+1 дауыс
109k көрілді
соңғы қоңырауда оқитын, "арманыңда жаныңда жалын ән бар, жас талапкер сөзіме көңіл аудар. Бурынғыдай кутпейді мектеп сені, бурынғыдай соғылмас қоңыраулар" деп басталатын әлгі бір өлең бар еді ғой, сол сияқты көңіл толқытатын, көпшілікті жылататындай әсерлі өлең қажет еді??? плииз,, бар болса жазыңыздаршы? инеттен таппай жатырмын іздесем)))
жыламадым наоборот  кулдим)))
поидее мынадай керек::
Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрығыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді
Өмір - ұстаз, ақылды, ақ шашы өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Былтырғыдан басқаша биыл, демек,
Білімің мен ақылың, күйің бөлек.
Енді басқа жиын-той, киім керек,
Енді саған шынайы сүю керек.

Сұрақ басқа, оп-оңай шешілмейді,
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
Мектептегі мұғалім кешіргенмен,
Өмір қатал, ол күнде кешірмейді.

Даусыз, ол күн есіңде сақталар,
Жазылмаған өмірдің ақ парағы.
Жаңа дастан күтеді жазуыңды,
Күтпейді тек сыныптың тақталары.
Енді сені күтеді барлық жолдар
Күтпейді тек мектептің парталары.

Кездеседі, дауыл да, дабыл да көп
Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.
Үлкен ойдан үлкен іс шығар, ойлан,
Болашақтың тағдыры қолымда деп,

Уақыт та емтихан алар
Ол сын қорқыта алмас,
Көңілге сенім қонсын.
Жас талапкер,билет ал, тәуекел деп -
Емтиханда, өмірде жолың болсын!

3 жауап

0 дауыс
Жүректерді от боп шарпып жанады,
Қуаныш пен қимастықтың алауы.
Шәкірт үшін әр уақытта сақталар,
Жетекшінің езу тартқан жанары.

Сыныбымыз бірлікпенен ұйысқан,
Теріскейден жақсыға бет бұрысқан.
Жамал апай, өзіңіздің арқаңыз,
Көрсете білген әр уақытта нық ұстам.

Аманбибі апай, ардақтысыз бәрімізге,
Сіздей жанның орны бөлек біз үшін де.
Әрқашан боп тұрдыңыз шамшырақтай,
Жетекшілік жасаған осы жыл ішінде.

Жанарларды түйістірер сан арман,
Барлық үміт армандардан жаралған.
Санаға құйған білім менен тәрбие,
Сан қайталап кездеседі әлі алдан.

Сан тамырды мың иілтіп жаралған,
Туған тілім бойымызға таралған.
Сол құндылық тамшыдайын кезінен,
Замира апай, Асем апайдан нәр алған.

Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы,
Біздің мектеп — мейірімнің тұрағы.
Ботагөз бен Альбинадай апайлар,
Ұлтымыздың жанып тұрған шырағы.

Тазалық та, тәрбие де, тәртіп те,
Үшеуі де сақталады мектепте.
Біреуін егер сақтамасаң бір минут,
Қара тізімге ілігесің әп-сәтте.
Раушан менен Әйгерім апай алдында,
Тәрбиесіз, ерсі қылық көрсетпе.

Бірі әнші қалықтаған дауысты,
Бірі маман бағындырған табысты.
Гүлмира атты екі апайдың кезінде,
Кез келген іс өз орнын тауыпты.

Тарихымның үйретіп сан қырларын,
Жаттаумен оны атты талай таңдарым.
Гүлфайруз апай, Нағашбай ағай бар болса,
Еңсереміз жартастың биік сындарын.

Алгебраның көп қой бізге берері,
Математика деген өмір тілегі.
Жансая, Айжамал, Балтөре сынды ұстаздан,
Тәлім алды мектебімнің өрені.

Ғаламшардың сан мыңдаған қатпары,
Қандай ғажап бүгінгі күннің атқаны.
Феруза апай мен Тынығай апай үйреткен,
Біз боламыз еліміздің мақтаны.

Әр баланың мінезі де көп делік,
«Өзін-өзі тану» жүрер тер төгіп.
Психолог Тілекші апаймен сөйлессең,
Қала алмайсың ішіңде бір сыр бүгіп.

____ ағай, ер жігіттің нарысыз,
Қандай жақсы өзіңіздің барыңыз.
Отан қорғау қызметіне дайындар,
Ер жігіттің жанына жалау бағысыз.

Сейілтіп дене құрысы мен тұрысын,
Дене пәні үйретеді дұрысын.
Мира ағай мен Айнұр апай жетелеп,
Жеткізе берер ұрпақтың адал жеңісін.

Жол ашып алға, қиялымды ұштаған,
______ апай, сеніміңіз күш маған.
Жұлдыздай жарық үлгі тұтқан өмірде,
Ұстазымсыз шыңына таудың бастаған.

Алда талай бағындырам белесті,
Қайрат ьтасып, айдарымнан жел есті.
Маған берген жауһар, асыл ойыңыз,
Ешқашан да тартпақ емес көмескі.

Артта қалсын мейлі өткен жыл ескі,
Сол күндерім қатілікті түгесті.
Маған артқан жалғыз сенім бар болса,
Бағындырам әлі талай белесті.

Жүрегімнің жанып бүгін шырағы,
Орнғандай сенімнің шын тұрағы.
Дәл бүгінгі қуаныштың, жеңістің,
_____апай, сіз болдыңыз жыр әні.

Көңлім тасып, қуандым мен бүгінде,
Бәйге алдым шалқып-тасқан күнімде.
Осы жеңіс сіздің ғана арқаңыз,
Жадыраңыз отбасы мен өмірде.
0 дауыс
Құрметті 20__ түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.

Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

Жүректерге нұр құяды асқақ үміт,
Болашақ күтер сендерді жүзі күліп
Мақсат көздеп ұмтылған сара жолың,
Жарқын таңға жеткізер бір тұңғиық.

Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,
Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.
Сіздер салған білімнің көпірімен,
Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.

Бүгіннен басталады жаңа белес,
Қайғы менен қуаныш та тұр ғой дөңес.
Бітіргелі отырған әрбір түлек,
Ешбір асыл тұяғынан төмен емес.

Түлегім, қане, шабыттаншы, мұңайма,
Қабілетіңді көрсет мынау маңайға.
Сен биіксің, бағындырар белесті,
Жігерлі бол, үлгісің сен талайға.
0 дауыс

Мектепті, балам, бітірдің,  
Самғатты қиял ғарышқа.  
Қанаты арман құсының  
Апарсын сені алысқа.  

Кешегі шәкірт бала едің,  
Қарайсың бүгін жігіт боп.  
Шарлаған арман әлемін,  
Шыңдарға шыңнан биіктеп.  

Отаның сипап маңдайдан,  
Аямас сенен жақсысын.  
Ізде, тап, қиыр-шалғайдан  
Еліңе қажет бақ құсын.  

Асқарға қолың соз балам,  
Бәйгеге түс те, бақ сына.  
Намысқа тиер озбаған,  
Қол соғар жұртың жақсыға.  

Ғылым қу, елге ет еңбек,  
Маман бол қажет білікті  
Өресі биік екен деп,  
Мақтайды жампоз жігітті.  

Білімді басқа жастадың,  
Ғылымды іздеп үңіліп.  
Өмірге сапар бастадың,  
Алдыңда күліп тұр үміт.  

Өмірден енді дәріс ал,  
Білім мен ойды қоса ұштап,  
Самғауға, балам, барын сал,  
Қанатың болсын аттестат.  

Түсініп жөн мен жобаны,  
Ер жеткен жансың жетелі.  
Шыңдарда ғана болады,  
Қыранның салған мекені. 

*

Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз!  

  

Болса да өзге жүрек,  
Адамға адам – тірек.  
Сыныптастар мынау,  
Сіздерге айтар тілек:  

Дана сүйер ел бол,  
Ар ойлаған бай бол.  
Ең бастысы, АДАМ  
Атымызға сай бол!  

  

  

Ұстаздың алғыс тілегі.  

Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі –  
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бүл күні!  
Бірің – хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама,  
Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы!  

Ата-дәстүр бойынша сатпайды ұлан сүйегін,  
Күй төгесің шанақтан – жақсы болды тиегің!  
Құтты болсын тойларың шәкірттерім, көгершін,  
Барлығыңды кеудеме басып, қысып сүйемін.  

Сендерсіңдер тірліктің желкілдеген құрағы,  
Ұстаздарың арманын өздеріңе ұлады!  
Тойға ұлассын тойларың – ту қадаңдар биікке,  
Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.  

Оралыңдар отыздың ортасына толғанда,  
Шүкіршілік етеміз жетсеңдер шың – арманға.  
Ел – жұртың бар тілектес, жығылма өмір егесте,  
Ал соңдарың айналсын қарақұрым орманға! 

Алтын ұя мектептің тұлпарлары ,дүлдүлі  
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бұл күні!  
Бірің-хакім,ал бірің болыңыздар ғұлама  
Мың дауыспен сайраған о,өмірдің бұлбұлы.  

Кластағы көмекшім,қолқанатым  
Қай істе де қорықпай қолға алатын.  
Класымның үздігі,белсендісі  
Шәкірттерім айтқалы тұр арман әнін.  

Класымда көп менін дарындылар  
Спорт қуған,өнер сүйген жолын бұлар.  
Ауданда да,облыста да үздік шыққан  
Жігіттерім шетінен чемпиондар.  

Шеттерінен өнерлі қыздарым бар,  
Би де билеп,шырқатып ән де салар.  
Класыммен әрқашан мақтанамын,  
Шәкірттерім өмірлік есте қалар.  

Жолың болсын, ардақты түлектерім,  
Дүрсілдеп соғып та тұр кіп - кішкентай жүректерің  
Тәлімді тәрбиемен біліп жиып  
Жол жүргелі тұрсыңдар, шәкірттерім.  

Ұмытпаңыз, алтын ұя мектебіңді ,  
Ұстазыңды,балалық шақ көктеміңді.  
Орындап мақсат-міндет,арманыңды  
Жасай бер,туған елге еңбегіңді. 

...