+7 дауыс
15.3k көрілді

Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз! Н. Назарбаев

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

Сіздер айырылу, азап көру және қатал сынақтардан өтіп, қажырлы рухани күшті көрсеттіңіздер, төтеп бердіңіздер және жеңіске жеттіңіздер. Тарихи белестер де бар, олардың мағынасы уақыт ағымында өшпейді. Әр өткен жыл олардың ұлылығы мен мағынасын одан сайын күшейтеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы естелік және сіздердің ерліктеріңіз үшін мақтаныш ұрпақтан ұрпаққа беріледі, бізді біріктіреді. Біз үшін мызғымас өнегелі бағдар ретінде қызмет етеді.

Күнтізбеде ерекше мәнге ие осынау мерекені әлем елдері Ұлы Отан соғысы жылдарының қаһарлы жылдарындағы зор Жеңіс ретінде тойлайды. Біз өзімізді осындай бейбіт өмірге жеткізіп, тамаша, жаңа елордада ұрпақ өсіруге мүмкіндік әперген аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі алдында басымызды иеміз. Біз Ұлы Отан соғысына қатысты естілктерді естен шығармай, ұрпақтан-ұрпаққа соғыстың зардабы мен зорлық-зомбылыққа қарсылықты жеткізіп отыруды парыз санаймыз. Осынау мерке күндері сіздерге зор денсаулық пен бақыт, қуаныш және болашаққа деген сенім, сондай-ақ бейбіт ашық аспан тілейміз. Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары шын жүректен сіздерге зор денсаулық, нық сенім мен рух беріктігін тілейді.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Ұлы Жеңіс күні, ұлы отан соғысы, ұлы жеңіс құттықтау,

9 жауап

+5 дауыс
Әумин айтқаныңыз келсін. Қазақ халқының бірлігі мен ынтымақтастығы бұзылмасын. Аспанымыз ашық болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын.
+4 дауыс
Менің отбасымда ғана емес, нағашы жағым, қайынжұрт жағым, жалпы тұқымымда бұл соғысқа қатысқан жандар жоқ. Бірақ кешегі ел басына қиын қыстау күн туғанда тобығынан қан кешіп, толарсақтан саз кешіп, қар жастанып, мұз төсеніп, ФАШИЗМ деген қанқұйлы жауға қарсы тұрған, сол бір қатігез ұрыста келешек ұрпағының қамы үшін қасық қанын аямаған, жанын құрбан еткен қазақ аталарым, апаларымның аруағы үшін бұл жеңісті құрмет тұтамын, қастерлеймін. Жылда 9 - Мамырда осы бір мерекеде сол батыр ата - апаларымның әруағына дұға бағыштап, басымды иіп тағзым етемін. Басқа да күллі Қазақстандықтарды кейбір "Бұл біздің соғыс емес еді" - дейтін адамдарға ілеспей, батыр ата - апаларымызға тағзым етіп, құрмет тұтуға шақырар едім. Ардақты соғыс ардагерлері және соғыс ардагерлеріне теңестірілген ата - апаларым, Ағаларым сіздерді бүгінгі Жеңістеріңіздің 70 - жылдығымен құттықтаймын!
Сізбен толықтай қосыламын. Осы орайда Ерлан Оспанның Менің соғысым ба дейтіндерге арнап жазған жазбасы керемет жауап беретін жазба.
https://surak.baribar.kz/blog/1145/
+4 дауыс
Мына біздің,тәуелсіз өмір сүріп жатқанымыз осы жеңістің,яғни батырларымыздың арқасы.Сұрақ жауап сайтының қолданушылары сіздерді жеңіс күнімен құттықтаймын.Алхамдуллилях,қазір бейбіт өмір сүріп жатырмыз.Бірлігімізден айырылмайық.Батырларымыздың жаны жанатта болсын!Сіздерге ашық аспан,қажымас қайрат,бақыт тілеймін…
+3 дауыс
Ия сонымен бірге Майданда жүрген ерлермен бірге тылда жүріп еңбек еткен әжелеріміз де, сол жылдары бесіктен белі жаңа шыққан жас балалар да еңбектері аяусыз, олардың да Ұлы Жеңіске қосқан үлестері өте үлкен, соларды да еске алып, мейрамдарымен құттықтап қою керек
+4 дауыс
Хиуаз Доспанова - қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысы кезіндегі жалғыз ұшқыш қызы. 300 ден астам рет жауынгерлік тапсырманы мүлтіксіз орындаған. Бірнеше рет өлім аузынан аман қалып, госпитальде емделген. Еліне қайтпай, соғысқа өз еркімен қайта қосылған. Хиуаз Доспанованың өзінің жазған кітабы да бар, сол бойынша түсірілген кино да бар. Кітабы өте қызық. Неге батыр атағы берілмегені, ал жеңістің 50 жылдығында мүлдем ескерусіз қалғаны да жазылған. Бұл бізге жеткені, әлі күнге дейін ерлігін білмей кеткен қаншама қандастарымыз бар. Біз үшін өмірін қиған ата-әжелерімізге өтелестей қарыздармыз. Ұмытпасақ болар. Тек 9 мамырда ғана еске алмай..
0 дауыс
Ұлы Жеңіс Құтты болсын!Айбынды ардагерлер көбейе берсін,еліміз аман болсын!Бірлігі мен ынтымағы бұзылмасын!
айс салем сен әлі бар екенсің ғой, ежелгі қолданушылардан жалғыз Жәкең екуеміз алдық па десем, жиі кіріп тұр
Иә бармын
0 дауыс
Рахмет!  Аумин айтқандарыңыз келсін. Лайым алдағы күндеріміз тек бейбітті күн болсын, еліміз аман болсын. Ашпанымыз ашық болсын. Менің туған нағашы атам Жандарбек Исақұлов соғыста барлаушы болған /ОҚО. Ордабасы ауданы/. Елге 1946 жылы аман-есен оралып, колхоздың жұмыстарына етене араласқан. 1995 жылы 2 ақпанда қайтыс болды. Атам тірі кезінде отты жылдардағы бастан кешкен оқиғаларын, бірнеше рет тіл әкелуге барғандағы оқиғаларды естігенде қалай аман қалған деп таң қалатынбыз. Тіпті бірде немістердің штабына кіріп кетіп, бомба түсіп, сол штабтағы 2 немісті алдына салып әкелгенін естігенде, тура кино көріп отырғандай күй кешетінмін. Сол атамның айтқандарын таспаға жазып алмағандарымызға қатты өкінеміз. Бірақ сондай ерлік жасаған адамдардың көзі тірісінде қадірін бірі білсе, бірі білмеді. Атама өкімет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеді, еленбеді де. Берілетін көптеген көмектерінен де құр қалдырды. Өкінішті-ақ. Бірақ атам ешкімге барып шағынған да емес. Ол кісі сондай, еңбекқор, адал азамат еді. Бізді де адалдыққа тәрбиелеген сол кісі.
Осындай ата-апаларымыздың арқасында біздер қазір тамаша, бейбітті күнде өмір сүріп отырмыз. Ол кісілерге басымызды иіп, тағзым етеміз. Рахмет!!!
ЖЕҢІС КҮНІ БӘРІҢІЗГЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
0 дауыс
Рахмет бірге болсын. Біз бұл кісілерді мәңгі есте сақтауға тиіспі!!!
0 дауыс

Ұлы Жеңіске 70 жыл

70 жыл. Әлі өшпейді ерліктің өр көшкіні,

Құлақтарда қалып қойған соғыстың еміс үні.

Қайғы мен қуанышты тағы да қойнына алып,

Есікті қаққалы тұр мамырда жеңіс күні.

 

70 жыл өтседағы қасірет бар ізі әлі,

Гитлерге жан біткеннің бүгінде бәрі ызалы.

Тек енді туылмағай қайталап Гитлерлер,

Адамның суынбағай әлемге бауыр залы.

 

Біз қазір той жасаймыз еске алып сол күндерді,

Шынында жеңіс жолы болған ед(і) жол күрделі.

Қыршыннан қиылған соң қапыда талай ғұмыр,

Қалайша қуанайық... Бұл нағыз солғын белгі.

 

Жылап тұр жүрек дерті, қалайша жыр тамбасын,

Сұрапыл соғыс өрті қайтадан тұтанбасын.

Тарих боп қалсын мәңгі, ерлік боп жүректерде,

Ұмыт боп кетпесін тек, рухтар мұқалмасын.

 

Бейбіт күн баста осылай тұрудан бір таймасын,

Қазағым шаңырағың құр даудан шайқалмасын.

Қазаның қайнай берсін, қайнатып ырысыңды,

Өмірің жайнай берсін, өзгелер шайқап басын,

Сөзбенен айта алмасын.

 

Д. Жеткінов

12.03.15

11:42

...