+2 дауыс
12.9k көрілді
Түн,түнгі ой,сыр жайлы белгілі тұлғаларымыздың өлеңдер жинағы керек?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Келеді еріншек түн...

Келеді еріншек түн.
Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк.
Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің,
жанарына аспанды паналатып,
керілді айлы нұрда
сүт сәулеге кеудесін жалаңаштап.
Жалтылдаған тайғанақ айдынында-
егіз аққу сырғанап барады асқақ.
Аспанды өртеді үміт,
Жер-сұлуға сұқтанып сол шақтағы.
Айнакөлдің жанары төңкеріліп,
жарқылдайды төсінде моншақтары.
Тына қап жел де жансыз,
сұлулыққа қарайды Ай да жасып.
Екеуіміздей, Аспан мен Жер де амалсыз
көздерімен тұрды тек аймаласып.
    Фариза Оңғарсынова
Түнгі елес ....
Тым көңілсіз кейіпке еніп қошқыл Түн,
Аспанымнан көзді арбайды көп сылқым.
Өзің жайлы ойларымның отына,
Жаным балқып жылынамын ех, шіркін!..

Түнгі қала. Қызыл, сары түрлі шам,
Әуені ауыр айтып отыр бір кісі ән.
Арманымның көріп қалып бейнесін,
Алаулаған аспан жақтан мұң құшам.

Түнгі қала. Талықсыған түнгі ырғақ,
Түнгі ырғаққа тербеледі тұнжыр бақ.
Мен отырмын сәуле сүйіп жып-жылы,
Түнгі елестің көзіндегі күнді ұрлап.

Сені ойласам сезімге еріп ең ыстық,
Тарылардай көз жетпейтін кеңістік.
Мен де сені ұмытамын бір күні,
Сен де мені мазалама! Келістік!
Авторы: Қалқаман Сарин
Түнгі өлең. ...

  Қараңғы түн.
Ай жарық.
Шолпан жарық.
Шегінбессің, қойған соң жол таңдалып.
Көз алдымда бір тамшы дірілдейді,
Көктен түскен әр нұрдан қолтаңба алып.

Әдемі аспан…
Әлди жел..
Ән құмар шақ…
Әлем ғажап…Сүйген сәт-мәңгі бал сәт!
Жан еркем-ау, өзіңді жаныма ертпей,
Жалғыз өзім келемін жаңбыр аңсап…

Кеше шер мен шемен күй берірек –тін,
Елес боп кеп, кешімді керім еттің!
Қара аспанның түнегін қақ жарады-
Қарақаттай көздегі меруерт мұң…

Кімге айналып барамын, кімге айналып,
Қайда апарып соғады мұндай бағыт?
Парағымда жатысың күнде өлең боп,
Қаламыма бір ғажап гүл байланып…

Бір жанады жүрегім… Бір жаралы,
Қашан енді біздің бақ бүр жарады?
Өлең оқып беремін Көктен сұрап,
Ойыңды оқи алмаймын бір жаманы…

Қалау барда бөгеуден тағдыр алшақ,
Жалғыз жүре берем бе жаңбыр аңсап?
…Мұңның бәрі мың жұлдыз асар еді,
Түннің бәрін екеуміз ән қыла алсақ..

Өлеңді жазған: Рахат Әбдірахманов
МЕЙРАМБЕК БЕСПАЕВ орындайтын Түнгі сыр әнінің сөзін  де ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев жазған.  

Тербетіп жүрегімді сезім гүлдей
Сүйдім мен неге екенің өзім білмей
Сырласып аспандағы ай жұлдызбен
Түніммен сені ойлаймын көзімді ілмей
Сырласып аспандағы ай жұлдызбен
Түніммен сені ойлаймын көзімді ілмей
Нұр шашып бүгін маған жұлдыздар жымыңдаған
Ұйқымды түн ұрлаған
Аңсатпай келші жаным
 айтылмас сенсіз әнім
қолыма қоншы бағым

Келмейді бір өзіңсіз сана құрғым, ай жүзін арайланып дара тудың
Жаным-ау сенің мөлдір жанарыңды
іздеймін аспаныңның қара түннің
Жаным-ау сенің мөлдір жанарыңды
іздеймін аспаныңның қара түннің

Сен едің таусылмайтын айдын жырым,
оқсаттың дидарыңнаң майдың гүлін
Бейнеңнің сәулесі ме деп ойлаймын,
төгілем терезеңнің айдын нұрын
Бейнеңнің сәулесі ме деп ойлаймын,
төгілем терезеңнің айдын нұрын
Нұр шашып бүгін маған жұлдыздар жымыңдаған, ұйқымды түн ұрлаған
Аңсатпай келші жаным айтылмас сенсіз әнім, қолыма қоншы бағым
Сыр айтып далам маған мақпал түн манаураған, нұр сезім алаулаған
Келер деп алаңдадым тезірек орал жаным, сағындым жан арманым
Жауабыңызға көө-п рахмет!
+2 дауыс

Түн менің ұйқым үшін жаралмаған,

Түн келсе, түйсік түсіп, алаң болам.

Іздеймін жоқтарымды таба алмаған,

Аңсаймын жерлерімді бара алмаған.

 

Алдандырып, әлдилеп кеше-бүгін,

Неше жылым өтті екен, неше күнім?

Қаншама ойлар қалды қаза болып,

Жастығымның астында, төсегімнің?

 

Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,

Ұйқы тең шала-жансар өлімменен.

Қанша менің өлді екен уақытым

Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!

 

« Қайырлы түн »

Қайырлы түн!

Жер — Анам,

Көк аспанды жамыл да,

Таңға дейін дін аман,

Тәтті ұйқыда дамылда.

Орманың да шуламасын, Суларың да туламасын.

Ақ басты ала тауларың да, Күңіренбесін, жыламасын.

Шамыңды өшір,

Түсіре ғой пердеңді,

Қайырлы түн, алып Жер! Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді, Таптамасын танктер.

 

Қайырлы түн,

Көк аспан,

Алып жерді төсен де,

Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,

Ұшырама кеселге.

Қайырлы түн,

Ақ аспан,

Алып жерді төсен де,

Боз көрпеңді айқара жап иыққа.

Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан.

Қайырлы түн, ұйықта!

-Мұқағали Мақатаев-

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
9 жауап
+1 дауыс
6 жауап
+1 дауыс
6 жауап
...