+5 дауыс
186k көрілді
1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған сценарий керек?

<p style="text-align: justify;">Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.</p>

<p style="text-align: justify;">Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Оны өткізу туралы шешім 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. БҰҰ бұл бастаманы қолдады және балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басымды бағыты деп жариялады.</p>

<p style="text-align: justify;">Балалар қорғауының халықаралық күні – бұл, алдымен, балалар өмірі құқықтарын, пікір мен дін бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологияқ жәбірлеуден қорғау, балалар еңбегінің эксплуатациясынан қорғау құқықтарын сақтау қажеттігі туралы, адамгершілікті және әділ қоғам қалыптасуының қажетті жағдайлары ретінде үлкендерге ескерту. 1959 жылы БҰҰ Бала құқықтары Декларациясын қабылдады, оған ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметтерді, мемлекеттік емес ұйымдарды, ондағы балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауға және оларды сақтауға тырысуға шақыратын баптар кіреді.</p>

<p style="text-align: justify;">Декларация тек ұсынымды сипатта болды және міндетті күші болған жоқ. Басқа заңдар талап етілді, содан 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады, оған 61 ел қол қойған болатын.</p>

<p style="text-align: justify;">Осыған орай, 2016 жылғы маусым айының 1-ші жұлдызында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан орталығы Новоишим ауылындағы «Жастар» стадионында халықаралық балаларды қорғау күнін аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваның бастамасымен бүлдіршіндер үшін түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, осы күні Новоишим қазақ орта мектебінің 1 маусым дүниежүзілік балаларды қорғау күніне және «Қарлығаш» атты мектепшілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарламасы болды. Және ауданымыздың барлық мектептерінде, балабақшаларында осындай мерекелер іс-шаралар ұйымдастырылып, балалардың көңілінде шек болмады. Мәслен, тағдырдың жазуымен мүгедек атанып, аудандық коррекция мектебінде тәлім алып жүрген балаларға аудандық «Ақ бота» балабақшасында күлдіргі әртістермен мерекелік концерт қойылды, ойын ойнатылып, сыйлықтар таратылды, іс-шара соңында Д.Б.Амангельдиев ЖК демеушілігімен тәтті ас мәзірімен жалғасын тапты. Және де Өнер мектебінің дүниеге келгеніне 2016 жылы жетінші есептік кездесуінің және Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерей тойына арналған қызықты концерті болып өтті. «Астана» және «Юра дәуірі кезеңіндегі» саябақтарында аудандық балалар кітапханасының ұжымы ұйымдастырылған қызықты мерекелік шаралары болды.</p>

<p style="text-align: justify;">Орталық «Жастар» алаңында халықаралық балаларды қорғау күніне дайындап келген «Балдәурен» атты ән-би байқауы болып, оған 26 қойылым қойылды, атап айтар болсақ; Нұрайым Естөре «Балдәурен», Айқынбаева Дания «Гүл көбелек», Қожахметова Алина «Я рисую солнце», Бүркүтбаева Аделина «Бала тілі», Алпысбай Еркеназ «Айналайын», Мырзагелді Аяжан «Қасиетті домбыра», Папулова Наталья мен Хрунчик Юлия «Дожди» және Раисовка ауылынан келген бүлдіршіндердің әндері және Андреев, Шөптікөл, Рузаев, Ломоносов, Червонный, Новоселов және Новоишим ауылдық округтерінен келген бишілері жиналғандарды таң қалдырды.</p>

<p style="text-align: justify;">Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Осы орайда, ұшы-қиырына көз жетпейтін қазақ даласындағы балаларды көбейту бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі деуге болады.Сондықтан, еліміздегі әрбір жас отаудың иелері дүниеге сәби әкелуді тек қана ата-аналық парыз деп ойлап қоймай, ел мұратын да ойласа нұр үстіне нұр болар еді. Біздің ел-бейбітшілік ел. Олай болса, біздің балаларды бақытты елдің балалары деуге негіз бар.</p>

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Балаларды қорғау күніне арналған
«Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты БЖШО-ның  балалар
шығармашылығы ұжымының концерттік
Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы
ЗЕЙІН  СИГНАЛЫ

1-жүргізуші:   Құрметті Ақтөбеліктер, қала қонақтары! Қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 маусым-Балаларды     қорғау күні құтты болсын!  Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз тілейміз! Қалалық балалар және  жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының өнерлі балаларының мерекеге орай дайындаған «Балғын балалар-біздің болашағымыз» атты мерекелік концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:   Здравствуйте,  дорогие друзья! Мы поздравляем вас с  Международным Днем защиты детей. Впервые день защиты детей проведен  в 1950 году в пятидесяти одной стране мира.  В этот светлый и радостный день вам дарят свои песни и танцы  обучающиеся Центра  детского и юношеского творчества .

1-жүргізуші:

Ақтөбе қаласында дүбірлі той,

Балаларды қорғау күні, біліп қой.

Алақай-ау, алақай.

Той тойлайық балақай.

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақай!

2-жүргізуші:  Кто смеется лучше всех?

                        Чей звенит повсюду смех?

                        Кто задорней всех на свете?

Ну конечно, это дети!

Детство – свой особый мир!

Дети – Бог в нем и кумир!

Там мечты прекрасней света,

Там печалей просто нету!

В этот день найдите средства

Защитить от горя детство,

И на много, много лет

Пусть сияет детства свет! В исполнении Даулета Нажмадинова примите песню «Мереке».

Мереке» әні

1-жүргізуші: «Сегодня все дети мира отмечают праздник день защиты детей. Так давайте совершим путешествие по городам Казахстана и увидим, как же они отмечают этот праздник. А быстрее всего мы попадем туда, если полетим на самом быстром виде транспорта.

1-жүргізуші: На чем? 

2-жүргізуші: На ракете.

2. «Ракета» ойыны

1-жүргізуші: Біз бақытты баламыз,

                        Ақылдымыз, данамыз

                        Ертеңгі күн еліміздің

                        Батырлары боламыз.

Сахнада Талғат Юлдашбаев. Талғаттың орындауында «Бала махаббаты»  әнін қабыл алыңыздар, қымбатты достар!

3. «Бала махаббаты» әні

2- жүргізуші: Первый день июня – это

                         Наступило снова лето.

                         Пусть от края и до края

Расцветет земля родная.  На сцене детский образцовый хореографический коллектив «Айгөлек» Центра детского и юношеского   творчества.  Танец «Узбекский». Встречайте!

4. «Өзбек» биі

1-жүргізуші: Қымбатты балдырғандар, барлығыңызды көңілді ойын ойнауға шақырамыз. Ойын жылдамдыққа арналған. Сахна төріне ойын  ойнауға құлшынып тұрған 10 бала шақырылады.

2-жүргізуші: Балалар, ойнымыздың аты  «Батпақ»  деп аталады.  Ойынның шартымен таныстырайын. Екі топқа бөлініп тұрамыз. Мына  алаңды батпақ басып жатыр деп есептейік. Сендер берілген жерге дейін баптақтан мына қағаздарды басып қана өте аласыздар. Түсінікті ме, балалар. Қағазды қолыңа аласың, аяғыңның астына қоясың. Солай берілген жерге дейін жетіп, қағаздарды қолыңа алып, жүгіріп келіп өз тобыңның келесі ойыншысына беруің керек. Ойын осылай жалғаса береді. Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді. Ал, ойынды бастайық.

5. «Көрермендермен ойын

2-жүргізуші: Здравствуй,  лето ! Здравствуй, лето!

                        Ярким  солнцем  все согрето!

                         На полянку  поспешим,

                         В ярком  танце  закружим!

Дорогие зрители!  Для вас   танцует  детский образцовый хореографический коллектив «Айгөлек» Танец «Хочу летать». Встречайте!

6. «Хочу летать» биі

1-жүргізуші: Қазақстан, сенсің менің сайран бағым

Кетпестей кіндігімнен байланғанмын

Табысың,  тамашаң да толып жатыр,

Баяндап тауысайын қайдан бәрін. Али Тастанов, Жұлдыз Асқарбекқызы, Гаухар Орынбаеваның орындауында  Сыдық Мұхамеджановтың «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

7. «Қазақстан» әні

2-жүргізуші:Дружба народов – не просто слова,

Дружба народов – на веки жива

Дружба народов – счастливые дети,

Дружба народов- я, ты, он, она!

На такой замечательный праздник  специально приехал гость из Англии. «Клапа ю хэнд» так называется песня, которую подарит нам обучающийся вокального кружка Галивец Вадим. Встречайте!

8. «Клапа ю хэнд» әні

1-жүргізуші: Басты қоссақ бәріміз

                         Біздер елдің сәніміз

                         Шаттық, бақыт, қуаныш

                         Елімізге сыйлаймыз.

Бүгінгі мерекеге арнап Орталықтың домбыра студиясының оқушысы Динара Наурызғалиева Қазанғаптың «Балбырауын» күйін тарту етеді,  қабыл алыңыздар.

9. «Балбырауын» күйі        

2-жүргізуші: Сегодня мы всех поздравляем

                            С солнечным летним днем! 

                            Сегодня для вас песни,

Сегодня для вас все цветы,

                               Сегодня мы поверяем

Друг другу свои мечты!

Дети должны быть счастливыми,

Детство должно быть без бед,

Учитесь быть справедливыми

На лучшей из всех планет!

Пусть светит всегда вам солнце,

Пусть радуга в небе цветет,

Пусть смех везде раздается!

Достичь самых высших

+2 дауыс
«Өлкенің гүлденген балдәурені»
Открытие.
Песня:  «Разноцветные шары» - участники концерта.
Ведущий 1:
Бармысыңдар, балалар, бармысыңдар!
Жазда келді, жайнаған гүлді шыңдар.
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар, бәрің де, армысыңдар!
Қайырлы күн!
Жүрегінде жалын бар,
Шырқар әсем әні бар,
Сүйкімді нұр - сәні бар,
Бойында ақыл, ары бар,
Ізетті де, инабатты,
Білгір де, талантты,
Достар!   
Ведущий 2:
Всем – всем, добрый день!
Всем – всем, лучезарных улыбок и хорошего настроения!
Потому что сегодня всеказахстанский  – День защиты детей! «Мы дети независимого Казахстана! Нам жить в новом мире!»
Ведущий 1:
Бүгін біздің төрімізге ауданымыздың құрметті қонақтары Аршалы ауданының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев, «Білім бөлімінің» бастығы Гүлмира Исабекқызы Баяхина және де Ұлы Отан соғысының ардагерлері  келіп отыр. Қанекей қол соғып құрмет көрсетейік.
Кезекті құттықтау сөзін ауданымыздың әкімі ...
(Сегодня в нашем зале присутствуют уважаемые гости. Аким Аршалынского района Маржыкпаев Ермек Боранбайұлы, начальник «Отдела образования» Баяхина Гульмира Исабековна, ветераны Великой Отечественной Войны Купины Иван Антонович и Валентина Тимофеевна, Любарская Анна Петровна.
Давайте их поприветствуем аплодисментами.
Слово для поздравления предоставляется акиму ....)
Блок «Детство»
1.     Песня «Хорошее настроение»  исп. вк. гр. «Забава» –
І место в областном фестивале конкурсе «Жұлдызды әнші».
2.     Танец «М&M-dance» исп.  мл.гр.  ансамбль «Мөлдір».
3.     Песня «Подтяжки» исп. Матасова Катя  – победитель районного конкурса детского творчества «Под куполом дружбы».
4.     Танец «Гумми - гумми» исп. танц.гр. ансамбль «Мөлдір».
5.     Песня «Балалық» исп. вокальная гр. «Забава»
6.     Танец «Айгөлек» исп. мл.гр. - ансамбль «Мөлдір».
7.     Песня «Тұлпарым» исп. Сахай Жасұлан -  победитель районного конкурса юнных даровании «Лучики Аршалынского района».
 
Блок народный.
Ведущий 1:
Ата – бабам аңсаған арманына,
Жеттік міне бүгін елдің мақсатына.
Жүз отыздан астам ұлт өкілдері,
Түсіністікпен өмір сүріп жатыр осында.
 
Ведущий 2:
Живут народы разные
Как одна семья
Желтые, белые, смуглые –
С ними в дружбе я!
Я – Казахстанец!
Я – азиат!
Здесь каждый человек другому брат!
8.      Песня «Маусымжан» исп. Мұратбаева Санемай
9.     Танец «Қара жорға»  исп. средняя гр.ансамбль «Мөлдір». Дипломант областных смотров народного творчества «Ақмола жұлдыздары».
10.                       Танец «Русский сувенир» исп. танц.гр. ЦДТ.
11.                       Танец узбекский «Чевар қуллар» исп. ст.гр.ансамбль «Мөлдір».
12.                       Күй «Ерке сылқым» исп. Маштаев Артур.
13.                       Танец «Кадриль» исп.ср.гр.- ансамбль «Мөлдір».
14.                       Песня «Дождик» исп. вок.гр. «Забава»
15.                       Песня «Ақ көгершін» исп.  Сахай Есбол – победитель районного конкурса детского творчества «Под куполом дружбы».
Блок патриотический, посвященный 66-ой годовщине Победы.
Ведущий 1:
Өмір үшін күрескен бабаларым,
Бүгін міне, еске алып отыр балаларың.
Алғыс айтып, сіздерге бас иеді.
Ұясынан құлатпай, әлпештеген балапанын.
Өмір үшін күресіп, жеңдіңіздер,
Туған жерге қайта айналып келдіңіздер.
Алдарыңызға қойған бір мақсатпен,
Періштедей жаңа өмір бердіңіздер.
 
16. Танец «Яблочко»исп. ст.гр. - ансамбль «Мөлдір».
17. Песня «Помни» исп. Сунцова Таня – І место в районном конкурсе патриотческой песни «В памяти останетесь Вы навсегда!».
18. Песня «Зажгите свечи» - Марченко Катя – Гран – при в районном конкурсе патриотческой песни «В памяти останетесь Вы навсегда».
 
Ведущий 2:
Наследники великой этой славы,
Ее мы чтим и бережно храним
Героями гордимся мы по праву
И стать на них похожи мы хотим!
 
19. Выступление  военно – патриотического клуба «Каскад» ЦДТ
 
Блок патриотический
Ведущий 1:
Тәуелсіздік – арманым ең аңсаған,
Бабаларым жетеміз деп шаршаған.
Бүгін міне бар әлемге танылдық,
Қазақ елі үміт артам мен саған.
Жетемін деп қиялдағы сағымға,
Ілестік қой нелер ағымға.
Егемендік - шын бақыты елімнің,
Жемісі мол туған жердің бағында.
 
Ведущий 2:
Цвети, земля, моя родная,
Незная горя, нужд и бед.
Земля моя, земля святая,
Тебе дорован солнца свет.
 
22.Песня «Расцветай Казахстан» исп. вок.гр. «Забава» (слайды) - І место в областном фестивале конкурсе «Жұлдызды әнші».
23.Песня «Үш қоңыр» исп.Муратбаев М.,  Милахат С., - дипломаты областных смотров народного творчества «Ақмола жұлдыздары». вок.гр. «Забава» - І место в областном фестивале конкурсе «Жұлдызды әнші».
24.Танец «Інжу» исп.ст.гр.- ансамбль «Мөлдір». Дипломант областных смотров народного творчества «Ақмола жұлдыздары».
 
Закрытие
25. Песня «Детство» - участники концерта.
 
(Представление участников концерта, коллектива, награждение выпускников).
 Сафронова Н. И.
0 дауыс

1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Бар мейіріміміз балаларға)

КМҚК «Мейірім» спорт және сауықтыру демалыс лагерінің девиантты мінез-құлықты балалармен 22.08-26.08 күндер аралығында жасөспірімдерімен «Жаз 2011» лагерінің ашылуына арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты ашылу салтанатының сценариі

1 жүргізуші. Құрманғазы «Балбырауын» орындайтын домбырашылар ансамблі
«Күн сөнбесін» әні шырқалады,балалардың алдына Күн шуақтарымен шығады.
1 шуақ: Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады
(қыздар лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады: «Қуаныш»)
2 шуақ: Жазғы лагерді ашамын
Бәрлерінді шақырамыз
Күлеміз,ойнаймыз,ін шырқаймыз
Спортпенен шұғылданамыз
(эмблемалық екінші дөңгелегі «Спорт»)
3 шуақ: Бақыт үшін не керек?
Әрине,достық қажет!
(эмблеманың үшінші дөңгелегі «Достық»)
4 шуақ: Мәселеде қиналма
Досына тез көмек бер
Енді міне бері қара
Өзара көмекті ұмытпа!
(эмблеманың 4-дөңгелегі «Өзара көмек»)
5 шуақ: Лагерден шығып қалмау үшін
Тәртіпті сақта!
(эмблеманың 5-дөңгелегі «Тәртіп»)
1вед. Шаттан,күн,балақай!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
2-вед. Лучами солнышко играет,
И рыбки плещутся в реке.
И это просто означает,
Что лето на носу уже.
Күн: -Құрметті балалар,сендерді шын жүректен қуанып қарсы аламын!Сендерге жазғы лагеріміздің эмблемасын салтанатты түрде таныстыруға қуаныштымын!Біздің ұран:-«Достық,өзара көмек,тәртіп,спорт,қуаныш»сендерді осы сөздерді естеріне сақтап алып,лагерде дәл осыларды ұстанып жүрулеріңізді сұраймын.
«В лесу родилась елочка» әні шырқала бастайды.Аяз ата шығады:
Аяз ата:-Сәлеметсіңдерме,балалар!Мені танисыңдар ма?Сендерді сағынып кеттім,қалдарыңызды білейін деп едім.Бірақ сендер жақ тым ыстық екен.Қанекей,таяғымды алып суық шақырайын-10 градус сендерге жарайма?
-Аяз Ата әрбір шуаққа қолын тигізеді,сол арада шуақтар қозғалмай тұра қалады.
Күн: -Ах,шуақтарым қатып қалды ғой.Күн қояны,құтқар,шуақтарымды жібітуге көмектес!
1вед. «Қоян» биі орындайтын Ерке топ бишілері
2 жүргізуші. «Өз елім» орындайтын Байғалиев Мағжан
1 жүргізуші. Құрманғазы «Талас» орындайтын домбырашылар ансамблі
Аяз Ата:-Уф-уф,еріп барамын.Оданда Отаным Ұлы Юстюгқа қайтайын.
Күн:-Әрине,Ата,бәрінің өз уақыты бар.Желтоқсанда қайтып кел,балалар сені күтеді.Сонымен ауа райы қайта жазғы қалпына келді!Енді лагердегі уақыттарынды пайдалы өткізіп,демалып,күш,куаныш жинап қайтасыздар деген сенімдеміз.
1 жүргізуші:-Ауылымыздағы балалардың денсаулығын нығайту,жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында бүгін «Мейірім» спорттық-сауықтандыру лагері балаларға өз есігін ашады.
2 жүргізуші:-Знаем,знаем,здесь мальчишки-
Озорные шалунишки!
И девчонки хороши
Улыбайтесь от души!
1 жүргізуші:- Тілі балдай бүлдіршіндер!
2 жүргізуші:-Жігерлі ұлдар!
1 жүргізуші:-Әсем жанды,айдай қыздар!
2 жүргізуші:-Сендерді «Мейірім»лагерінің ашылуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
1 жүргізуші. «Үнді биі» орындайтын Ерке топ бишілері
2 жүргізуші. «Терме» орындайтын матанов Біржан
1 жүргізуші. «Последний звонок» орындайтын Құмарова Газиза
Сөз кезегі: Білім басқармасының тәрбие бөлімінің бастығы Асанова Монлық Ысқаққызы және дене шыңықтыру және спорт орталығы директорының орынбасары Әубәкіров Совет Жұмағазыұлы
1 жүргізуші. Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып шалқып тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған
Балалар гүлдей, құлпырып күндей.
2 жүргізуші. Небо ясное, солнце красное
Настроение у нас прекрасное!
Нам с тобою здесь
Всех чудес не счесть
Если песня есть
Если дружба есть!
1 жүргізуші. «Путники в ночи»,«Көзімнің қарасы-Абай» скрипкашылар ансамблі
2 жүргізуші.«Испан»биі орындайтын Кадесов Қуаныш және Рахимбаев Елнұр
1 жүргізуші. «Барби»биі орындайтын «Ерке»тобы бишілері
2 жүргізуші. Баршамызды бал тілімен баурайтын
Бала деген бәр бақыт қой самғайтын.
Ата – ананың арманы мен тілегін
Бала емеспе бал бұлақтан жалғайтын
1 жүргізуші. Сүйкімділер, періштелер, Сендерсіндер,
Қандай бейне өздеріне тең келсін!
Данышпанда, ғарышкерде, Ғалымда
Ең алдымен балалықты менгерсің.
2 жүргізуші. Ия, рас, бала болған бәріде,
Салған олар балалықтын әнінде
Бала кезді еске алып отырсақ
Сол емеспе тіршіліктің мәңіде.
1 жүргізуші. «Шоқ жұлдыз»орындайтын Кенешкалиев Бексұлтан
2 жүргізуші. «Мама»орындайтын Байжокенова Қорлан және Құмарова Ғазиза
1 жүргізуші .«Қазақ»биі орындайтын «Ерке»тобы бишілері
2 жүргізуші:-Бәрі болған қазақ деген көне елде
Ел белгі де,ерлік,елдік,өнер де
Жақандағы ең жауынгер халыққа
Кім сенеді ту болмады дегенде-демекші «Жаз-2011»ауысымының ашылу салтанатына орай лагерь туы көтерілсін!
1 жүргізуші.«Турецский марш» орындайтын Дауылхан Жалын
2 жүргізуші.Ән «Бір бала » орындайтын әншілер тобы
1вед. Ән «Буратино» орындайтын Артамбаев Мади және би «Буратино» орындайтын бишілер тобы

2 жүргізуші:-Осымен лагердің ашылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті.Келесі кездескенше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

+2 дауыс

1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Бар мейіріміміз балалар)

«Бар мейіріміміз балаларға» лагерьдің ашылу салтанаты

Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Құрметті, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар !
Бүгінгі №100 мектеп-интернат жанынан ашылып отырған «Айгөлек» күндізгі тынығу лагеріне қош келдіңіздер!
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Әнұран:
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл

Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз.
«Бар мейіріміміз балаларға!» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Келесі сөз «Айгөлек» тынығу жетекшісі Пшанова Айгүл апайға береміз.

Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа,мамамызда
Ырза болсын балалар

Хор: «Лагерь жыры»
Әдеби –музыкалық монтаж
Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді – балалар мерекесіне арнап Нұрберді Олжастың орындауында «Бал бала» қабыл алыңыздар

Әдеби музыкалық монтаж

Ән айтайық қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрты
Балалар деп үлгілі

«Анашым» әні орындайтын Сәдір Аманбек
Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда аруымыз билеген

«Қара жорға» биі бір топ бишілер

Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің

«Қызыл гүлім-ай» орындайтын Абылай Ақжол

Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып

Өзбек биі Асқар Перизат

Талайлардың шырқалады жыр әні,
талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.
«Сыныптастар құрдастар» 4 сынып оқушылары
Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Абылай Ақжол

Денсаулық ол – күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

«Спорттық би» бір топ бишілер
Әнші болғым келеді бұлбұлдайын
Әміредей болуды армандаймын
Қанатымды қондырып ұшқан кезде
Арманыма жақындап қалғандаймын.

«Ақ мамам» орындайтын Альбина,Сәнім

Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештерде
Талшыбықтай бұралып,
Биші боламыз өскенде.
Би «Ламбада» бір топ бишілер
«Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Карчалова апайға береміз.

Тәрбиеленушілердің әжесі балаларға арнап ақ батасын берді.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың
Қадамдарың сәтті болсын, балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!

+1 дауыс

1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің) Бала - Бақша

Ханша:
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік,ақылшы періштем?
Періште: Бұл «Балауса» балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі,ақылды,білімпаз,өнерпаз балалар тұрады.

(осы сәтте бір топ бала шығады)
Бақытжамал:
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.

Рамазан
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз

Мерей
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша

Гүлкөктем
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
(Бір топ бишілер: «ча-ча-ча»биімен ортаға шығады)
Ханша:Ой,қандай керемет балалар,қандай өнерлі балалар,қандай әдемі балалар.
Періште:Көрдің бе сүйікті ханша менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай.Мен сізге уәде беріп едім ғой,егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп.
Міне мен өз уәдемде тұрдым.

(Осы кезде Шайтан келеді)
Шайтан: О-О мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар а? Неге айтшы Ханша, мен де сенің досың едім ғой.
Періште: Сен Ханшаны азғырма.Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді.Сенімен дос болғысы келмейді,сен тек жаманшылыққа бастайсың.
Шайтан: Иә,саған мен де Ханшаның досымын.
Өткенде өзеннен алтын балық ұстап алғанда Ханша оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал,мен болсам Ханшаны үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.

1-ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам»деп айт дедім.Ол тілегі орындалды.
2-тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3-ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің Періште білесің бе, есіңе түсті ме?
Періште:Иә, мен кешігіп қалдым.Әйтпесе 3 тілегін де әділдікпен адалдық тек ғана жақсылыққа арнатар едім.Тек соңғы тілекте ғана «Мен әлемдегі өте адал,мейрімді,өнерлі,білімпаз балалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге алғым келеді»деген тілек еді.Міне,сол тілек орындалып біз Ханша екеуміз «Балауса» балдырғандар еліне келіп тұрмыз.

Ханша: Сендерге не болған,қойыңдар енді.Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой.Маған Періштенің ақылы ұнады.Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін.Сондықтан Шайтан сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.
Шайтан: Құп!Мәртебелі Ханшам Құзырыңа құлдық.
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке,қуанышта балалар, хош келдіңдер,хош келдіңдер ата-ана,қонақтар!
Құрметті «Балауса» балабақшамыздың көркі де,сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын,аспандарың ашық,елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.

Бүгінгі 1-маусым Балалар күніне арналған «Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшінжәне мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ.Аширбекова мен балабақша ата-ана комитетінің төрайымы Ф.Дәрменоваға береміз.
Жүргізуші:Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті,хош келдіңіздер!Төрден орын алыңыздар.Құрметті Ханша
менімен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?
Ханша:Жарайды,келісемін мен де соны қалап тұр едім
Жүргізуші: Өте,тамаша келіңіз менің қасыма.Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар .Мүмкін ән айтып не би билеп берерсіз.
Ханша:Әрине менде құр қол келген жоқпын.Періштем менің әуенімді қосшы.
(«Бала тілегі» әнін орындайды)
Жүргізуші: Өте тамаша ,рахмет өнеріңе.Кезекті біздің балаларға берейік.
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Қара жорға» биімен
«Мектеп алды даярлық» тобы бишілер»қара жорға»биі.

Жүргізуші:
Айдында жүзген аққудай
Айжан қыздың биін-ай
әуеніне қол соғып,
биіне қол соғың-ай.
Зейнелбай Айжанның орындауында «Аққу» биі

Ханша: Келесі кезекте Жұмабек Бақытжамалдың орындауында «Айгөйлек»әні
Жүргізуші: «Орыс биімен» бишілер тобын шақырамыз
Ханша: «Достық» әнімен Бітімбай Қарақатты шақырамыз
Жүргізуші: Енді ортаға «Катюша» биімен бишілерді шақырамыз.
Ханша: Біздің елге қайтатын уақытымыз болды. Бізге рұқсат бересіңдер ме балалар? Менің достарым қайда?
(Періште мен Шайтан келеді)

Жүргізуші:жарайды, келіп бізбен бірге мерекені тойлағандарың үшін рахмет! Жолдарыңыз болсын!
Ханша: Сіздің балаларыңыздан көп өнеге алдық.Мен енді тек бойыма жақсы қасиеттерді жинауға уәде беремін,осындай ғажайып әлеммен таныстырған Періште досыма көп рахмет.
Періште:Достар хош болыңдар кездескенше күн арайлы болсын!
Шайтан: Мнеде енді жақсы дос болуға уәде етемін,кешіріңдер мені
(Қоштасып үшеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:Қане балалар жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық-«Әрқашан күн сөнбесін» әні

Сәлеметсіздер ме? Мен осы "Балалрдың күлкісі көркі сәні әлемнің атты" ертеңгіліктің өзім құрастырып  ертегісін құрғанмын. Өзім өткізген ертеңгілік."45 минут","Білімділер" саитында жариялағанмын енді өз жұмысымды сіздердің саиттан көріп отырмын бірақ авторы жарияланып жазылмай ма?
0 дауыс
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және де «Балдәурен» атты мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарлама

«Бала деген бір бақыт!»

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. 1 жүргізуші:

Қайырлы таң,қадірменді ұстаздар,бүлдіршін балалар! Сүйкімділер, періштелер сендерсіңдер, Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да, Ең алдымен балалықты меңгерсін. Ия, рас, бала болған бәрі де, Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де!-дей келе, «Бала деген бір бақыт» атты жазғы мектепішілік «Балдәурен» лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Дорогие ребята! Уважаемые взрослые! Сегодня мы собрались все вместе, чтобы встретить самое доброе, самое счастливое время года - лето. А еще чтобы отпраздновать День защиты детей и Открытие лагерной смены и открываем нашу праздничную программу.

Жиын! Сап түзе!

Сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін! ( Әнұран)

1 жүргізуші:

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,

Жоғалмасын ешқашан берекеміз. Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз, Құтты болсын,балалар мерекеміз!

2жүргізуші:

Растите и радуйте нас

Сегодня ваш праздник, ребята!

Все дети огромной Земли

Друг к другу спешат с поздравлением,

Желая здоровья, любви!

И мы вам, ребята, желаем, -

Растите и радуйте нас, Пусть сбудутся ваши желанья И мир будет добрым для вас!

Мы взрослые вам обещаем,

Во всѐм помогать, защищать,

И в сердце надеясь, мечтаем

Счастливыми вас воспитать Мы поздравляем вас с днем защиты детей, желаем вам быть красивыми, добрыми, счастливыми и радостными.

«Көркем» би ансамблінің 2 сынып оқушыларының орындауында қазақ биі: Домбыра.

1жүргізуші: 1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген сауықтыру лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Құттықтау сөзі мектеп директоры Сматаева Бағлан Қасенқызына беріледі.

2 жүргізуші :

-Знаем,знаем,здесь мальчишки- Озорные шалунишки! И девчонки хороши Улыбайтесь от души!

1 жүргізуші:

- Арманы бір,үні бір,

Аға ардақты ,іні бір,

Бақыт туын көтерген, Балалардың күні бұл. Бала бағы бар елдің,

Гүлмен келсін келер күн, Балалардың күлкісі, Көркі ,сәні әлемнің. Келесі кезекті оқушыларға береміз.

оқушы :

Бірінші маусым балалар, Қорғайтын күн сендерді, Нұр кіреді далаға,

Гүл көмкеріп белдерді.

оқушы :

Күміс күннің астында ,

Желбіреді туымыз.

Қазақ деген халықтың,

Ұлы менен қызымыз.

оқушы: Күлеміз,ойнаймыз, Демалып алаңсыз. Ризамыз саған біз, Ұлы Отан анамыз.

Ән . Лагерь жыры орындайтын Адема 1 оқушы. Наступило лето но в школу мы идем в лагере оздоровительном весело живем

оқушы. Будем мы ходить в музей о селе хотим все знать столько будет тут затей, что не сосчитать!

оқушы. Лето! Лето! Лето! Лето!

Никаких уроков нету!

Отдыхай!

Всем дана команда «вольно», Ждет на поле мяч футбольный, Забивай!

оқушы.Никаких заданий на дом! Речка – рядом, поле – рядом, Тут как тут!

Ну, а парта у окошка

И звонок – пускай немножко отдохнут!

Би «Гномики» орындайтын 1сынып оқушылары.

жүргізуші:

Әлемге асқақтаған өлеңіміз,

Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.

Жорыққа тауларына жиі шықсақ, Сол таудай асқар болсақ дегеніміз.

жүргізуші :

Бүгінгі еліміздің қырмызымыз,

Арайлы болашақтың ұл қызымыз. Арасын жер мен көктің жалғайтұғын Қанаты жарқыраған жұлдызымыз.

Татар биі орындайтын орындайтын 3сынып оқушылары.

Қымбатты балалар! « Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? деп ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай біз өзіміздің « Балдәурен» лагерімізде ойнап,ән салып,би билеп,білімімізді шыңдап демалуға тілектеспіз!
0 дауыс

Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс - шара "Өлкенің гүл жайнаған балғындары"

Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс - шара
«Аялы алақан» орталығының тіл дамыту маманы
Тақырыбы: « Өлкенің гүл жайнаған балғындары»

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,
слайд «Бала деген бір бақыт»
Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымызбен таныстырып өтейін.
Жезқазған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мырзаханов Бағлан Мырзаханович.
Құттықтау сөз кезегі
Ән « Ертегілер әлемінде» орындайтын Айгүл.
Сайқымазақтардың келуі
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақтаңдар.
Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба? Қалдырамыз.

Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.

Тақпақтар:
Ақсұлтан Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Дильназ: Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын
Каусар: Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Фариза: Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.

Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.

Ойын: «Тиын тастамақ»
Мұнда берілген сауалдарға жауап бере отырып, балаларыңызды таныстырып бересіздер.
Дұрыс, ата - аналар бір сәт болса да бала болып, өткенге көз жүгіртіп балалықты меңгердік десек те болады.
Би «Айгөлек»

Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән « Бала тілегі» орындайтын Айгүл
Жүргізуші: Осымен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.

...