0 дауыс
450 көрілді
Дамыту ойындары әр түрлі болады. Олардың балаларға, жасөспірімдерге, ересектерге арналған түрлері бар.

Олар адамның ойлау қабілетін, жылдамдығын, физикалық шапшаңдығын арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған. Мысалы, асық, боулинг, бильярд, «Чапаев» мергендікті, баскетбол, футбол, пионербол, теннис, волейбол, ләңгі жылдамдықты, төзімділікті, ептілікті, ұйымшылдықты талап етеді.

Ал дойбы, шахмат, карта, нарды ойластыру қабілетін жетілдірсе, «қала атаулары» ой-өрісті кеңейтеді. Турникке жарыса тартылу «лестница» деп аталады. Ол әсіресе жасөспірімдерге пайдалы, себебі бұлшық еттің өсуіне, күш-қуаттың артуына септігін тигізеді. Ал лото болса көңіл көтеруге арналған.

1 жауап

0 дауыс

Бизнеске арналған назыз қызық ойын, Кофейня 2 тема ойын адамды ойландырады. 

...