Линда апай маған: "Ештеңеден үміт күтпеген жақсы. Сонда ешқашан көңілің қалмайды" - деді. Бірақ көңілің қалғаннан гөрі ештеңеден үміттене алмаған тіпті де жаман нәрсе емес пе?
(Люси Мод Монтгомери. "Жасыл шатырдағы Энн")
Үміт адамға азапқа толы өмірді тастап кетпеуі үшін берілген.
(Ницше)
Адамды қартайтатын - әжім емес, арманы мен үмітінің жоқтығы.
(Хорхе Анхель Ливрага)
Бір адамға үміттенуді үйрете алсам, өмірім босқа кетпеді деп айта алам.
(Мартин Лютер Кинг)
Үміт - дәмді таңғы ас бола алады, бірақ кешкі ас болуға жарамайды.
(Френсис Бэкон)