0 дауыс
67.5k көрілді
Мен өмірге ғашықпын. Өмірге мен де ғашықпын. Өмір туралы ой толғау...

Өмір адамға бір ақ рет берілетінін бәріміз де білеміз. Бірақ осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе? \"Адам болып қалу үшін ғаламда,үлкен арман керек екен адамға\"- деп,Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, адамға қанат бітіретін ол әрине ой-қиялы,мақсат мүддесі.Мақсаты жоқ адам қанаты қайырылған құспен тең. Өмірге келгесін артымызға өшпестей із қалдымасақ та,адамгершілік пен рухани құндылықтарды ұмытуымызға болмайды.Шекспирдің болжамы бойынша,адамдардың жақсы немесе жаман болуы - бір затқа екі түрлі көзқараспен қарайтындығында.Менің бұл өмірде білгенім бір тоғыз білмегенім тоқсан тоғыз екендігін өте жақсы білем, және де бұл өмірден бәрін біліп кеттім деген адамды әлі кездестірмедім бәлкім жоқ та шығар... Өмірден өз түйгенім бойынша өлең жолдарын швғарған едім сіздермен бөліскім келеді.
Ей, адамзат өтіп жатыр,
Өмірдің уақыт кемесі
Тоқтата алмас ешбір себеп
Уақыт құрғыр шіркінді.
Көзіңді аш,еңсенді көтер
Өмірге қара оң көзбен,
Мұңға батып,басыңды иіп,
Әлсіздік әлек танытпа
Жалқау боп алмай,
Жер жастанбай,
Еңбек қыл ел қатарлы.
Өмірді сүй,жан тәніңмен
Пайдалан мүмкіндігіңді
Бәріміз қонақ,
Бұл өмір сұраұ
Шешімін тапсақ,болармыз зор-ақ.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар
Жалғыз ұлы қан майданнан келмеген.
Жесір келін бір де бала көрмеген,
Жетім шалды бала орнына тербеген.

Өмір жайлы не білемін мен деген,
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар
Өміріне кегі кеткен өлмеген.
Жалған айып тағылғанда көлденең
Ақиқаттың әппақ туын бермеген.

Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді?
Неге ақылды ақымақтан жеңілді
Жабырқаулы, біреу неге көңілді?
Содан сұра, содан сұра өмірді... (М.Мақатаев).

Өмір - театр дейді емес пе?! Күлесіз, жылайсыз, қуанасыз... Басты кейіпкерде өзің жүргендейсің. Ал кейбіреулер оны поезбен теңестіреді. Онда кездескен жолаушылар біздің өмірде кездестірген адамдарымызға ұқсайды. Бірақ олардың да біз сияқты поездан түсетін жерлері бар. Кейбіреулері біздің жол бойғы қуанышымыз бен қайғымызға ортақтасады, олар ата-анамыз, бауырларымыз. Жолдан мінген кей жолаушылар уақыт өте бізге жақын болып кетеді, кейбіреулері келесі станциядан түсіп қалады, ал кейбірі басқа купеге ауысып кетеді. 
Ал енді біреулер өмірді өзенмен теңейді. 
Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның мәні болу керек. Бір күндік өмірдің мәні болмайды. Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасаймын. Бүгін мен не жасадым? Жаксылык па, жамандык па саралаймын. Дұрыс емес жерлерімді келесі күні жібермеуге тырысамын. Бірақ адам қателіксіз өмір сүруі мүмкін емес. Тек сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.
Адамның алға қойған мақсаты болу керек деп ойлаймын. Армансыз, мақсатсыз адам жарықсыз үңгірмен тең. 
Кей кездері біреулерді өсектеп, ия болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз. Оның шын ия өтірігін саралап бас ауыртпаймыз. Оның мұндай күйге тускен себебін де біле бермейміз. Ал өзге емес өзімізге бір рет болса да сын көзбен қарап көрдік пе? 
Jan жазады "Көп адам өзінің өмірге не үшін келгенін, не үшін өмір сүріп жатқанын білмей өтіп жатыр." Бұл сөздің де жаны бар. Осы сайттың күрделілігі де сол болар. 

Өмір деген жұмбақ дүниенің ащысы мен тұщысы қатар жүреді екен. Сол өмірді жетік танып, білуде мүмкін емес сияқты. Бірақ менің осы жасыма дейін түйдегенім өмірден өз орныңды тауып, не үшін өмір сүріп жатқанынды біліп, жаныңа қолтықтан демер демеушіңді тапсаң, бұл өмір әрбір адам баласы үшін қызықты болмақ. Әрине, Алла тағала жақсылық пен жамандықты береді дейді. Алайда, өміріміздің көшбасшысы өзіміз болғандықтан жақсылыққа да, жамандыққа да баратын өзіміз. 
Біз бұл қысқа ғана өмірге келген қонақпыз, сол қамшының сабындай ғана өмірді бағалап, ғашық көзбен қарап, өмір сүре білу қажет деп ойлаймын.

+1 дауыс

Өмір мәні

Жүрегімізге шайтан ұя салды... Құдайдың орнын әумесер жандар басып алды... Ар-намыс табанға тапталды..Опа, адалдық,отансүйгіштік әуелі рухтарда ұмыт болды; содан соң сөздіктерден өшірілді...Адамзат күйзеліспен,қорқынышпен өмір сүруде.

Бейбітшіліктен айырылған қоғам аянышты оқиғалардан көз аша алмай,құр айқайдан ештеңе өнбеді.Залымдар дүниені қара түнекке айналдырды... Ластанған қолдар мен жиіркенішті жүздердің саны шексіз.Құдайдан қорықпайтын мейірімсіз жандар өте көп! Осы келеңсіздіктердің кесірінен ұлттық рухымыздың тамыры кесілуде,қоғам мүшелері жібі үзілген моншақтай жан-жаққа шашылып кетуде және де оңымыз бен солымызда жасанды топтасулар пайда болуда.Осының бәріне қарсы тұратын адам бойында «имандылық»,«адамгершілік» қасиеттер басым болса, неғұрлым иманды болса,сол - нағыз адам.

Қазақ имансыз адамды хайуанға теңеген. Адамгершілік қасиеттерден айырылмай,дінге бет бұрып таза жолда жүрейік! Діндердің ішіндегі таза дін «Ислам» - қоғамның басын біріктіретін,бір Аллаға иман етуге негізделген,мейірімділікке, өмірге жақсы жағынан үлес қосуға,сүюге баулыйды.

Жалпы адамзат құндылықтарының мән-маңызы артып отырған бүгінгі күнде адамзат өз проблемасын тек бірлікпен ғана шеше алады және кез келген бірлік пен түсіністік диалогтан басталады.

Жалғыздық Аллаға ғана жарасар демекші адамзат баласы махаббатпен, сүйіспеншілікпен,ғашықтық сезімдерімен өмір сүреді.«Махаббат- асыл сезім,баға жетпес інжу».Ғашық адам махаббатсыз өмірді өмір санамайды. Ол-төзімділік пен адалдық. Кез-келген адам бақытты өмір сүруге құқылы және ол да өз қолында.

Өмірге адам болып келген соң адамдық қасиеттерді жоғалтпай,адамға тән тіршілік етіп, алға қойған мақсаттарымызға жетіп мәнді де сәнді омір сүрейік!

Cаурықова Айгерім Қазбекқызы  11 «Б» сынып

+1 дауыс

Мен өмірге ғашықпын!!!

Жан-жағыңа мән беріп, есім кіргелі өзіңді қоршаған табиғаттың әдемілігіне таңқаларсың. Әрине әр мезгілдің немесе әрбір заттың өзіне тән сұлулығы бар. Мен кішкентайымнан далада өсіп тұрған гүлдердің, олардың хош иісіне, әдемілігіне қызығып ылғида жинайтынмын. Бұндай сұлулыққа қалай мән бермессің?! Осы гүлдер секілді әйелзатының да жаны өте нәзік. Сондықтанда ақындар табиғаттың сұлулығы мен әйелзат сұлулығын қатар қойып жырлаған. Өзіміздің қазақ жазушылардың өмір жайлы жазған әңгімелерін, романдарын оқығанда өмірге деген қызығушылығымды арттыратындай болады.

Қазіргі таңда жылдан жылға көркейіп келе жатқан қаламыз мені мына өмірге ғашық ете түседі. Осындай бейбітшілік заманда әдемі, көркем қалада ата-анаңмен және бауырларыңмен тату-тәтті өмір сүру бір бақыт қой. Кейбір кезде адамдардың адам сенгісіз адамгершілікке жат іс-әрекеттерге баратынын көріп-естігенде мына қысқа жалған дүниеде «неге ондай іс-әрекетке барады екен?» деп ойланам. Алланың адам үшін табиғат арқылы беріп отырған сый-сияпатының қадіріне жетіп, неге тыныш тату-тәтті өмір сүрмекке! Алайда, бізді қоршаған ортада жастарға тілеулес, мейірбан жандар да табылады, ол өзіңнің анаң және әкең. Ылғида өмірдің ащы-тұщы жақтарының қатар жүретіні жайлы әңгіме қозғап, сені жат қылықтардан қорғап, ақыл-кеңесін беріп отырады. Мен үлкен кісілердің айтқан шежіре-әңгімелерін көп тыңдағанды жақсы көремін. Өйткені олардың берер өнеге-өсиеті мол. Әлі тұлымы желбіреген қатар-құрбыммен мектеп қабырғасында жүрген 11 сынып оқушысымын. Әрине мен өмірге ғашықпын, өйткені бар арман-мақсатым алдымда.

11 «а» сынып оқушысы Пазылханқызы Құсни

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
3 жауап
+3 дауыс
9 жауап
...