0 дауыс
3.3k көрілді
Құрметті мектеп бітірушілер.Сіздерге қызықты сұрағым бар.Ұбтыдан неше баллды күтіп едіңіздер деп сұрайын деп едім.Неше жинағыларныз келді?.Және сол ойлағаныныздай жинадыныздар ма,пробныйда неше жинап жүріп, ұбтда неше жинадыныздар?

4 жауап

+1 дауыс
мен пробныйларда төмен алып жүрдім .70 тен аспайтын  мұғалімдер ренжитін мене төмен оқығандар менен жоғары алатын содан не керек соңғы 2 аптасында қатты дайындалдым содан 82 алдым да бәрін оздым артынан өсек шықты ақшамен алды деген . Мен 82 алатынымды ішім сезген
қанағат етемін бірақ ҰБТ да шпормен отырғандарды көргенде жылағым келді өкіндім  кезекшілер өтірік көрмей жүреді . 90 %  Балалар шпормен  шығады екен  Бізге директор ұрсып  алдырып тастаған бірақ алып кіргенде де қолдана алмас едім
+1 дауыс
Мен 2014-жылдың түлегімін, сонда да жауап бергім келіп тұр.

ҰБТ-дан 125 алу әрбір түлектің арманы екені рас, тіпті 125 ала алмайтынын білсе де армандайды) Мен де 125 армандадым, иә жай ғана армандадым және ол арманым арман болып қалды..

 Пробныйларда шыны керек 75-80 баллдан аспағанмын, асу үшін өз бетімше үйде ғана әрекет жасадым, себебі, кітаптар мен қосымша сабақтарға ақша құртқым келмеді (жоқ ақшаның несін құртамын)),  мектепте тегін қосымша сабақтар болатын, бірақ тегіннің аты тегін ғой, бір-екі рет тегін қосымшаға барған соң нәтиже шықпасын білдім, содан үйде интернетте сайттарды және тапқан ескі кітаптарымды ақтарып дайындалдым..

Ал шынайы ҰБТ-да таза баллым (орыс тілінсіз) 60-тан асатын шығар деп үміттендім..

ҰБТ-ға дейін гойморитпен ауырдым, ҰБТ кезінде де ауырып қиындықпен тапсырған болатынмын, тәннің ауырғаны ештеңе емес дәл сол күндері жанның ауырғаны қиын болды (жеке басымдағы оқиғалар ғой)..

ҰБТ-ны да қаншама қиындықтармен әйтеуір тапсырдым, нәтижесі нашар екенін сезіп отырған шығарсыздар, жалпы ұпай 65, тазасы 53, матемнен бағам 2 (пробныйларда ешқашан 2 алған емеспін)..

ҰБТ күні 01.06.2014 нәтижесі шықпай тұрып, үйге келіп ешкімге көрсетпей жылап алғанмын жігіт болсамда)) не үшін жылағанымның нақты себебін білмеймін, бірақ оңайлықпен жылай қоймайтын адам едім, бір қызығы  жылағанымды ешкім ешқашан көрген емес (сәби кездегі жылағандарды есептемегенде).. Қанша қатал болсам да көңіл босайтын кездер болып тұрады...

ҰБТ-ның нәтижесі шыққанда қатты қайғырмадым, басқалар жылап, аңырап жатыр, ал мен белгісіз бір күйде болдым.. Сосын үйге келіп бір күн бөлмеме тығылып алдым, 2-3 күн жындының күйін кешіп көшеге шықпадым, одан кейін күйбең тіршілік қайта басталды..

Бір түсінгенім, 125 жинасақ та, 25 жинасақ та жақын адамдарымызсыз ешкім емес екенбіз..

Қазір колледжде архитектор мамандығында оқып жатырмын, нақтырақ құжаттарым оқып жатыр)) Бұйыртса, осы жылы КТ тапсырамын, жақсы жинасам универге түсемін, жаман жинасам да жоғалтатын ештеңем жоқ, әскерге кете саламын))

Менің сандырақтаған оқиғамды оқығандарға рахмет. Аз балл жинағандар, мұңаймаңдар, ҰБТ өмірдің соңы емес, керісінше БАСЫ.. Ал жақсы балл жинағандар, құттықтаймын, еңбектеріңнің жемісін көріңдер. Тағы да рахмет..
Сандырақтаған оқыйғаңыз жақсы шығыпты. Көп адамға сабақ болатын шындық.
Белгісіз
Рахмет. Барлығын түкпір-түкпіріне дейін толығырақ жазайын десем ұзақ боп кетеді екен)
0 дауыс
125 ті бəрінің армандайтыны рас, бірақ оған қол жеткізу мен үшін мүмкін емес болды. Мен 11дің квадратын алғым келді)) Əрине пробныйларда одан асып та жүрдім. Оны алатын да едім,бірақ сынақ уақытында өз өзіме ие бола алмай қалдым. 3,5 сағатым уайыммен,қорқынышпен өтті. Сол баяғы сұрақтар екен. Тек мұқият ойланып соңына шейін оқу керек еді. Шүкір алған нəтижем аз емес қанағат деймін.
Бір қызығы 10 сыныпта алғаш пробный тапсырғанда 59 балл алғам,ал 11 сыныпта алғашқы пробныйдың балы 95 болды) Болашақ түлектерге айтарым ешқашан өздеріңді алдамаңдар көшіріп мейлі 1 балл алып қалсаңдар да. Ол бізге берілген мүмкіндік қой)
Белгісіз
йа менде 60 баллмен бастаганмын,
0 дауыс
Пробныйда 80 нен бастадым да 109 ға көтердім. Арасында 113/117 де алған кездер болды.Жалқаулықпен оқымай жүрдім. Сонда да жыл бойы ешкімге басып оздырмадым, алды болдым. Бір балл төмен алып, екінші орында тұру пробный болсада мен үшін ар-намыс болатын. Ұбт да да Құдайға шүкір алды болдым.Соңғы тестте 110 күткем. Аллаһтың арқасында, мыңда бір шүкір 107 алдым.
...