+1 дауыс
1.3k көрілді
Теннис клубын ашқым келіп жүр ауданнан және ол ашатын жер қанша м кв. болу керек? жане канша стол койган дурыс жане сагаты канша болганы шарт? Сосын орналасатын жери маныздыма мыс: орталык, шет жак дегендей.

2 жауап

0 дауыс

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ КЛУБЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жобаның анкетасы:

Инвестициялық жобаның мақсаттары: жағымды нәрсені пайдалымен тоғыстыра отырып, салауатты өмір салтымен айналысуға мейлінше көп адамдарды тартуға негізделген, осындай нұсқалардың бірі үстел теннисі болып табылады.
Өнімділігі: теннис үстелдерінің 120 сағаттық жалға берілуі.
Өнім: теннис үстелдерін жалға беруді ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсету.
Жобаның құны: 1,06 млн. теңге.
Өтелімділік мерзімі: 1,4 жыл.

Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы теннис клубын құруды және жабдықталған теннис үстелдерін жалға беруді қарастырады. Клуб жалпы аумағы шамамен 100 шаршы метр жалға алынатын орынжайда орналасады. 

Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорын айналымдарын есепке ала отырып, клуб қызметін жеңілдетілген тәртіптегі жеке кәсіпкерлік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады. 

Өнімнің сипаттамасы

Үстел теннисі біздің елімізде көп жылдардан бері кеңінен таралып келеді. Бұл ережелері күрделі емес динамикалық ойын үлкен аумақ пен қымбат жабдықтарды қажет етпейді. 

Үстел теннисіне арналған үстелдер үш түрлі болады: 
1)    Кез келген ауа-райына арналған үстелдер ашық алаңқайға орналастыруға арналған, тасымалдауға ыңғайлы, ылғалға шыдамды. Алайда мұндай үстелдер спорттық жарыстарды ұйымдастыруға келмейді, өйткені олардың беткі жабындары жеткілікті дәрежеде секіру деңгейін қамтамасыз ете алмайды; 
2)    Әуесқойлық деңгейдегі үстелдер кез келген ауа-райына арналған үстелдерге қарағанда ылғалды көтере алмайтындықтан арзандау тұрады. Оларды ғимарат ішінде қолданады. Спорттық жарыстарға арналмаған;
3)    Кәсіби теннис үстелдері өзінің ауқымдылығымен және сенімділігімен ерекшеленеді. 
•    Барлық үстелдер жылжыту ыңғайлы болуы үшін дөңгелектермен жабдықталады. 

Жүзеге асыру орындары

Жобаны жүзеге асыру үшін теннис үстелдерін мектептерде, институттарда, үзіліс кезінде қызметкерлердің шаршауын басу мүмкіндігін беру үшін түрлі ұйымдардың холлдарында орналастырған аса тиімді болады. Үстел теннисінің ракеткасын жаңа бастағандар да, тәжірибелі ойыншылар да қуана-қуана қолдарына алады. 

Маркетинг жоспары және нарық сараптамасы

Үстел теннисі әуесқойлар арасына да, аталған спорт түрімен шын айналысатын кәсіби ойыншылар арасында да кең танымал ойын болып табылады. Күнімізде мемлекетімізде елдегі спорт түрлерінің дамуын және оның таралуын қолдайтын бірқатар бағдарламалар мен тәсілдер бар. Қазақстан халқы жыл өткен сайын спорттық өмір салтына ықылас білдіруде және спорттың алуан түрлерімен айналысу, оның ішінде үстел теннисімен айналысу сәнге айналып келеді.

Үстел теннисін барлығы дерлік ойнай алады, ол жастар арасында кеңінен таралған. Аталған қызмет түрінің нарығы, мәселен, Қытайдағы, Жапониядағы және Кореядағы сияқты аса дамымаған, сонда да нарықта аталған сегментте қызмет ұсынатын бірқатар ұйымдар бар, олар негізінен ұсақ жеке клубтар болып табылады. 
Теннис клубының келушілері –  тек өзінің көңілін ойын арқылы көтеруді қалайтындар ғана емес, спорттың осы түріне мән бере қарайтын, дамуға тырысатын, ойынның техникасын жетілдіруге тырысатын энтузиасттар.
Теннис клубтары қатысқандары үшін ойыншылардан ақы алынатын жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып отырады. Қаржының бір бөлігі жүлде қорына кетсе, екінші бір бөлігі жарысты өткізуге қажетті төрешінің жұмысының ақысына жұмсалады.  

Технологиялық үдеріс

Орынжайды жалға алу. Әуесқой теннис клубын (үстелдері орналастыру) ұйымдастыру үшін бәрінен де қаланың сауда-сауықтыру орталықтары ыңғайлы. Олардан жеке орынжайды жалға алуға немесе жеткілікті дәрежеде кең алаңқай болған жағдайда үстелдерді холлда орналастыруға болады. Үстелдерді әкімгер бақылап отырады. Үстел теннисін өз сеансын күтіп отырған кинотеатр көрермендері, немесе балаларын ойын алаңқайына алып келген ата-аналар қуана-қуана ойнайтын болады. Теннис үстелдерін өздерінің күту уақыттарын қысқартуға мәжбүр келушілердің көз алдында болатындай етіп орналастыруға тырысыңыз.

Әуесқой үстел теннисі ойынының бағасы тәулігіне 7 200 теңге немесе бір ойын сағаты үшін 300 теңге болады. 

Жабдықтар мен саймандар

Кез келген ауа-райына арналған, көше үстелдері. 

Ашық аспан аясында немесе ғимарат ішінде үстел теннисін ойнауға арналған.
Дөңгелексіз жиналмалы, кез келген ауа райына арналған теннис үстелі. 
Композициялық алюминий үстел тақтайшасы.
Ғимарат ішінде немесе ашық аспан аясында ойнауға арналған.
Үстелдің өлшемдері: 2740 * 1525мм жинақтағы металл торкөзімен бірге.
Құны 50 000 теңгеден басталады. 

 

Әуесқойларға арналған үстелдер.

Жиі қолданылатын теннис үстелі.
Ойын алаңы: 16 мм меламинді жабыны бар.
Көмкермесі: 0,45 мм ПВХ ернеулі.
Жиектемесі: полимерлі жабынды 25 мм болат.
Жиналып қалудан өздігінен кілттенетін механизм.
Өлшемі (халықаралық стандарт): Ұзындығы 274 см, Ені 152,5 см, Биіктігі 76 см.
Жиналған күйдегі өлшемдері: Ұзындығы 152,5 см, Ені 67 см, Биіктігі 189 см.
Үстелдің салмағы: 63 кг.
Құны 40 000 теңгеден басталады.

Кәсіби теннис үстелдері. 

Үстел теннисін ашық аспан аясында немесе ғимарат ішінде ойнауға арналған.
Өлшемдері (халықаралық стандарт): Ұзындығы 274 см, Ені 152,5 см, Биіктігі 76 см.
Бағасы өндіруші еліне қарай қатты өзгеріп отырады.
Құны 75 000 теңгеден басталады.

Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын инвестициялар мен шығындар 

Бастапқыда жұмсалатын қаражат төмендегі кестеде келтірілген. 

0 дауыс
Идеяң өте орынды екен іске сәт ! . 7 пайыздық несие аласың,орталықтан ашқаның дұрыс,құрылысын жақсылап тұрғызасың,не ғұрлым столы көп болса, сол ғұрлым несиеңнен құтылу оңай болады. Негізі біздің қазақстанда осындай халыққа қызмет ету орындарын ашу өте қиынның-қиыны, мен де бизнес центр ашамын деп шаршап кеттім,өкіметтен ешқандай көмек,жеңілдіктер жоқ. Егер бауырларың сені түсінетін болса онда қуана бер,бәрі келіп көмектеседі ақшалай да жәрдем берсе тез бітіріп,кәсібіңді бастап кетесің.Егер бауырларың жоламай кетсе сол кезде бір өзіңе өте қиын.Соңғы кезде адамдар бір-біріне көмек беруден қашатын болып кеткен.
...