0 дауыс
3.8k көрілді
Осымен екінші рет түсімде бұрынғы жүрген жігітімді көрдім. Біріншісінде ол қып-қызыл ұзын куртка киіп алған еді, екі қолына екі кішкентай балаларды ертіп алған екен, ұйқымнан оянған соң, оның қиналып жүргенін сездім. Бірақ екі күннен соң оның әкесінің қайтыс болғанын естідім.
Енді осы жақында тағы бір түс көрдім. Түсімде ол жаңадан үй соғыпты, ішін барлығын көріп, аралап жүрмін. Сосын сол көшенің басынан от шығып барлық үйлерді жалмап жатыр, сосын оның үйіне келіп от үйді өртеп жатыр, барлығымыз жүгіріп өшіріп жатырмыз. Отты өшіріп болған соң, үйдің ішіне кірсем ештеңе болмаған. Одан үйден терезеге қарасам түрлері қорқынышты бірнеше кісілер үйді айналып жүр, түрлерінен арам пиғылдары бар екенін білуге болады. Мен кіріп кетпесін деп , қорқып барлық терезелерді, перделерді жауып жатырмын. Содан сыртқа шығып қалсам бұрынғы жігітім келе жатыр екен, артынан сол аңдып жүрген бір кісі келіп оты бар темірді арқасына тығып жіберді де қашып кетті. Кейін үйге кіргізіп қарасақ жігітім қалың, қалың курткалар киіп алған екен, жаңағы темір кірмепті денесіне, содан оянып кеттім. Мұны қалай жориды. Жақсылық болса екен.
Мен онымен араласпаймын қазір, мектеп кезінде жүргенбіз. Бірақ неге түсіме кіретінін және не үшін мұндай ауыр түстер көретінімді түсіне алмай жатырмын.

1 жауап

0 дауыс

Менің сұрағым неге қазіргі таңға дейін ол жігіт жайлы ойлайсыз? Сізге кездейсоқ бір рет енуі мүмкін түсіңізге. Себебі өткеніңізде өткен оқиғалар миыңыз жемалып жатқан кезде қайта ойыңызға түсуі мүмкін. Ал қайта қайта көре берсеңіз сіз ол жайлы ойлап жүрсіз деген сөз. 

Түсті әркім әрқалай жүруі мүмкін. Қатты уайымдап шын көңіліңізге алып жүрсеңіз, хабар алып көріңіз. Немесе жай барлығы жақсы болса екен деп тілеңіз. Оны біреу жорып берсе де сіз ол информациямен ары қарай не істеймін деп ойлайсыз? 

...