+1 дауыс
Сізге кім жақын, əжеңіз бе, əлде нағашы əжеңіз бе? Ойларыңыз.
27.05.2015 751 қаралым

7 жауап

+2 дауыс
Екеуін де бөлмей жақсы көрер едiм. Тек әжем ғана бар, нағашы әжем бұрынырақта қайтқан.
27.05.2015
+1 дауыс
Ал мен екеуінде жақсы көрем).Бірақ әжем менің кішкентай кезімде қайтыс болған,ал нағашы әжем тірі қазірі ол басқа ауылда хабарласып тұрады).
27.05.2015
+3 дауыс
Екі әжемді де қатты жақсы көремін және сыйлаймын!Нағашы әжемнің ерке баласымын)Ал туған әжем мен туылмай жатып қайтыс болып кеткен.
27.05.2015
+1 дауыс
Альхамдуллилаһ,екеуі де тірі.Екеуін де қатты жақсы көремін.Біреуін қатты жақсы көремін деп бөлуге болмайды.Екеуі де бірдей………
27.05.2015
+2 дауыс
Бұл сұрақты не үшін қойып отырсыз (3 жасар баланың папаңды ма мамаңды қайсысын жақсы көресің деген сияқты болып кетті ғой)
27.05.2015
Сізбен толықтай келісемін
Менің басымдағы жағдай тағы біреудің басында бармекен дегенімғо.
+2 дауыс
Менің әжем мен туылмай жатып қайтыс болған((

Ал нағашы әжем аман-есен Құдайға шүкір, нағашы әжемнің үйіне күнде барып тұрамын бос болсам. Нағашы атам мен әжемнің тұңғыш немересімін, сондықтан да нағашыларым мені басқа немерелерінен ерекше көреді, өзім нағашыларымның баласымын).
27.05.2015
Екеуміздің ұқсастықтарымыз бар екен)
+1 дауыс
Өз әжем жақын, шыны керек. Әжеммен туылғаннан бері бірге тұрдық. Ал нағашы әжем басқа қалада тұрды. Бір шаңырақта тұрғаннан артық жақындастыратын не бар?!
27.05.2015

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы