+5 дауыс
7.8k көрілді
Менің есімім Максат! ! Енди кояйын деген сурагым!  мен ауру емеспин бе? деген коркынышты сезимдер мазалайды? осыдан 10 ай бұрын жакындарымыздын бири кайтыс болганын оз көзіммен көргенмин! содан катты корыктым! Осыдан кейн осы уакытка дейн аурып кала бастадым! Врачка бардым олар ұлдардың өтпелі кезеңге байланысты деді! психологтар психологиян әлсіз деді!  қазақы емге барғанда қатты қорыққансың жүрегің ауырады деді сосын көз тиген деді! 3-4 айдың көлемінде мені мазалаган ол мен аурумын ба? дейтин сурактар? СПИД,Рак сиякты аурулармен ауырмаймын ба? деген сурактар мазалайды? Осы аурулар жайлы сабакта да естисем катты коркамын! менин омириме булар зиян келтируде! 11 ай бурын! Стройка болып жатканда  жерде жаткан инени басып,аягыма кишкене гана кирип кетти! осыдан кейн маган вич жукты ма деген сиякты ойлар мазалайды! булардан калая кутылуга болады! комектесинздерши!
2006-жылы бастауышта оқып жүргенімде аяғыма ине кіріп жартысы аяғымда қалып кеткен, операция жасап алған ол инені.. Қысқасы, сен көп уайымдай берме, мен де сап-сау жүрмін ғой қазір, жаман нәрселерді ойламай сабағыңды оқы.
Мақсат Қорқпаңыз сізде ешқандай ауру жоқ.бұндай қорқыныш барлық адамда бар ,әсіресе ынжықтарда кездесетін қорқыныш.СақТансаң сақтармын дегендей сіз сияқты сақ блып жүру керек.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сіздің бұл қорқынышыңыз - патофобия деп аталатын фобияның түрі. Бұл адамның жалпы кез келген ауруға шалдығудан қауіптенуі. Ал нақты бір аурудан қорқу - монопатофобия, қатерлі ісіктен қорқу - канцерофобия деп аталады екен. Сізді ауыр науқас дегенім емес, мұндай фобиясы бар адамдар сіз ғана емес дегенді айтқым келеді. Кейбір патофобтар тіпті ауру жұқтырам ба деп қоғамдық көліктен, адамдар тобынан, басқаларға жақын барудан қорқады екен. Тағам талғап, өте кірпияз боп кетеді екен. Мұны психолог-мамандар фобиясы бар адамға арнайы релаксация жасап, санасын ауруға байланысты негативті ойлардан тазарту арқылы терапиялық жолдармен емдейді екен. Ал сіз жай ғана уайымдап жүрсіз ғой,  сондықтан AIDS орталығына барып тексеруден өтіп көрсеңіз қалай болар екен? Шетелге шығатын адамдардың көп сандысы анықтама алу үшін бұл тексерістен өтеді. Онда тұрған ештеңе жоқ, нәтижесі де көп күттірмейді. (Қай қалады тұратыныңызды білмедім, өзіңіз тұратын елді мекенде аталмыш орталықтар бар болуы керек.) Мүмкін ауру емес екеніңізге нақты көзіңіз жеткенде уайымнан арыларсыз дегенім ғой. Психологтар кез келген фобияға шалдыққан адамға өзі қорқатын нәрсеге жақынырақ баруды ұсынады екен.

+3 дауыс
Адам не ойласа сол болады да.Жақсы ойласа жақсы нəрселер болады,жаман ойласа жаман нəрселер болады.Мен аурумын ба деп ойлаудың өзі зиян.Шынымен де,айтқаның кеп тұр.Біріншіден өтпелі кезеңдесің,екіншіден осылай "мен аурумын ба?"деп ойлауың психология əлсіздігін көрсетіп тұр.Қарадан қарап ине бастым деп жаман ойларға салынып кетуге болмайды.Сол 11 ай бұрынғы иненің əңгімесін ұмыт та,мен саумын,жай ине басылды болды деп жүре бер.Осылай адам əр нəрсені ойлай берсе,ауру емес адам да ауру болатын сияқты.It's only my opinion.

 Меніңше саған психологиялық көмек керек!!!
–3 дауыс
Менде сен сияқты аурумын,келіншегімді сүйемба,өзімді сүйем ба?өзім білмейміН. Скоро гей болып кетем деп қорқып жүрмін. СЕбебі артқы кезде жігіттерге қарап жүрмін .Ынжықтығымнан сүйген қызыма сезімімді айта алмай қорқып жүрмін. Басыма қиын жағдай түссе өз ақылыммен шешеалмай басқалардан көргім келіп тұрады. Псиxолог ынжық деген диагноз койып берд.Сіздікі ауру емес,бәрін солай өтірік жасау міндетіңіз болар.
Психологиялық ауытқушылық бар ғой сенде
Солайма?өзібіледі екен ғо.   Хxxxxxаааээxаааа
+2 дауыс
Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын. Физикалық жұмыстарды өліп жасап, тірлігін жасап жүрген адамдардың ортасында қайнасып жүрсеңдер, осылай сұрақ қойып мыжғылап отырғандарды көрер ем.
0 дауыс
Кез келген нәрсені жаман жағынан ойлай берме. Қорыққанға қос көрінеді дейді. Қорқынышыңды жақсы, батыл ойларыңмен сұға берсең қорқынышың бұға береді.
Причем тут рак, Спид егер сен мүлде оларға қатысың болмаса? Негізсіз ойлар олар.
...