+3 дауыс
1.8k көрілді
Саламатсыздарма? Мен айелимди жаксы кормей қалдым. Онын себеби жаксы корген кызымды алып кашкан кезде, беташар басталмай жатып, шешеси алып кетип калды. Содан кейн 2-3 ай стрессте журдим. Уйдегилер уйлен деп коймады. Сол кезед озиме емес, аке шешеме унайтын кызды алганмын. Айелим жаксы, момын, адепти, улкенди сыйлай билетин тартипти жан. Алайда мен оны жаксы кормеймин. Арамызда 1 кызымыз бар. Уйленгенимизге 2 жыл болды. Али суйиспегенбиз... Не истеримди билмей журмин. Кенес бериниздерши...
@Jako ағасы орныңыз қатты білініп жатыр.
Жәкең не үшiн жауап жазбайтындығын бiлесiң бе? Себебi сұрақ Жәкеңе ұнаған жоқ, анығырақ айтқанда сұрақ қоюшы ұнамады, оның жасап отырғаны. Жәкеңдi белгiлеп кеткен жағдайда да, жауап жазбаса (әсiресе жанұя, психологиялық) онда сұрақ қоюшының тiрлiгi ол кiсiге ұнамады деген сөз. Бiр сөзбен айтқанда бұл жiгiттiң ойына қарсы деп философ болып кеткенсiң ба...

9 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап

 Махаббат, ғашықтық - эгоистікке құрылған нәрсе болса, отбасы - әрдайым өзгелерді ойлаудан тұрады деп ойлаймын. Әрине, тағдырдың тәлкегімен өзі сүймеген адаммен бірге басына үй тігіп, бауырына қазан асқандар көп қой. Бірақ өмір бойы жарыңызды сүймейтініңізді ғана ойлап, өкініп өтсеңіз, өзіңіз де, әйеліңіз де бақытты бола алар ма екен... Ақыры шешім қабылдаған екенсіз, "алдағы өміріңізді қалай бақытты өткізем, қайткенде абыройлы отағасы, сенімді күйеу, жақсы әке болам" дегенді ойланып көрген де дұрыс шығар. Өйткені бір отбасының, екі бірдей адамның тағдыры сіздің қолыңызда. Бала үшін ең маңыздысы - әкесінің анасын сүйгені, сыйлағаны емес пе? Егер жарыңызға суық қабақ танытсаңыз, өз қызыңыздың болашағына зияны тиюі әбден мүмкін. Қалауына жетіп бақытты болып жатқан кім бар? Бәрі өзіне рұқсат етілген әлемнен бақытын тауып, табуға тырысып жатыр емес пе? "Ақыры осылай болған екен..." деңіз де, жаңа өмір бастауға талпынып көріңіз. Кейде өмірдің өзгерісі - ойдың өзгерісіне байланысты болады екен. Әйеліңіз сыйлайтын күйеу, қызыңыз мақтан тұтатын әке болуыңызға тілектеспін! Ең бастысы бақытты адам болыңыз! (Тұрмысқа шықпағандықтан сізге кеңес бергенім, мүмкін, орынсыз шығар? Деседе, өз ойыммен бөлісіп, сізге аз да болса демеу бергім келді. Айып етпеңіз!)

+1 дауыс
Басқамен сүйiсiп жүре бер.
+2 дауыс
Ең жаманы сол ғой,бұл тағдыр.
+2 дауыс
Ең бастысы әйелің жақсы адам болса болды емеспе, қанағат тұт.
Ешкім де жақсы көретін қызына үйленген емес. Зерттеп қарап шықсаң, бәрі де сен сияқты өкініп жүр, бірақ білдірмеуге тырысып жүреді.
Мені өкініп жүр деп кім айтты? Өзің өкініп жүрген шығарсың.
+3 дауыс

Өзгер,барлығын өзіннен баста!Сондай жанның саған бұйырғаның мақтаныш тұт!

+3 дауыс
Отырып алып акыл үйрету оңай ғой,  сонда да пiкiрiмдi айтып кетейн,
өзіңді қадірлемген адамдарды деп, қасындағы күнәсіз қызың,  жолдасыңнын  өмірін бұзу адамгершілікке  жатпайды.  Ауыр әлде ешбір ойлануга уақыт таппайтын жұмыс пен айланыс сонда бұндай сұрақтар мазаламайды !!!
0 дауыс
Маңдайға жазылғаны сол болса оны бағала жоғалтып алма. Бұрынғы бойдақтық өмірді ұмытуыңа тура келеді. Аллаһтың жүзі тура болсын. Байлыктын сонынан,куалап жетпейсин.Мандайга жазганнан кутылып кетпейсин..
0 дауыс
Арада қызыңыз бар екен, әкесіз өскен баланың тағдырын ойланыңыз
0 дауыс
мүмкің Аллаһ тағала сені үлкен бәледен аман алып қалғаң шығар, оны ойлағаннаң ештене өзгермейді және ештене оралмайды. Қазіргі әйелін жақсы болса, соңы бақытты ет, соңда бәлкім сезімің оянар

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
0 жауап
Белгісіз 15.05.2012 Жанұя сұрақ қойды
...