Альтруизм (лат. alter - өзге, фр. altruisme) - басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу. Эгоизмге (лат. -ego - мен) қарама-қарсы. (Википедия)
Меніңше дұрыс. Бірақ әуелі өз отбасыңа, жақындарыңа қамқор болуды үйренген соң ғана өзгелер үшін өмір сүруге болатын сияқты. Бір сөзбен айтқанда, әуелі жақындарыңды жарылқап алған дұрыс. Қазір әлемдегі көптеген түйткілді мәселелер (мыс.экологиялық ластану, табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектесу, бейбітшілікті сақтау, т.б,) NGO-лардың (Үкіметтік емес ұйымдар) белсенді қызметі арқасында шешімін тауып, шешімін таппаса да, жұрт назарына ілігіп жатыр емес пе?! Ол адамдар өзіне тікелей пайдасы да, қатысы да жоқ істі неге істейді деп ойлайсыз? Өзгенің, барша адамзаттың мүддесін өзінен, күнделікті нәпақасынан жоғары қойғаны үшін болар... Өз басым мұны қолдаймын. Егер альтруистер болмаса, эгоистері басым мына әлемдегі әділдіктің таразысы теңесер ме еді?!)))