+1 дауыс
2.6k көрілді
Алтын көрсе періште жолдан таяды дегенді қалай түсінесіз?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ол көп мағынада қолданылады. Мысалы, менің ойымша, бір нәрсені жасайын деп отырғанда, сізге одан да қызық болып көрінген нәрсе болса, сіз сол қызық деп санаған нәрсеңізді ойға асыруға тырысасыз. Сіздің жақсы деп ойлаған нәрсеңіз алтын , ал сіздің бұл қылығыңыз - жолыңыздан тайғаныңыз.

Сіз дегеніме кешірім сұраймын. Жалпы, осы мағынада дегенім ғой
0 дауыс
«Алтын көрсе періште жолдан таяр» емес, «пенде жолдан таяр»

Осы бір мақал санамызға сіңіп кеткен. «Алтын көрсе періште жолдан таяр» дейміз. Алайда «пенде жолдан таяр» дұрыс. Дәлел: Періште - оған қарсы –шайтан екеуі де бір-біріне қарсы абсолютті категорияға жатады, тиісінше «алтын көрсе періште жолдан таяр» деген мақал болса «тат басқан темір көрсе шайтан жолдан таяр» - деген мақал болуы керек. Себебі, бір абсолютті категория өзгеріп екіншісі өзгермеуі мүмкін емес. Періште жолдан тайса онда шайтандар жеңді деген сөз. Сәйкесінше шайтан да, баланс ретінде жамандық жолынан тайып, періште жамандыққа барса, ол жақсылыққа баруы керек. «Алтын көрсе пенде жолдан таяды» дұрыс. Адамға обьективті себептерге байланысты жарасады.
Перiштедей адамда алтын көрсе жолдан таяды деген мағына да айтылған...
0 дауыс
періште көкте ғана бәрі пендешілік...
0 дауыс
negizi oni altinga izikkan adam aitilgan Abaidin kara sozi bar emespe negizi bul jaramsiz makalga jatadi
...