер?
Ұсқынсыз қыз жайлы.Сырт келбеті келіспесе де оның əрбір қимылынан  нұр, шуақ, адал пейілі, ақ ниеті жарқырап тұр.Өзгенің қуанышына өзінікіндей мəз болады, көре алмаушылық , тағы басқа жаман ойлары жоқ.Сондықтан да оны адамдар жақсы көреді. Соңынан сұрақ қойылған.Əлгі қыз  іші бос қуыс құты ма,əлде сол құтыдағы жарқыраған шамшырақ па? Негізі өлеңнің өз сөздерінен көбірек əсер алынады.Менікі жай аударған ғой.Мағынасы: сұлулық жүректе .
+3 дауыс
Шын сұлулық бетте емес, жүректе деп жатадығой. Қанша сұлу болса да, жүрегінде мейірім,адамгершілік, басқа қасиет жоқ болса ол сұлу емес. Себебі осы өмірдің бар мәні сол жақсы қасиеттерде тұнған. Мен үшін шын сұлу өмірді түсіне, бәрін сыйлай білетін өмірді шын сүйе білетін адам.
+2 дауыс
Көпшілік айтады шын сұлулық келбетте емес жүректе дейді, дегенмен кейбіреуі келбетке қарап ішке үңілгісі келмейді.Менің ойымша, шынайы сұлулық сыртқы келбет пен ішкі жан дүние сұлулығының үйлесуінде.Шын сұлулық адал махаббатта, шын сұлулық адам өзін өзі сүйіп өмірге құштар болғанда.Шын сұлулық адамның мәдениеттілігінде!
+1 дауыс
Жаны да, тәні де сұлу адамды.
–1 дауыс
Шын сұлулық мен үшін имандылықта.
...