0 дауыс
1.2k көрілді

Раввин, авантюра, авансцена, аванпост деген сөздердің анықтамасын айтып бере аласыздар ма?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Раввин (көне еврей тілінде рабби — оқытушы, мырза) — иудей діни басшысы. Ол иудей қауымына діни қағидаларды үйретіп, пәтуа, шешімдер шығарады. Діни ғұрыптық жоралғыларды атқарып, синагогада уағыз айтады. Орта ғасырларда раввин иудей қауымының діни санасына ғана емес, сондай-ақ саяси және экономикалық өміріне де басшылық жасады. Қазіргі Израилде равинат мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатына ықпалы бар, дүние жүзіндегі еврей диаспоралары арасында белсенді миссионерлік қызмет атқарады.

Авантюра (фр. aventure - кезу, саяхат; қауіп-қатерлі әрекет) — кездейсоқ сәттілікке есептелген тәуекелге, күмәнға толы әрекет; шынайы мүмкіндіктерді есепке алмай басталған және сәтсіздікке апарып соқтыратын іс. Авантюрист деп қызметі жеңіл жетістік, пайдаға қол жеткізуді көздей отырып, принципсіз, күмәнға толы, көзсіз тәуекелге барумен сипатталатын адамды атайды.

Авансцена (фр. avant және фр. scene) - сахнаның алдыңғы жақ бөлігі. Қазіргі театрда шымылдық пен рампа арасындағы кеңістік. Кейде Авансцена спектакльдіңбөлімдері арасында сахналық жиһаздардың орнын алмастыру кезінде актерлердің жабық шымылдық алдында шағын сахналық көрініс, интермедияны орындауында пайдаланылады.

Аванпост (фр. avant-poste) — алдыңғы пост, алдыңғы шеп, әскердің қарсылас жаққа қойылған алдыңғы күзет посты, сонымен қатар посттың орналасқан орны. Ол 18-19 ғасырларда орыс және басқа да шетел әскерлерінде қолданылған. Соңғысында және армия ұстаған барлық мемлекеттерде осы күнге дейін сақталған.

 

Рахмет, бәрін дұрыс дейді. Дерек көзін айтып кетсеңіз басқаларға үлгі болар еді.
...