0 дауыс
616 көрілді
Жол-көлік оқиғасы кезінде қатысушылармен сызбасын өзіміз жасап, МАИ-де тіркесек деп едік. Оның тәртібі қандай және қандай жағдайда осыны орындау мүмкін? Мысалы, нұқсан келтіру сомасы 100000 тг көп болса.

1 жауап

0 дауыс
Қазақстан Республикасы Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Заңының 22-1-бабына сәйкес Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.
Көлік оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгі нысандары уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ышкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9-бабына сәйкес 2010 жылғы 01 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш көлемі 1 413 (бір мың төрт жүз он үш) теңге болып белгіленді.
Ал 2011 жылға Қазақстан Республикасы «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8-бабына сәйкес 2011 жылғы 01 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш көлемі 1 512 (бір мың бес жүз он екі) теңге болып белгіленді.
Осылайша, егер жол-көлік оқиғасына қатысушылардың әр қайсысының зақымдары 2010 жылы 70 650 теңгеден, ал 2011 жылы 75 600 теңгеден аспаса, онда олар сызбаны өз бетінше жасап, оны ІІД ЖПБ ресімдеуге құқылы.
...