+3 дауыс
10.1k көрілді

1 маусым, балаларды қорғау күні, балаларды қорғау күні сурет

Балалар қорғауының халықаралық күні, 1949 жылдың қараша айында қабылданған МДФЖ шешімі бойынша өткізіледі. (Бірінші Балалар қорғауының халықаралық күні 1950 жылы өткізілді).

Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні- ең ескі халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Оны өткізу туралы шешім, 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. БҰҰ бұл бастаманы қолдады және балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басымды бағыты деп жариялады.

Балалар қорғауының халықаралық күні – бұл, алдымен, балалар өмірі құқықтарын, пікір мен дін бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологияқ жәбірлеуден қорғау, балалар еңбегінің эксплуатациясынан қорғау құқықтарын сақтау қажеттігі туралы, аламгершілікті және әділді қоғам қалыптасуының қажетті жағдайлары ретінде үлкендерге ескерту.

Балаларды қорғау күні – барлық әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару мақсаты болатын, ылғи әртүрлі іс-шаралар өткізуімен атап өтіледі.

БҰҰ 1959 жылы Бала құқықтары Декларациясын қабылдады, оған ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметтерді, мемлекеттік емес ұйымдарды ондағы балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауға және оларды сақтауға тырысуға шақыратын баптар кіреді.Декларация тек ұсынымды сипатта болды және міндетті күші болған жоқ.

Басқа заңдар талап етілді, содан 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады, оған 61 ел қол қойды.

Осы орайда Сұрақ-Жауап сайтының әкімшілігі сіздерді 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды!

Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Тұңғыш рет 1950 жылы аталып өткен халықаралық балалар күнінің өз жалауы бар. Бұл жалауда жер шарын қоршаған түрлі бала бейнеленген.

Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.

"Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында.

Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтаймыз!

2 жауап

0 дауыс

Бүлдіршіндеріміздің еркелеп егемен елінде өсіп жатқаны Қазақ елінің азаттығын аңсаған, ұлтының мүддесін қорғау жолында құрбан болған бабалардың арқасы болса керек. 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандары күнінің маңызын ұмытып кетпейік! Әуелі балалардың болашағын қорғаған бабаларды еске алайық! 

1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Он алты жыл бойы қазақ жұрты осы күнді ерекше құрметпен атап өтіп келеді.

Елімізде қуғын-сүргін құрбандарына арналған күн белгіленіп қана қоймай, түрлі жобалар жүргізілуде.  Мәселен, тәуелсіздік жылдары 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.

Ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне тү­сіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, ту­ған жерлерінен аяусыз айдалып, түр­мелерде жазықсыз көз жұмды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

"Массагет" сайтынан алынды.

0 дауыс
ән қажет жазғы көңілді болсын
...