+2 дауыс
526 көрілді
Мамандық: Аудармашы. Алматы немесе Астанадағы оқу орындарынан болса

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сүлеймен Демирел атындағы Университет, СДУ (ағылш. Suleyman Demirel University, SDU, орыс. Университет имени Сулеймана Демиреля, түр. Süleyman Demirel Üniversitesi) — Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орны. Университетті 1996 жылы 17-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия мемлекетінің Президенті Сүлеймен Демирел ашты.

СДУ – оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орны болып табылады. Университеттің негізгі мақсаты – қол жетімді бағалармен бакалавриат, магистратура, докторантура және біліктілікті жетілдіру бағдарламалары саласында сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Университет бағдарламалары жеке тұлғалардың, қоғамдық топтар мен мекемелердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жауапты, сондай-ақ мемлекеттегі және әлемдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық ортаға бейімделген.

Университеттің мақсаты – білім және ғылым саласында жеке және кәсіби шеберліктерін жетілдіру және арттыруды қалаушылар үшін бағдарламаларды үздіксіз дамыту және кеңейту болып саналады. Әрине, бұл мүмкіндікті әрбір студент әлеуметтік-экономикалық статусына қарамастан пайдалана алады. Сонымен бірге, студенттердің нәсіліне, ұлтына, мәдени әдет-ғұрпына қарамастан, олардың интеллектуалды потенциалы мен адамгершілігі біз үшін ең алғашқы орында.

Университет 2010-2011 оқу жылынан бастап өз жұмысын заманауи оқу-зерттеу құралдарымен жабдықталған «Smart Campus» қалашығында бастады. Бұл оқу кешені 7000-ға жуық студентті заманауи оқу орны және жатақханамен қамтамасыз ету үшін бой көтерген. Кампустағы 4 факультеттің дәрістері негізінен ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізіледі. 17 гектар аумақта жайласқан жаңа оқу ғимараты өзінің 16 анфер лекция залы, 120 аудиториясы, 3 зерттеу орталығы, 8 компьютер бөлмесі, 2 интернет кафесі, 1 стадион, конференц-зал, медициналық пункт, заманауи оқу құралдары мен аса бай электронды ресурстармен жабдықталған 3 кітапханасымен білім алушыларға өте қолайлы жағдай туғызуда.

Оған қоса, кампуста 2 асхана және 3 кантин бар. Ол жерлерде студенттер тамақтанумен шектеліп қана қоймай, бос уақыттарында бас қосып, студенттік өмірлеріндегі маңызды мәселелерін талқылауға, демалуға мүмкіндіктері мол. Қазіргі таңда кампустың жекелеген бөліктері салынып, жетілдіру үстінде.
Қателеспесем осы жер болу керек)
+1 дауыс
Оны нақты айту қиын. Əр жылы əр түрлі болады. Сіз конкурс бітеді деген соңғы күні документ тапсырайын деп жатқан жеріңізге барып қандай мамандыққа түсуім мүмкін деп ата анаңызбен барып сұрастырсаңыз айтып береді. Тек жағдайын жасауыңыз керек ;) Сол жағдайда ғана біле аласыз.
+1 дауыс
йә, ағылшыннан қазақшаға ғой
...