0 дауыс
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің белгіленген мерзімі бар ма?
02.06.2015 753 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Сақтандыру төлемдерін жүргізудің жалпы ережелері «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабымен белгіленген.
Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерін (қажет болғанда), сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, алу тәртібін көрсетіп, жазбаша нысанда қояды.
02.06.2015

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы