0 дауыс
33.4k көрілді
Адам ағзасының тіршілік әректі құбылыстарының реттелуі, жүйкелік және гуморальдық реттелудің өзара байланысы ,осы сұраққа жауап тапқым келеді.

3 жауап

0 дауыс

Бірінші сұраққа жауапты мына жерден қарап көріңіз.

Организмдердің өздігінен реттелуі. Гомеостаз 

Адам организмінін және өр түрлі мүшелерінін тіршілік әрекеті ның ішкі ортасындағы қан, лимфа, клеткааралык сүйыктыктың Физикалык-химиялык тұрактылығымен жүзеге асады. клеткааральщ сүйыктық клетканы жуып, тазартьш отырады. Органгизмнің ішкі ортасының құрамының, қасиеттерінің негізгі физиологиялық функцияларының тұрақтылығының сақталуы-
гомеостаз деп атайды. Бұл тұрактылықты сактауда гуморальдык және жұйке жүйесі аркылы реттелудің маңызы зор.
Гуморальдык (латынша humor — сұйықтык) немесе гормондар арқылы реттелу жануарлардың эволюциялық дамуының бастапкы кезеңінен белгілі. Мысалы, қандағы, ұлпааралык сұйыктыктағы сутек пен әр түрлі металдардың иондарының конц-н өзгерту арқылы клеткалардағы және ұлпалардағы тіршілік әрекеттеріне байла­нысты процестердің қаркынын ↑ немесе ↓болады. Олар адам организміндегі барлық тіршілік процестеріне қатысады да, жүйке импульсін жүйке клеткаларынан баска жүйке клеткаларьша немесе мүшелердің шеткі клеткаларына жетуін қамтамасыз етеді.
Қанмен де организмге түрлі химиялык заттар таралады. Эндокринді жүйе түзген гормондар қанға түседі де, әр түрлі мүшелерге, ұлпаларға, клеткалар тобына жеткізіліп, организмнің өздігінен реттелуіне қатысады.
* Эндокринді жұйенің бездері — гипофиздің артқы бөлімІ бөлген окситоцин гормоны сүт бездерінен сүттің белінуін, вазопрессин зәрдің бөлінуін реттейді. Гипофиздің алдыңғы бөлімі өсу гормонын, қалқанша маңы безі плазмадағы Са2+ мен РО3- деңгейін, қалқанша безІнен бөлінетін гормон негізгі алмасуды, өсу мен дамуды реттеуге қатысады. Қалқанша маңы безінен бөлінген кортизон гормоны нәруыздың ыдырауын, глюкоза мен гликогеннің синтезін реттейді. қабынуға, аллергияға қарсы есер етеді. Бүйрек үсті безі бөлген минерало-кортикоид гормоны клеткадағы және клеткааралық сұйықтықтағы Na+, К+ иондарының мөлшеріне, қан қысымына әсер етеді. Бүйрек үсті безінен бөлінетін адреналин гормоны жүректің соғуының жиілігін, терідегі, ішкі мүшелердегі қылтамырлардың (капилляр) тарылуын; жүректің, сүйек бұлшық еттеріндегі артериолдардың кеңуін, қандағы глюкоза деңгейінің көтерілуін реттейді. Норадреналин — майда қызылтамыр (артерия) қан тамырларының тарылуын, қан қысымының көтерілуІн реттеуде маңызды рөл атқарады. Ұйқы безі бөлетін инсулин гормоны — қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуін, клеткалардың глюкоза мен аминқышқылдарды сіңіру, пайдалану қабілетінің жоғарылауын реттейді. Глюкагон гормоны қанның құрамындағы глюкоза деңгейінің жоғарылауына әсерін тигізеді, бауырда гликогеннің глюкозаға дейін ыдырауының қарқынды жүруін реттеуге эсер етеді. Қарынның, ащы ішектің сілемейлі қабығының клеткаларынан бөлінетін гастрин, секретин гормондары қарынның сөл бөлу секрециясының, ұйқы безі секрециясының жұмысын реттеуге қатысады.
Холецистокинин гормоны — өт іркілетін қалтаның жиырылып, ұйқы безі сөлінің он екі елі ішекке құйылуын реттейді. Аналық бездің сары денесі бөлетін прогестерон жене аналық бездің фолликуласьнан бөлінетін эстроген — жатырдың өсуін, дамуын, нәрестенің дамуын реттейді. ұрпақжолдас (плацента) безі бөлетін хорионды (хорионический) гонадотропин, плацентарлы лактоген гормондары сары денені сақтайды, сүт бездерінің жылдам өсуін реттеуге қатысады. Аталық без бөлетін тестостерон гормоны аталық жыныс белгілерінің дамуын реттейді.
Гуморальдык реттелу жөне оның жауабы (мысалы, өсу) баяу жүреді. Гуморальдык реттелудің кемшілігі — көптеген биологиялык активті заттар организмге таралыл, зиянды әсер етеді. Эволюция барысында осы максатқа сәйкес дұрыс реттейтін жүйке жүйесі калыптасты. Жүйке жүйесі аркылы реттелу гуморальдык реттелуге қарағанда мыңдаған есе жылдам жүреді.. Организмдегі функциялардын біртүтас жүйкелік-гуморальдык реттелуінен, негізінен, организмнің тіршілік әрекетінің өздігінен реттелуі туындайды. Организмдегі өздігінен реттелу гомеостазды сактайды. Өздігінен реттелусіз тұрақты тіршілік процестерінің жүруі мүмкін емес, яғни организмнің тіршілігі де жалғаспайды.
Тіршілік үшін маңызды процестер калай жүзеге асады? Оған мысал ретінде адам денесінің температурасының реттелуін алайық. Адам денесінің температурасы (түракты 36,5°С) патологиялык процестерге, суыкка, күшпен орындалатын жұмыстан кейін қалыпты жағдайдан ауытқиды. Температураның жоғары көтерілуін сезетін жүйке рецепторларынан хабар ең басты реттеуші мүше — жүйке жүйесінің орталык белімдеріне келеді. Ми "шешім" кабылдайды да, "бүйрык" береді. Нәтижесінде организмнің тіршілік әрекеті өзгереді. Клеткадағы зат алмасу қаркыны төмендейді, энергия аз бөлінеді. Дене қызуы томендейді. Сонымен катар кан тамырлары кеңейіп, тер боліну аркылы денеден жылу сырткы ортаға бөлінеді. Нәтижесінде дене температурасы калыпты жағдайга келеді. Тіпті төмендеп түсіп кетеді. Рецепторлардың жүмысына байланысты керісінше өзгерістер жүреді. Сөйтіп, азгантай гана ауыткып отырады.
. . Жүйкелік-гуморальдық реттелу.

0 дауыс

Жүйкенің реттелуі рефлекстер арқылы өтеді. Рефлекстер барлық клеткаларда, ұлпаларда, мүшелер жүйелерінде бар. Олар жүйке жүйесінде пайда болған өзгерісті жылдам қабылдайды. Әр түрлі мүшелер жүйелерінде жүйке жүйесінің тарату жылдамдығы, сондай-ақ бір секундтан аз уақыт ішінде қозу пайда болады. Жүйке жүйесі оларды өзара байланыстырып, жұмыс әрекетіне дер кезінде үйлесімдік әсерін тигізіп отырады.

0 дауыс
Жүйкенің реттелуі рефлекстер арқылы өтеді. Рефлекстер барлық клеткаларда, ұлпаларда, мүшелер жүйелерінде бар. Олар жүйке жүйесінде пайда болған өзгерісті жылдам қабылдайды. Әр түрлі мүшелер жүйелерінде жүйке жүйесінің тарату жылдамдығы, сондай-ақ бір секундтан аз уақыт ішінде қозу пайда болады. Жүйке жүйесі оларды өзара байланыстырып, жұмыс әрекетіне дер кезінде үйлесімдік әсерін тигізіп отырады.
...