+1 дауыс
Жатақтар сөзінің мағынасы бар ма екен
12.05.2015 18.1k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Жатақ — дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшіп-қонатын күш көлігі болмағандықтан, үнемі қыстауда немесе қала маңында тұрып күн көрген кедейлердің ерекше әлеуметтік тобы. Бұл сөз алғаш рет Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) “Диуани лұғат ат-түрк” еңбегінде “ятуқ” түрінде кездеседі. Қашқари бұл сөзге “ғұндардың қалада тұратын, басқа жерге көшпейтін бір бөлігі” деп түсінік берген. Ал дәстүрлі қазақ қоғамындағы Жатақтар егіншілік, балық аулау, қолөнер, т.б. ұсақ кәсіппен айналысқан. Олар байларға, шекараға жақын маңдағы казак-орыстарға жалданып күнелткен. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап олардың арасынан оқыған, дәулетті адамдар да шыға бастады. Жатақтар кейін басқа әлеуметтік топтарға сіңіп, жұмысшы, қызметші, кенші, мұнайшы тәрізді түрлі кәсіп иелеріне айналған.
12.05.2015
0 дауыс
қарама карсысы " йөрүк" еді. Қазақ тіліндекі "жүрік" Ятұқ сөзіндің түбірі ят- етістік . Яат- > жат-
28.12.2015
127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы