+3 дауыс
14.9k көрілді
1 маусым балаларды қорғау күніне Балабақшаға сценарий керек.

3 жауап

+1 дауыс
1маусым балалар күніне арналған балабақшага сценарый керек бүгінге
0 дауыс

1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Бар мейіріміміз балалар)

«Бар мейіріміміз балаларға» лагерьдің ашылу салтанаты

Бақшаға біз гүл ексек, 
Балдырғаным, сен үшін, 
бақытыңды жыр етсек, 
Балдырғаным, сен үшін 
Жігіт болар,күні ертең 
Балдырғаным, гүл еркем 
Бақытты бол,өсе бер, 
Құтты болсын мерекең! 
Құрметті, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар ! 
Бүгінгі №100 мектеп-интернат жанынан ашылып отырған «Айгөлек» күндізгі тынығу лагеріне қош келдіңіздер! 
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейірімімізбалаларға» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
Әнұран: 
Арманы бір, үні бір 
Аға ардақты, іні гүл 
Бақыт туын көтерген 
Балалардың күні бұл 

Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?» 
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен) 
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. 
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен! 
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз. 
«Бар мейіріміміз балаларға!» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз. 
Келесі сөз «Айгөлек» тынығу жетекшісі Пшанова Айгүл апайға береміз. 

Қабыл алшы өнерлерін баланың, 
Тілектері орындалсын ананың. 
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп, 
Өздеріңсің жалғастырар бабамның. 
Біз өнерсіз баламыз ба?! 
Көрсін аға апалар 
Көрсін папа,мамамызда 
Ырза болсын балалар 

Хор: «Лагерь жыры» 
Әдеби –музыкалық монтаж 
Ән көмейден төгілді 
Қайғы бұлты шегінді 
Балалармен дүние 
Көрікті де көңілді – балалар мерекесіне арнап Нұрберді Олжастың орындауында «Бал бала» қабыл алыңыздар 

Әдеби музыкалық монтаж 

Ән айтайық қосылып, 
Сәбилердің бұл күні 
Мақтап кетсін осы жұрты 
Балалар деп үлгілі 

«Анашым» әні орындайтын Сәдір Аманбек 
Жан иірімі біле білсең би деген 
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген 
Қазағымның би өнерін паш етіп 
Алдымызда аруымыз билеген 

«Қара жорға» биі бір топ бишілер 

Құшағымыз қызыл гүл 
Гүлмен келсін келер күн 
Балалардың күлкісі 
Көркі сәні әлемнің 

«Қызыл гүлім-ай» орындайтын Абылай Ақжол 

Өнерлі өрге жүзер талаптанып, 
Қыран биік самғайды қанат қағып. 
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу 
Жүрген соң адам деген атақты алып 

Өзбек биі Асқар Перизат 

Талайлардың шырқалады жыр әні, 
талайлардың жүрегі нұр құшады. 
Бүгінгі күн туған жер аспанында, 
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз. 
«Сыныптастар құрдастар» 4 сынып оқушылары 
Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Абылай Ақжол 

Денсаулық ол – күлуің, 
Көңіл күйің жадырай. 
Денсаулық ол жүруің, 
Ешбір жерің ауырмай. 

«Спорттық би» бір топ бишілер 
Әнші болғым келеді бұлбұлдайын 
Әміредей болуды армандаймын 
Қанатымды қондырып ұшқан кезде 
Арманыма жақындап қалғандаймын. 

«Ақ мамам» орындайтын Альбина,Сәнім 

Достарымыз бар қуанып, 
Тамашалар кештерде 
Талшыбықтай бұралып, 
Биші боламыз өскенде. 
Би «Ламбада» бір топ бишілер 
«Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Карчалова апайға береміз. 

Тәрбиеленушілердің әжесі балаларға арнап ақ батасын берді. 
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын 
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың 
Қадамдарың сәтті болсын, балалар 
Тілектерің қабыл болсын ағайын!

0 дауыс

1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және де «Балдәурен» атты мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарлама

«Бала деген бір бақыт!»

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. 1 жүргізуші:

Қайырлы таң,қадірменді ұстаздар,бүлдіршін балалар! Сүйкімділер, періштелер сендерсіңдер, Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да, Ең алдымен балалықты меңгерсін. Ия, рас, бала болған бәрі де, Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де!-дей келе, «Бала деген бір бақыт» атты жазғы мектепішілік «Балдәурен» лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Дорогие ребята! Уважаемые взрослые! Сегодня мы собрались все вместе, чтобы встретить самое доброе, самое счастливое время года - лето. А еще чтобы отпраздновать День защиты детей и Открытие лагерной смены и открываем нашу праздничную программу.

Жиын! Сап түзе!

Сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін! ( Әнұран)

1 жүргізуші:

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,

Жоғалмасын ешқашан берекеміз. Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз, Құтты болсын,балалар мерекеміз!

2жүргізуші:

Растите и радуйте нас

Сегодня ваш праздник, ребята!

Все дети огромной Земли

Друг к другу спешат с поздравлением,

Желая здоровья, любви!

И мы вам, ребята, желаем, -

Растите и радуйте нас, Пусть сбудутся ваши желанья И мир будет добрым для вас!

Мы взрослые вам обещаем,

Во всѐм помогать, защищать,

И в сердце надеясь, мечтаем

Счастливыми вас воспитать Мы поздравляем вас с днем защиты детей, желаем вам быть красивыми, добрыми, счастливыми и радостными.

«Көркем» би ансамблінің 2 сынып оқушыларының орындауында қазақ биі: Домбыра.

1жүргізуші: 1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген сауықтыру лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Құттықтау сөзі мектеп директоры Сматаева Бағлан Қасенқызына беріледі.

2 жүргізуші :

-Знаем,знаем,здесь мальчишки- Озорные шалунишки! И девчонки хороши Улыбайтесь от души!

1 жүргізуші:

- Арманы бір,үні бір,

Аға ардақты ,іні бір,

Бақыт туын көтерген, Балалардың күні бұл. Бала бағы бар елдің,

Гүлмен келсін келер күн, Балалардың күлкісі, Көркі ,сәні әлемнің. Келесі кезекті оқушыларға береміз.

оқушы :

Бірінші маусым балалар, Қорғайтын күн сендерді, Нұр кіреді далаға,

Гүл көмкеріп белдерді.

оқушы :

Күміс күннің астында ,

Желбіреді туымыз.

Қазақ деген халықтың,

Ұлы менен қызымыз.

оқушы: Күлеміз,ойнаймыз, Демалып алаңсыз. Ризамыз саған біз, Ұлы Отан анамыз.

Ән . Лагерь жыры орындайтын Адема 1 оқушы. Наступило лето но в школу мы идем в лагере оздоровительном весело живем

оқушы. Будем мы ходить в музей о селе хотим все знать столько будет тут затей, что не сосчитать!

оқушы. Лето! Лето! Лето! Лето!

Никаких уроков нету!

Отдыхай!

Всем дана команда «вольно», Ждет на поле мяч футбольный, Забивай!

оқушы.Никаких заданий на дом! Речка – рядом, поле – рядом, Тут как тут!

Ну, а парта у окошка

И звонок – пускай немножко отдохнут!

Би «Гномики» орындайтын 1сынып оқушылары.

жүргізуші:

Әлемге асқақтаған өлеңіміз,

Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.

Жорыққа тауларына жиі шықсақ, Сол таудай асқар болсақ дегеніміз.

жүргізуші :

Бүгінгі еліміздің қырмызымыз,

Арайлы болашақтың ұл қызымыз. Арасын жер мен көктің жалғайтұғын Қанаты жарқыраған жұлдызымыз.

Татар биі орындайтын орындайтын 3сынып оқушылары.

Қымбатты балалар! « Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? деп ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай біз өзіміздің « Балдәурен» лагерімізде ойнап,ән салып,би билеп,білімімізді шыңдап демалуға тілектеспіз!

...