0 дауыс
3.0k көрілді
Қосбасар атымен аталатын күйлерді көп естиміз, сондағы қосбасар сөзінің мағынасын айтып берсеңіздер?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қос деп шаңырақтың ең жоғарғы жағындағы айқасқан шыбықтарды айтады, қосбасу шаңырағын ойрандады, басып алды деген мағынада, "Қосбасар" атты күйлердің мұңлы, зарлы болып келетіні сондықтан (Мысалы Сүгір өзі ауылда жоқ кезде бүкіл ауылды шапқыншылар талқандап, өз шаңырағында қиратып кеткен екен, сондан өртенген үйінің орнына отырып алып Қосбасар атты күй шығарған деседі бір аңызда)

Қос кейде үй, шаңырақ деген мағынада айтыла береді, мысалы: "қос тікті" деген тіркес "шаңырақ көтерді" деген сөзбен мағыналас
Анықтамаңызға рақымет, сүгірдің қосбасарының шығу тегі туралы әңгімені бұрын білмейді екенмін. Тағы да рақымет.
+1 дауыс
"Қосбасар" сөзі музыкалық термин, домбырада бір пернеден қос дыбыс шығару. Орысша "унисон" - деген келетін сияқты. Осыдан ақ біздің Сүгір сияқты күйші аталарымыздың музыкалық дыбысталу техникаларын сол уақытта ақ меңгергенін білуге болады.
rahmet.....

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Ерлан Беков 12.04.2023 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...