+1 дауыс
739 көрілді

еден жуушы

Шымкентте небәрі 30 000 (отыз мың) жалақы төлейтін қарапайым еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін 200 000 (екі жүз мың) теңге беру керек екен. Ал мектеп, бала-бақша, МАЙ сынды бюджеттік жұмысқа орналасу үшін жалақы көлеміне қарай екі немесе үш айлық жалақыңның мөлшерін береді екен я болмаса екі, үш ай тегін істеп бөліп төлейді екен. (бұл алып қашпа әңгіме емес ,факт) Облыстық, қалалық әкімдердің бұдан хабары барма екен, әлде өздерініңде хоббиы болған соң "сен тимесең мен тиме" деп отырма екен? Коррупция еліміздің бүкіл аймағында белең алғаны рас болсада дәл мұндай сұмдық ОҚО дан басқа облыстарда жоқ шығар. Халықты осыншама қанауға болама? Пара алатын адамдар сол харам ақшаға қалайша балаларына, ата анасына тамақ алып жегізеді екен, қалайша харам ақшамен әйеліне киім әперіп, қалайша баласының оқуын төлейді екен? Жалпы түнде қалайша тып тыныш ұйықтайды екен? Ал байқұс еден жуушы әйелдің бірден 200 000 (екі жүз мың) беруге жағдайының жоқ екені бесенеден белгілі, сонда ол өз еңбегінің жемісін көру үшін 6,7 ай тегін істеуге мәжбүр болғаныма, сол уақыт аралығында оның бала шағасы ше ?

1 жауап

0 дауыс
Мен жұмысқа тұру үшін пара беріп көрмеппін. 2 жерде ғана жұмыс істеп көргеннен кейін шығар)))
ал алып көрген жоқсыңба?)
...