+1 дауыс
1.7k көрілді
Соңғы кездері жол көлік оқиғасы тым көбейіп кетті.Ана жерде сондай болды 4адам қаза тапты,мына жерде 5адам қаза тапты-деп жатады.Кешегі наурыз мейрамында 5күнде елімізде 44 адам жол апатынан көз жұмған.Жол көлік оқиғасын азайтамыз деп соңғы кездері Жолда Жүру Ережелеріне көп өзгертулер енгізді,бірақ керісінше көбейіп кетті.Неліктен деп ойлайсыз?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жол жүру ережесін жетілдіріп жатқан ештеңесін көрмедім,тек қана айыппұл көтеріп өз құлқындарын ойлап жатыр. Жол апаттарының басты себептері біріншіден жол сапасы, осыдан 40-50 жыл бұрынғы уақытқа лайықталып жасалған көшелер, қазіргі таңдағы көліктің санының күрт өскен кезіне жауап бере алмай жатыр. Сол уақыттағы аптасына бір-екі машина өтетін көшелерден қазір сағатына мыңның үстінде машиналар өтетіні рас қой. Екіншіден жүргізушілердің кәсіби сауатсыздығы мен қарапайым этика сақтамауы да үлкен себептердің бірі.

+2 дауыс
Наурыз мейрамында жол көлiк оқиғалары көп болатыны белгiлi ғо. Жол жүру ережесiне қатысты қатысты ештеңе айта алмаймын. Өзгерте бергенде жақсы емес, тұрақты болғаны жақсы.
Соны айтам,өзгерткенмен ештене жақсарып жатқан жоқ.
+1 дауыс
Қазіргі кезде әр үйде 4-5 көлік,кемінде 1 көлік есебінде кептеліс болады.Адамдар ертерек жетейін деп кептеліске қарамай жылдамдықты көбейтеді,ұялы телефонмен сөйлеседі,қарсы бағытқа шығып кетеді,ішіп,шегіп алып көлік айдайды,стресте болсада көлік айдайды және кейбір жерлеріміз ойқыш-қойқыш,бағдаршамға қарамайды,басқа көліктермен жарысады меніңше осы себептерден.
0 дауыс
Ешкім жол тәртібін сақтап жатқан жоқ ! Жолдардың сапалылығы нашар ! Европа елдеріндегі жолды қара біздікін қара !  Короч бәрін дұрыстау керек
0 дауыс
Жол ережесін сақтамаудың әсерінен жол көлік оқиғалары жиілеп кетті.
0 дауыс
Жолдарда көлік тізгінін ұстаған жауапсыз адамдар мен асыққан ақымақтардың көбейіп кеткенінен
...