0 дауыс
349 көрілді
Сақтандырушы көлік құралдары иелеріне азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша қандай мерзім ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы тиіс?

1 жауап

0 дауыс

Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы шарттары «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабымен анықталған. Сақтандыру ұйымына сақтандыру төлемі туралы талап жазбаша түрде пайда табушы болып табылатын сақтандырылушы немесе басқа тұлғамен тұратын жері, байланыс телефондары, банктік реквизиттерін көрсету арқылы (қажет жағдайда), сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса отырып банктік есеп шотқа аудару арқылы немесе қолма-қол ақшамен сақтандыру төлемін алу арқылы ұсынылады. Сақтандырушы ұйымның сақтандырылушыдан басқа да қосымша құжаттар сұратуға құқы жоқ. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттар тізімі мен олардың қабылданған күні көрсетілген екі дана анықтаманы жасап беруге міндетті. Анықтаманың бір данасы өтініш иесіне, екіншісі өтініш берушінің белгісімен сақтандырушыда қалады. Заңның 26-бабы 1-тармағына сәйкес сақтандыру төлемі Заңның 25 бабында қарастырылғандай, құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандырушымен жүзеге асырылуы тиіс.

...