+1 дауыс
6.0k көрілді
Бәрат түні туралы толық ақпарат керек?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Бәрат қандай түн?
Бәрат түні – шағбан айының 14 мен 15 арасындағы түн. Құран Кәрім Ләухул махфузға осы күні түсті. Аллаһу тағала бұрын ешнәрсе жаратпастан бұрын жарататын нәрселерінің барлығын қалады. Олардың бір жыл ішінде болатындарын осы түні періштелерге білдірді. Бұл кеш рақымдылық есіктері ашылып, дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі.

Бұл түні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қандай дұға оқиты?
Расулуллаһ бұл түні көп ғибадат жасап, дұға оқитын. “Аллаһуммәрзуқнә қалбән тақийән минәшширки бәрийән лә кафирән уә шақийән” дұғасын көп оқитын. Шағбан айында ораза тұту үлкен сауапты іс.

Хадисте не айтылған?
Хадис шәрифтерде былай делінді:
“Шағбанның он бесінші түні болғанда түнін ғибадатпен, күндізін оразамен өткізіңдер. Ол түні Аллаһу тағала былай дейді: “Кешірілгісі келетін адам жоқ па, күнәларын кешірейін? Рызық сұрайтын адам жоқ па, рызық берейін? Дертке дауа іздеген адам жоқ па, денсаулық берейін? Кім не қаласа берейін”. Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады.”

“Бұл түні көктердің есіктері ашылады, періштелер мұсылмандарға сүйінші айтады, ғибадатқа шақырады. Бәрат түнінде көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қияметте өкінесіңдер”.

“Бұл түні мұсылман туысымен байланысын үзген адам, өзін жоғары санаған және ата-анасына қарсы шыққандар кешірілмейді.”

Жәбірейіл алейһиссалам маған келді. “Тұр, намаз оқы және дұға ет. Бұл түн шағбанның он бесінші түні” деді. Бұл түнді ғибадатпен өткізгендерді Аллаһу тағала кешіреді. Тек мүшріктерді, сиқұыршыларды, бал ашушыларды, сараңдарды, ішкілік ішетіндерді, өсім беретіндерді және зинақорлық жасайтындарды кешірмейді.

“Осы жылы туылатын барлық бала осы түні дәптерге жазылады. Осы жылы өлетіндердің есімдері осы түні жеке дәптерге жазылады. Осы түні барлық адамның бір жылдық рызығы бөлінеді. Осы түні барлық адамның істегендері Аллаһу тағалаға ұсынылады.”

Бәрат түнінің Қадір түнінен айырмасы қайсы?

Бәрат түнін олжа, мүмкіндік деп біліңдер! Өйткені, ол – белгілі бір түн. Шағбанның 15-түні. Қадір түні өте қадірлі болса да, қай түн екендігі белгісіз. Бұл түні көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қиямет күні өкінесіңдер!”

Қияметте өкініп қалмау үшін бұл түнді олжа деп біліп, тәубе етіп, кешірім сұрау керек, қаза намаздарды оқу керек, Құран Кәрім оқып, мұсылмандарға дұға ету керек.

Әбдімүтәліп Сәттібайұлы.
Дереккөзі: www.islam.com.kz

+1 дауыс
Бәрат түні – Шабан айының 15-ші түні. Құран кәрім Ләухул махфузға осы түні түсті. Аллаһу та’ала бұрын ешнәрсе жаратпастан бұрын  жарататын нәрселерінің барлығын қалады. Олардың бір жыл ішінде болатындарын осы түні періштелерге білдірді. Бұл кеш рақымдылық есіктері ашылып, дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі. Расулуллаһ бұл түні көп ғибадат жасап, дұға оқитын. «Аллаһуммәрзуқнә қалбән тақийән минәш-ширки бәрийән лә кафирән уә шақийән» дұғасын көп оқитын еді (Риад-ун-Насихин). Шабан айында ораза тұту үлкен сауапты іс.
Шәбан айының 15 біздің күнтүзбе бойынша қай күн сонда?
Белгісіз
+1 дауыс
Менің білуімше,шәбан айы осы жылы 30 мамырдан-27 маусымға дейін созылады.
+2 дауыс

Шағбан айының 14-тінен 15-іне қараған түні. Ол біздің күнтізбе бойынша маусымның 12-сінен 13-іне қараған түні. 

Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Шабанның он бесінші түні болғанда түнін ғибадатпен, күндізін оразамен өткізіңдер. Ол түні Аллаһу та’ала былай дейді: «Кешірілгісі келетін адам жоқ па, күнәларын кешірейін? Рызық сұрайтын адам жоқ па, рызық берейін? Дертке дауа іздеген адам жоқ па, денсаулық берейін? Кім не қаласа берейін». Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады.»

 

сонда оразаны қай күні ұстау керек?
13 - маусымның күндізі.
мен бүгін ұстадым
0 дауыс
"Түнін ғибадатпен, күндізін оразамен өткізіңдер" делінген. Сонда оразаны 12 сінде ме, әлде 13 күні ұстау керек пе?
13-сінің күндізін оразамен өткізу керек.
0 дауыс
Салеметсізбе! Әбдімүтәліп ага 2016 жылы Бәрат түні қай күнге қай айға келіп тұр. Алдын ала рахмет! Жамал
...