+2 дауыс
538 көрілді

8 жауап

+1 дауыс
Еліміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевты айтуға болады деп ойлаймын. Азғанан уақыт ішінде аяғынан шалып жатқандарға қарамай қаншама тіршіліктер жасады. Әлем мойындап отырғанын өзіміздің көрмейтініміз қандай өкінішті.
Жако, сен, шынымен осыны жазып отырсың ба? Анау балалар жазса, бір жөн.
НӘН өлгенде бар шындық ашылады, баяғыда Ленин құдай сияқты еді ғой, қазір небір сұрқия тірліктері шықты. Әлем оны мойындап отырған жоқ, әлемді біздің байлық қызықтырып отыр, сондықтан оларға НӘН сияқты "арты боқ" президент отырған жақсы. НӘН-нің тек қазақта бірінші президент деген аты қалады. Ең сорақысы - басқасын айтпағанда, халқына қарсы оқ атқан президент деген аты қалады.
Қой, Мұңал. Осы шынымен сен өзің ел басшысы бола қалсаң Қазақстанды айға апарып қондырып қоятындайсың ғой. Ел басқару оңай емес, сен сияқты жеңіл ойлайтын, "алма піс, аузыма түс" дейтіндердің талайының сөзін көтеріп, елі үшін тер төгіп жүрген азаматты да солай деуге бола ма екен? Тіпті Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисінде "басшыларың қара нәсілді болса да құрметтеп, бас иіңдер" делінген жоқ па. Халыққа оқ атқанын қалай дәлелдейсің әлде шынымен бұйрықты Назарбаев берді деп ойлайсың ба? Естігеніңді өзің барып қолмен ұстап, көзбен көргендей ғып айттың-ау, Құдайдан қорықсаң етті....
Шүкір, Өзбекстан, Қырғызстан, Ирак, Иран, т.б қарағанда әлде қайда алдамыз, сонымен қатар ол елде біздегідей зейнетақы, жәрдемақы деген атымен жоқ... "Қанағат қарын тойғызар"
Шырағым, "көрсоқыр" болмасаңшы, тәуелсіз ақпараттар қара, тәуелсіз экономистер жазбаларын қара, біз 90-ж. деңгейіндегі экономикаға жете алмай келеміз. Тек қана шикізат беруші елміз, сол Өзбектер бертінде Бұхара қаласынан аймақтағы ең үлкен мұнай өңдеу зауытын салды, ал біз бар зауытымыздан шығатын бензин, керосинге зармыз. Бұл бір мысал ғана. Өмір тек қана "Хабар", "Қазақстан" каналдарындағы жарқын жаңалықтардан тұрмайды.  Әлі бірде-бір сайлау әділ өткен емес, сол ма сенің демократия деген өтірігің! Біздің елде барлық заң теқ қана бір адамға бағынатынын көзі ашық деп жүрген сен білмесең - жазып керегі жоқ екен!
Сонда бізді басқарып отырған ел ағасы қара халықтың қанын сорып отырған сүлік болғаны ма? Мынаны жазып отырған сен ақылды, ол ақымақ болғаны ма? Онда неге өзің барып ел басқарып орны орнына қоймайсың? Неғып жүрсің сөзі өтпейтін надан халықтың арасында? Тәуелсіз ақпараттар мен тәуелсіз экономисттерге сенуге қандай дәлел бар? Елбасы жаман болса олар қалайша жақсы болып жүр?
Мұңал,сенің білгенің осы ма,сөздеріңмен осы жастарды оқытып, тәрбиелеп отырған Отанына қарсы айдап салғың келіп отыр ма?Сөздерің өз халқына жау адамның сөзі.
Мен үшін маңызды емес:
Мен үшін маңызды емес
Сенің қалай киінгенің?
Кіші жүз бе, әлде
Ұлы жүз бе шыққан тегің?
Маңызды емес не тыңдайсың
Рок пе, әлде рэп пе?
Маңызды емес қай жерденсің
Семей, әлде Оралдан ба?
Қытайдан өз жеріне
Көшіп келген оралман ба?
Астыңдағы теміркөлігің
Тіпті маңызды емес де,
Ауди, БМВ, әлде Мерседес пе?
Маңызды емес сайлауда
Кім үшін бересің дауыс?
Байдың баласы сөйлейді
Болса да егер қисық ауыз,
Маңызды емес мен үшін
Депутаттың сөйлегені,
Ақиқатқа көзім ашық
Теледидар сөндіргелі,
Абырой, атағың болса да
Егер қалтаң қалың,
Мен үшін маңызды емес
Қорада бар қанша малың?
Маңызды емес тіпті
Жатса да егер бәрі танып,
Маңыздысы ұмытпау
Аштықта жеген тамағың,
Мен үшін маңызды емес
Қандай тілде сөйлегенің?
Маңыздысы құрметтеп
Өз тіліңді көтергенің,
Маңызды емес қай жерде
Қанша дүкен тоналғаны,
Маңыздысы қазақтың
Қазағына оқ атқаны,
Маңызды емес биліктің
Ауызбен орақ орғаны,
Маңыздысы мырзалардың
Маңызды іс қозғағаны,
Маңызды емес есірткі
Темекінің қай-қай түрі,
Маңыздысы апармайды
Жақсылыққа түбі,
Маңыздысы адам болып
Үлгі тұтар елге сыйлы,
Қазақ халқы айтқандай
Жақсының аты өлмейді,
Маңыздысы бұл әнді
Неше адам оқығаны?
Маңыздысы бұл әннен
Маңызды бір ой түйгені.
+2 дауыс
Әрине Нұрсұлтан Назарбаев
+2 дауыс
Ар заманнын оз батыры,оз акын жазушысы болган, казiргi танда олар шан баскан архивтерден табылмай жаткан шыгар
+2 дауыс
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Илья Ильин!!!
+2 дауыс
Мұхтар Шақанов, Илья Ильин және біздің облыс үшін көп қызымет еткен С. В Кулагин
+2 дауыс
сұрақтың идеясы, түпкі ойы түсінікті, бірақ менің қызықтырып отырғаны мына сөздерінің орналасу реті???:)
БӘлкім бір жыр шумағы болар...)
0 дауыс
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,
0 дауыс
Мен тер төккен мен мен үй жұмысын істедім НӘН мен еңбегімнің қасында ойнап қалады
...