0 дауыс
54.5k көрілді
Еліміз Егемендік алғаннан кейінгі елеулі даталар тізімі керек еді. Тауып бере аласыздар ма?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
1990 жылы қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың егемендігі туралы Декларация қабылдады.
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. .
1991 жылы Жоғарғы Кеңестің таңдауымен президенттің қызмет орны бекітілді. Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 12 желтоқсан күні - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.  
16 желтоқсан күні – 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасын еске алу күні. Алматы қаласының халқы бұл күні Республика алаңына шығып, 1986 жылы қаза болғандарды естеріне алады.
1991 жылы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының азаматтығы
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы қабылданды
1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды.
1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.
1991 жылы Қазақстан бойынша репрессия құрбандарына тұңғыш рет Ақтөбе қаласында Түйетөбеде ескерткіш қойылған. Осы жерден жаппай ату жазасына ұшыраған жүзге жуық адамның сүйегі табылған, ескерткіштің ашылуында жиылған халықта есеп болмады. Жақындарының сүйегі қайда қалғанын білмей жүрген талай ақтөбелік үшін, жалпы халқымыз үшін елеулі оқиға болды. Бұл ескерткіштің авторы — сәулетші Әбубәкір Әжіғалиев.
1992жылы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
Қорғаныс –тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі. 1992 жылдың 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» № 745 Жарлығымен өзінің дербес құрылымы, басқару мен қаржыландыру тәртібі бар республиканың Қарулы Күштер құрылысының негізі салынды.
- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент
Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады.
- 2003 ж.7 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің № 1085
Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-
теңіз күштері құрылды.
1992жылы 15 қаңтарда«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды
1992 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.
- Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде бірінше болып 56 мүше елді біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды.
1992 жылы 18 ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді.
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды. 1991-1994 жылдар аралығында әлемнің 111 елі ҚР таныса, 92 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
1992 жылы 8 мамырда ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.
1992 жылы 15 мамырда ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения, Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және мемлекет басшылары Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алды.Өз аумағын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен ұлттық сипатын жаңа мемлекеттік рәміздер бейнелейді. 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді. 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды.
1992 жылы 17 қазанда Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
ЮНЕСКО-ның келісімі мен тәртібі бойынша 1992 жылдың қазан айында тағайындалған «ЮНИТИ» («Бірлік») халықаралық сыйлығы «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваға тапсырылды.
1992 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Екі елде өз елшіліктері ашылды.
1992 жылы Тама Есет батыр Көкіұлының кесенесі салынды. Бұл шараға 75 мың адам қатысты деген дерек бар. Бұл идеяның авторы, жалпы осы істің басы-қасында болған — тілші ғалым Мұхтар Арын. Ескерткіш авторы — Тоқтаған Жанысбеков.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
Желтоқсанды еске алу 16 желтоқсан емес, 17 желтоқсан - Демократияның жаңғыру күні! ҚР Президентінің жарлығында көрсетілген.
+1 дауыс
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді. Сол жылы парламент таратылды.
1994 жылы 27 мамырда Қазақстан рамалы құжатқа қол қойып, НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» бағдарламасының 19-шы қатысушы мемлекеті болды.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жыл – Абай жылы болып жарияланды.
1995 жылы 12 қаңтарында Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т.О.Әубәкіровке, Т.А. Мұсабековқа, Ресей ғарышкері Ю.И. Меленченкоға –«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі –«Алтын Жұлдыз» тапсырылды. Т.А. Мұсабековқа, Ю.И. Меленченкоға «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атағы берілді.
1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1995 жылы 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 95,4% Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.
1995 жылы 19 мамырда Алматыда банкнот фабрикасының бірінші кезегінің ашылу рәсімі болды.
1995 жылы 26 мамырда Қазақстан аумағынан ядролық қарудың соңғысы шығарылды.
1995 жылы 3 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.
1995 жылы 30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.
1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.
1996 жыл – ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы.
1996 жылы 3 сәуірде Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа тари хи халық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін, ата-бабасының атымен жаздыруға мүмкіндік алды.
1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды. Авторлары:архит. Ш.Уалиханов(топ жетекшісі, мүсіншілер: Н.Далбай, Ә.Жұмабав, сәулетшілер Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев т.б)
1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
1997 жылы 8 қарашада мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты өтті.
+1 дауыс
2000 жылы 10 қазанда Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.
2000 жыл Елбасы Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Облыстық әкімшілік Ленин ескерткішінің орнына Кіші жүздің ханы, даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға ескерткіш орнату жайлы шешім қабылдады. Ескерткіш авторы — мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.
2000 жылы халықтан жиналған қаржыға Көтібар батыр Бәсенұлына кесене орнатылды. Оның авторлары — сәулетші Несіпбек Қожағұлов және суретші Әділғали Баяндин.
2001 жыл 21 ғасыр бастамасы.
2001 жыл – осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
2001-2010 жылдары –Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы іске асырылды.
2001 жылы 13 маусымда Алматыда І республикалық «Бөбек» шақырады» фестивалі өтті.
2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.
2001 жылы 7 қыркүйекте Ақтау қаласында, Қазақстан жастарының 1-ші Конгресі өтті.
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.
2001 жылдың 22-25 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары болып өтті. Қазақстан Республикасындағы дінаралық келісім дін өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен сипатталады. Еліміздегі конфессияаралық келісім мен ұлтаралық келісім бірін-бірі толықтырады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы 22-24 қыркүйек аралығында католиктер мен христиандар, православиеліктер мен иудейлер бастарын қосып, барлық мәселелерді бірлесе талқылаған Әлемдік діндер съездерінің өткізілуі – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың айғағы.
Орыс православие шіркеуі Қазақстанда дінге сенушілер саны жағынан алғанда екінші орында тұр. 1996 жылы орыс православие шіркеуі Н.Ә.Назарбаевты І дәрежелі Киелі князь Даниил Московскийдің орденімен марапаттады.
2001 жылы 18 мамырда астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
2002 жыл – «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
2002 жыл 4 маусымда Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті.
2002 жылы 25-26 қыркүйегінде - Ежелгі Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
2002 жылы 23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өтті.
2002 жылы 24-26 қарашада – Екінші Еуразиялық Медия Форум өтті (Алматы қаласында).
2002 ж. Евразияның кіндігі — Астананың төрінде, сулы жасыл-желекті бульвар орталығынан - шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара – «Бәйтерек» монументі пайда болды. Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды. Н.Ә.Назарбаев жасаған сызба-нұсқаның жобасы негізінде тұрғызылған «Бәйтерек» халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 ж. ең үздік нысаны ретінде алтын медальға лайық деп танылды. Оның биіктігі 97 метр.
2003-2005 жылдары –«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.
Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.
2003 жылы берілген ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама бойынша Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ мавзолейі, киіз үй тәрізді Қарағұл тамы республикалық бюджет қаржысы есебінен қалпына келтірілуде.
Байғанин ауданында б.з.д. IV-V ғ.ғ. Сармат дәуірінен қалған ескерткіш биіктігі 12 метр, қабырғасының қалыңдығы 7 метр болатын Қызылүйік, Тасастау ғибадатханаларында қазба жұмыстары жүргізілді. Археолог Зейнолла Самашев аталмыш нысандарды 2004 жылдан бері зерттеп жүр.
2005 жылы 9 мамырда Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 60 жылдығына Н.Назарбаев , В.Путин, басқа да жаңа тәуелсіз мемлекет басшылары қазіргі демократиялық Германия көшбасшыларымен бірге фашизмді күйреткен Жеңіс Күнін Мәскеуде мерекеледі.
2005 жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен Мемлекет басшыларының саммитінде астана декларациясына қол қойылып, антитеррорлық сипаттағы негізгі құжаттар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасы, ережесі бекітілді.
2005 жылы 2 маусымда Байқоңырдың 50 жылдығы аталып өтті.
2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
+1 дауыс
2005 жылдың 4 желтоқсанындағы кезекті президент сайлауында сайлаушылардың 91,15%-ы өз дауыстарын мемлекет басшысына берді.
2005 жылы Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе қаласында ескерткіш бой көтерді. Авторлары — мүсіншілер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бақытжан Әбішев және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сергебаев.
2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі – Н.Ә.Назарбаев.
2006 жылы 11 қаңтарда «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім өтті.
2006 жылдың 17 маусымында Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) екінші Саммиті болды.
2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Ақтөбеде Ғ.Жұбанова атындағы филармония алдында А.Жұбановтың ескерткіші қойылды. Авторы — мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.
2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды.
2006 жылы - Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
2007 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, бұрынғы консультативтік-кеңесші орган - Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы деген жаңа атау берілді.
2007ж«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылы қазан айында - 2008-2010 жылдарына арналған «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді.
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
2008 жылы қаңтар айында – Оралмандардың көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.
«Самрұқ-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан Республикасының «Қазына» тұрақты даму қоры мен «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару холдингінің бірігуі туралы ҚР Президентінің Жарлығымен 2008 жылы 13 қазан айында құрылды.
2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде - Астана күні енді.
2008 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.
2008 жылы қазан айында – Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы қабылданды.
2008 жылы 2 желтоқсанда – 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды.
2009 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасының білім ғылым министрлігінің № 224 Бұйрығымен – «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді.
2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы салтанатты ашылуы болды.
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында елiмiздегi тұрғындар арасында екінші Халық санағы өттi. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-дегі санақ мезетіне 16004,8 мың адамды құрады.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.
2010 жылы 1-2 желтоқсанда -Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооператтивті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін Ұйымға қатысушы елдер Мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті.
2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Азия Ойындары Астана –Алматы қалаларында өтті.
Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің ЕКЫҰ-на төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады.
...