+1 дауыс
839 көрілді
Салеметсіздерме! Мен жігітіммен жүргелі 3 жыл болыд. уақыт оте келе екуміз бір бірімізді түсінуден қалып бара жатырмыз, арамызда көп ұрыс жанжалдар болды бірак екеуміз бір бірімізді қатты жақсы кореміз тез кешіреміз, бірақ кезекті ұрыстарымыздың арасы 2-3 кун сайын. неге бұлай болып жатыр? араны нормада ұстау менің қолымда ма? мен оны катты сүйемін одан айрылып қалғым келмейді, оның бар айтқанына конгенмін, бірақ ол мені силаудан қалып барады, жаман сөздің барлығын айтады, боқтайды, мені өзінің айелі санайды, мен де оны өмірімнің бір бөлшегі ретінде қабылдап кеттім.  енді не істерімді білмей кеттім, өзімді силаудан қалдым, кейде одан қашып кеткім келеді...

6 жауап

+1 дауыс
Адам организмнде Махаббат гармондары тек гана 3-4 жыл ғана ажралып шығады,  арман қарай бiр-бiрне болған құрмет, мейірімділік пенен ауысады, сiздердiн проблеманыздын бiр ғана шешiмi бар, ол екеуiнiз отбасы құруыныз керек болғаны !!!
+5 дауыс

Мен отбасын құру керек дегенмен келіспеймін. Қазірден бастап сізді сыйламаса, кейін үйленген соң не болады?! Бүгін аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықса, ертең күйеуі болдым екен деп "сіз - біз" десіп сыйлай қала ма?! Ұзақ уақыт жүрдім екен деп міндетті түрде тұрмысқа шығу керек  деп ойлаймын. Жақсылап ой елегінен өткізіп көріңіз. Жігітіңіздің сізге деген қарым-қатынасы неге өзгеріп кетті? Соның себебін табуға тырысып көріңіз. Ғашықтықтың, албырт сезімнің ұшқыны әлсірегенде екі адамды бір-біріне деген бауыр басу, рухани жақындық, өзара сыйластық дегендер ажыратпай ұстап тұрады. Кейін отбасы болғанда да, махаббаттан гөрі сыйластық пен төзім басты рөл атқарады деп ойлаймын. Егер қазірден бастап қашып кеткіңіз келсе, онда қалған өміріңізді бірге өткізудің қажеті бар ма?! Егер жай ғана екеуара түсініспестік болса, келісіп, сөйлесіп шешуге болар. Бірақ өзіңізді сыйламаған адамды өмірлік серік етуге бел байлау - үлкен тәуекел деп ойлаймын. Әдетте ұрсыса беретін жұптарға мына сөзі айта беретін едім (бір жерден оқығам): 

- Түсінесің бе? Біз үнемі ұрсысамыз. Үнемі... Демек, бірге бола алмаймыз ғой? Солай ма? 
- Саған шие ұнай ма? 
- Иә...
- Оны жегенде сүйегін алып тастайсың ба? 
- Иә, әрине... 
- Махаббат та дәл сондай. Өзің жақсы көрмейтін сүйекті алып таста, бірақ шиені жақсы көре бер.

Бірақ сізге жалпы шиенің дәмі ұнамай кеткен сияқты.... 

 

0 дауыс
Одан қашып маған кел, бақытты боламыз. Мен орыс емеспін.
+1 дауыс
Мен бiр-ақ нәрсе айтайын. Арада сыйластық, Жанашырлық және Сенiм болмаса онда жүрудiңда, отау құрудыңда ешқандай мәнi жоқ.
+1 дауыс
Казирден бастап балагаттаса уйленген сон кол котеретин болады. Бул ен коркынышты нарсе деп ойлайм мыс мен отбасын кургалы 7 жыл болды маган куйеум али кунге дейн балагаттап корген емес.Ал сени алден балагаттаса ертен жагдай киындап кетеме деп коркам.оны сен басындыртпа. Ол ушин сен оган караганда акылдырак болуын кажет сонда ол сени сыйлайды деп ойлайм.
+1 дауыс
Кейде қыз кезінде ұнатқан жаның, үйленгеннен кейін керек болмай қалуы мүмкін. Барынша ақылға салыңыз.Өйткені сіздің тағдырыңыз шешіледі.
...