0 дауыс
5.8k көрілді
Тәркілеу

Антанта

Барборосса жоспары

Оппозиция

Құрылтай

Тотелитарлық

Молеризация

Менталитет

Ұлтжандылық           -дегендердің анықтамасын жазыңдар

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Тәркілеу, конфискация (лат. confіscatіo — мүлікті қазынаға тәркілеу) — сотталушының меншігіндегі мүлікті мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алу. Тәркілеу пайдакүнемдік пиғылда қылмыс жасағандарға қосымша жаза ретінде тағайындалады

Антанта (франц. Entente, Entente cordіale – “келісім”) – Англия, Франция мен Ресей мемлекеттерінің әскери одағы. Бастапқыда “Үштік келісім” деп аталды. Негізі 1904 – 07 жылдары қалыптасып, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Германия коалициясына қарсы 20-дан астам мемлекетті біріктірді


Барбаросса жоспары (Fall Barbarossa) — фашистік Германияның КСРО-ға қарсы бағытталған соғыс жоспарының шартты атауы. Алғашқыда “Отто жоспары”, кейін император Фридрих І Барбаросса құрметіне аталынған

Оппозиция (лат. opposіtіo – қарсы қою) – өз көзқарасын, саясатын басқа саясатқа, көзқарасқа қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу[1]; бір көзқарастар мен әрекеттерді басқаларына қарсы қою; үстемдік ететін элитаға қарсы тұратын саяси лидерлер, партиялар, қозғалыстар.

Құрылтай — түркі-моңғол ақсүйектерінің ресми кеңесі. Түркілерде, кейін Шыңғыс хан империясында Құрылтай үлкен рөл атқарған. Онда, негізінен, ұлы хан сайлау, жауланған жерлерге иелік ету және әскери жорық бағытын белгілеу мен оған әскербасы тағайындау мәселелері шешілді

Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады

Молеризация - иондардың молекулаларға бірігуі

Менталитет немесе діл (лат. menta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады

Өкінішке орай ұлтжандылық дегеннің анықтамасын таба алмадым.Мағыналас отаншылдық  деген сөзді жаза кетейін
Отаншылдық, отан сүйгіштік, патриотизм (грек, patris - Отан) - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі.
Жауаптардың көпшілігі   kk.wikipedia.org   сайтынан алынды
...