+2 дауыс
536 көрілді

Қазіргі заманда бізге қай жақтан үлкен қауіп төніп тұр? Ресей? Америка? Қытай? Егер сіздің ойыңыз осылай болса. Қатты қателесесіз. Біздің ең басты жауымыз - өзіміз. Сол жауымыздың ең басты өкілі - коррупция. 

Коррупция - мемлекет пен ұлтты азғындатып, түп тамырымен жоюға дейін алып келе алатын мәселе. Айтпаса да белгілі, пара беріп немесе алмаған адам біздің елде қалмаған шығар. Демек, кез-келген лауазымды деген орындарда, коррупцияға қарсы күресетін орындардың өзінде де коррупцияланған адамдардың отырғаны сөзсіз. 

Бұл сөзбен мен көпке топырақ шашып отырмын. Біз солай болуына лайықпыз. Пара беріп не алмасақ та, қатарласымыз бен замандасымыздың ісіне біз де айыптымыз. Өйткені, оны тоқтату үшін мардымды ештеңе де істеп жатқан жоқпыз.

Бірақ бізде әбден шіріп біткен жүйеден елімізді құтқаруға деген үміт бар. Ол үміт өсіп келе жатқан жастарда. Жастар егер парамен іс тындырғанын мәртебе көрудің орнына, параға ерекше бір жиіркенішпен қарайтын болса ғана, біз коррупцияны тоқтата аламыз. 

Бірақ оған қалай қол жеткіземіз?
Оның бір жолы, барлық адамдар коррупцияның қандай аянышты жағдайларға алып келгені, қаншалықты шығынға батырғанын бақырайтып адамдардың көз алдына көрсету керек. Сонда ғана адам ойлана бастайды. Ал қазір ше, барлығы парамен іс тынғанына ырза болып, оның қандай жағдайларға алып келгенін түбіне дейін ойлап та жатпайды.

Неге тек қана жастар?
Жасы үлкен адам жастардың сөзін тыңдағысы келмейді және олардың жай сөзбен ойлау принциптерін өзгерту мүмкін емес. Бұл жүйе өрмекшінің торы секілді, аттап бастырмайды. Сондықтан да олардың бір жағынан қолдары байлаулы.

Осы топ аз да болса, теңізге тамған бір тамшыдай болса да, коррупцияны тоқтатуға септігін тигізер деп үміттенемін.

Топқа жазылып, еліміздегі коррупцияның нәтижелері туралы жаза отырыңыздар http://vk.com/fruitsofcorruption .

(бұл сұрақ емес, админ н/се модератор егер өшіріп тастасаңыз түсінем)

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...