+1 дауыс
4.1k көрілді
Шахматтың бірінші торына бір бидай,екіншісіне екі бидай,үшіншісіне төрт бидай,бесіншісіне он алты бидай,алтыншысына екі жүз елу алты бидай,жетіншісіне 65536-бидай деп көбейтіндісін қоя берсек барлығы қанша бидай керек.Шахматта 64-тор бар.Солай квадраттарын қоя берсек,қанша бидай кетеді бәріне??)

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Үнді аңыздары бойынша, билеуші Шерам шахматпен ең алғаш танысқан кезде, оның өзгешелігіне, әр түрлі әдемі комбинациялардың байлығына масаттанды. Ал осы ойынды ойлап шығарған дана оның қол астында екенін біліп, билеуші оған ерекше алғыс білдіргісі келді. Сонда әмірші үнді данышпанның кез келген бұйымтайын орындауға уәде береді. Ал дана оны бидай дәнімен таң қалдырады. Берілген шарт бойынша данышпанға шахмат тақтасының бірінші шаршысына бір, екінші шаршысына екі, ал келессі шаршыларға бұрынғыдан екі есе артық (1 + 22 + 23 + 24 + … + 263 = 264 – 1) бидай дақылдары берілуі тиіс еді және билеуші осы санның қанша екенін білмей, оны данаға лезде беруді бұйырды. Магараджи есептеушілері бұл санды түні бойы есептеп, таңертен ғана математикалық шешімге келіп, оның мүмкін емес екенін әміршіге түсіндіреді. Себебі данышпан айтқан сан бүкіл Үндістанның бидай дәндер санына, тіпті бүкіл әлемнің бидай дәндері санына жетпейді екен. Бұл сан - 18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 073 миллиард 709 миллион 551 мың 615. Осы мысал арқылы біз математиканың шахматта жасырған таңғажайып мүмкіншіліктеріне көз жеткізе аламыз.
Осыны Мектепте оқығанмын осыны оқи бастағанда есіме түсіп кетті )
...