+1 дауыс
1.9k көрілді
Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны-деп Абай атамыз айтып кеткен екен жиырма тоғызыншы қара сөзінде.
Бұл мақалға келіспегенін жазып өтіпті,сіздің пікіріңіз қандай?Тек шындықты айтыңыздар,Абай айтты екен деп біз келіспеуіміз керек емес…
Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні емес пе?
Ғұлама ақын қате айтты демеймін.Мен бұны мақал ретінде қарай алмаймын.Бұл дұрыс айтылған сөз.Мәселен,мен бұл сөзге келісемін,толықтай.Періште дегені адам болғаны.Алтын деген байлық.Байлыққа жету жолында,қателесіп,жолған тайғандар бар емес пе?Неге бұл  қате айтылған сөз.Мақал-тәрбиеге,өнеге алуға үйретеді.Бірақ мен мұны мақал ретінде қарамадым.Тек бұл сөздің белгілі бір мағынасы бар екенін түсініп отырмын…
Сіздердің пікірлеріңіз қандай?
Осы мақал жөнінде сұрақ қойылған екен 2012-де.Соның ішіндегі бір жауап қатты ұнады.
Абай келіспеген нәрсенің несін талқылау керек делінген.Расыменде несін талқылаймыз?
Сілтеме жібересіз бе?
және жауап жазған қолданугының аты…
https://surak.baribar.kz/136968/%D0%BF%D0%B5%D1%80%D1%96%D1%88%D1%82%D0%B5-%D0%B0%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D1%81%D0%B5-%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D0%BD-%D1%82%D0%B0%D1%8F%D0%B4%D1%8B-%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD-%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0-%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D1%96%D1%81%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B1%D0%B5

6 жауап

–1 дауыс
Абай атамыз тура мағынасында түсінген сияқты ма... Білмедім не оймен айтқанын) Мақал емес, мәтелге жақын. Мәтел болғандықтан тура мағынадағы періштені айтпаса керек. Иманы әлсіз адамды қомақты қаржы азғырып кетеді ғой, өмірде көріп те жүрміз. Соны айтқысы келген сияқты бұл мәтелде.
–3 дауыс
Абай атаның заманы басқа, мүмкін сол кездері адамдар байлық көрсе жолдан таймайтын шығар. Ал қазіргі заман адамдарына бұл мақал н/е сөз дəл айтулы тұр деп ойлаймын. Тіпті адамдар байлық үшін бір-бірін өлтіруге дейін барып жатыр.
+2 дауыс
Алтын көрсе кімнің де болсын тура жолдан таятынын жеткізгісі келгендіктен, ең пәк жаратылыс ретінде періштелерді айтқан болар әсірелеп... Мүмкін періште деп отырғаны жай кіршіксіз, ешкімнің ала жібін аттамайтын адамның образдық бейнесі болар... Кім білсін?! Ал Абай атамыз дінге берік адам болғандықтан періште туралы қате түсініктің болмағанын қалаған шығар. Абай атамыз ұлтын тәрбиелеуге асыққан ұлы ұстаз емес пе?!
Сөздік қорың қомақты екен))
Абай білімді дана болғанымен жастайынан орыстардың тәрбиесінде болып қазақтың жан-дүниесін түсінбей кеткен
Абай қазақты түсінбесе басқасын қоя бер. Абай қазақ деп жүріп қиналып өлді Ең алдымен Абай туралы жақсылап оқы, қандай адам екенін біл, артынан сосын сөйлейсің жарай ма?
+1 дауыс
Періште деп бұл жерде шын мəніндегі періштені емес адамдар арысындағы ең пəк адамды айтса керек.
–1 дауыс
Алла сақтасын басқа сөзбен жеткізседе болады ғой.Ас пен сусынға,дүние қызығана мұқтаждығы жоқ періште алтынды не қылсын.
Ұра берсең құдайда өледі,
Үш күннен кейін тамұққа да(тозаққа) үйренеді екенсің,
Жалғыз жүріп жол тапқанша көппен бірге адас - деген секілді мақал-мəиелдерді қолданбай ақ қойған дұрыс секілді өз ойымша.Сөздіңде өз жөні,айтылатын орны болу керек емеспе айтады екен дегенге айта бермей.
Періште деп адамды айтады.Дұрыс,кейбір мақалдар орынсыз қолданылуда……
–1 дауыс
періште де адам да Алланың құлы бірақ адам күнә істейді оны сондай пәк періштемен қалай салыстырып отырсыз адамдар ақша көрсе барлығына баратынын мына заман дәлелдеп отыр ғой адам ешқашан періштедей күнәсі пәк болған емес
Оны білемін.Мұнда мен салыстырып отырған жоқпын.Мұнда теңеу.Мәселенің байыбына жетпей,жазбаңыз.

(Сосын өтініш,жауабыңыздың үтір нүктелері жоқ екен,қоя аласыз ба?Оқыған адамдарға түсініксіздеу)
...