+1 дауыс
3.3k көрілді
Абзац, жол, соз калай белгиленеди? Информатика панинен сурак. Сабактын такырыбы матин абзацын форматтау.

1 жауап

+1 дауыс
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:

·         мәтіндік құжаттарды құруға ;

·         оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге ;

·         мәтінді пішімдеуге - әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге ;

·         құжаттарды басып шығаруға.

Компьютер үшін мәтін – ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады. Мәтіндік құжаттың құрамында өлең де, компьютерге арналған программа да болуы мүмкін. Оның мазмұны кесте түрінде де безендірілуі мүмкін.

Мәтіннің құрылымы

        Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері : символ – сөз –жол – абзац – бет – мәтін.

            Абзацтар бір –бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.

        Мәтінге біз «абзацтың соңы» символын қостық. Ешбір символдарды көріп тұрмасақ та, біздің мәтінімізде енді екі бос абзац бар және олардың ішінде стрелкалармен жоғары –төмен жылжуға болады. Бірнеше рет Бос орын, Tab пернелерін басыңдар. Бұл символдар да көрінбейді, бірақ олар құжатта сақталады. Сонымен абсолютті «бос» құжаттар болмайды.

        Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар. Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементері де жатады. Бос абзацтың өзінде де қайсыбір қасиеттер анықталған.

                    Абзацтың ең белгілі қасиеттері :

·         әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері ;

·         мәтінді түзеу тәсілі ;

·         шегіністер мен интервалдар.

WordPad мәтіндік редакторы терезесінің элементтеріне сызғыш қосылды.

             Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылқтайтын сызықша – мәтіндік курсор бар. Ол келесі символдың қай жерде тірелетінін көрсетеді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
2 жауап
Белгісіз жае 10.04.2017 ҰБТ жайлы сұрақ қойды
...