+1 дауыс
Бетулин деген терминді естіген боларсыздар, ол қайда болады және оның маңызы не?
18.05.2015 1.2k қаралым

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Орманда жүргенде қара киіммен байқаусызда қайың діңіне сүйкеніп қалған адамның киімінің әр жеріне бор тәрізді ақ зат жұғып қалады. Бұл қайыңның қабық жасушаларына жиналатын ақ түсті бояу заты - бетулин. Қайыңның бұл ақ түсті сыртқы қабыршағын қайыңтоз дейді. Қайыңтоз ағаш сүрегіне қорғаныш тонның қызметін атқарады. Ол қалаған кірпіш сияқты бір-біріне тығыз жабысқан жасушалардан тұрады. Олардың аралықтары қуыссыз жымдасып кеткен. Мұндай жасушаларды ботаника тілінде тозданған жасуша дейді. Ондай қайыңтоз су мен ауа өткізбейді.

18.05.2015

Байланысқан сұрақтар табылмады

127,962Сұрақ
322,896Жауап
153,169Пікір
73,018Қолданушы