0 дауыс
506 көрілді
қай жылы Қазақстан егемендігін алып, СССР ден бөлініп кетті?

2 жауап

0 дауыс
Қазақстан тәуелсіздік алып, 1991 жылы 16 желтоқсанда КСРО-дан бөлініп шықты. Бұл күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Бұл заңға сәйкес Қазақстан Республикасы өз аумағында толық билікке ие тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет болып табылады.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздік алу үдерісінің бастауын белгіледі.
+1 дауыс
1991 Жылы 16 желтоқсанда КСРО құрамынан ашық шықты бұл жағдайды бірінші болып түрік президенті құттықтау хат жіберді!!
...