Көлік құралдары сақтандыру төлемдерінің белгіленген мерзімі бар ма?

0 дауыс
654 қаралым
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің белгіленген мерзімі бар ма?
• Санаты: Автосақтандыру

1 жауап

0 дауыс
Сақтандыру төлемдерін жүргізудің жалпы ережелері «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабымен белгіленген.
Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерін (қажет болғанда), сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, алу тәртібін көрсетіп, жазбаша нысанда қояды.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,300 жауап
153,149 пікір
72,750 қолданушы