+4 дауыс
413 көрілді
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мен азаматшаларының қазақша сөйлегенін қалаймын.

7 жауап

+5 дауыс
Біз де қалаймыз, біз қалағанмен басқалары орысша сөйлегенді жақсы көреді, біздің қазақстанда орыс тілі 50 пайызын алып жатыр, біз қазір тіпті кейбір қазақша сөздерге түсінбейміз!!!
+3 дауыс
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мен азаматшаларының барлығы болмаса да, әйтеуір қазіргі таңда  қазақ тіліне жастардың қызығушылығы артуда.Жаман, жаман дей берсең адам соған жанасады дейдіғой.Жақсы сөз жарым ырыс  демекші оданда 90-95пайызы тап-таза ешқандай қоспасыз қазақша  сөйлейді болашақта.....
+5 дауыс
Алысқа бармай ақ жанымыздан іздеп көрейік. мысалғы; теледидарды қарап отырсан, мемлекет мәселелерін шешеді , қазақ тілін дамытады ау деп сеніп ат тізгінің ұстатқан ағаларымыздың өзі мен үлкен жиындар көбіне орыс тілінде шешіледі. Көп ағаларымыз қазақ тілін қор қылып кейбір сөздерін дұрыс айта алмай, қазақ тілі дегенде тілдерін бұрмалап әуреге түседі. өзіміз көрген *Шірікін лайф* теле шоуына қатысқан жұлдыздарымыздың өзі камера алдында шала қазақшалап әзер сөйлегенде былай шыққанда *сол қазақ тілінде* сөйлесетіндеріне кім кепіл.  Ол ол ма, өзімнің араласатын жолдастарым да , жасыратын түгі жоқ көбіне орыс тілінің тіркестеріңсіз сөйлгенің көрмеппін.  Балық басынан шірейді демекші, сол куйді біздің қазақ халқы кешіп қалмасың деп тілерлік.
+1 дауыс
Жәймендеп........
+1 дауыс
Жүрегі қазақ деп соғылатын әрбір азамат қазақ тілінің дамуына жоқ дегенде тамшыдай үлес қосса ,тамшыдан көл құралады
+1 дауыс
әрбір азамат өзінен бастаған жөн. мен өз басымда өткен оқиға: Мен бір банкке барған едім  қазақша амандасып өз жұмысымды  айта бастаған едім ол қыз қазақ бола тұра маған орысшалап " а можно на русском языке" деп  жауап қатты. Менің қатты ызам келгеннен мен неге Қазақстанда тұрып неге орысша сөйлеуім қажет дедім сонда ол қыз ұялғаннан " айта бериниз казакша " деді.Бұл менің мақтанғаным емес, әр адам өзінен бастаған жөн және қазақша білмейтіндерді қазақ тілін үйренуге талап етуіміз тиіс, әрине бұл жағдай мемлекет тарапынан қолға алыну қажет.
+1 дауыс
Менiң бұл сұраққа жауабым мына жерде:
https://surak.baribar.kz/81015/#a81118
...