+1 дауыс
3.2k көрілді

Ұлы Отан Соғысы жеңіске 70 жыл құттықтау сөздер бар ма? Ұлы жеңіске 70 жыл құттықтау

2 жауап

0 дауыс
Құпия ретінде айтсам, сценарийлердің кейбір жерлерінен алуға болады.
0 дауыс

Мемлекет басшысының құттықтауы.

Қымбатты ардагерлер, мен сіздерді бүгінгі қасиетті де қастерлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтау үшін Астанадан Алматыға арнайы келдім. Сұрапыл соғыстың біткеніне, міне, 66 жыл болды, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да жақындап келеді. «Кеңес Одағы» деген үлкен мемлекеттің миллиондаған халқымен бірге, Қазақстан да бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен шейіттерді жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің, кейінгі ұрпақтың ең басты парызы. Егер де ойлап қарасақ, халқымыздың басына түскен 30-шы жылдардағы зұлматтан кейінгі қазақтың басына түскен екінші бір сұрапыл қырғын Ұлы Отан соғысы болғандығы ақиқат. Бұл соғыста біздің азаматтарымыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетті.

558 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды, ал оның ішінде қазақ азаматтар да аз емес еді. Уақыт өткен сайын аға толқын – сіздердің қол жеткізген ауқымды жетістіктеріңіздің, ірі табыстарыңыздың маңызы артып келеді. Соғыстан кейінгі күйреген экономиканы қалпына келтіруде ардагерлер қажырлылық танытып, атсалысты. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз, отансүйгіштіктеріңіз, бірліктеріңіз, бауырмалдық және ынтымақтастық қасиеттеріңіз бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен құндылық болып табылады. Сондықтан да сіздерге басымызды иеміз. Мұның өзі, әсіресе, биылғы жылы өз тәуелсіздігінің жиырма жылдығын атап өтетін жас мемлекетіміз үшін өте маңызды. Бір құптарлығы, аға ұрпақтың ұланғайыр жеңісі мен еліміздің бүгінгі жеңісі бір-бірімен тығыз байланысты. Егер де жеңімпаз әкелеріміздің ерлігі болмағанда, біз мұндай мемлекетті құра алмас едік.

Туған Отанының бостандығы мен азаттығы үшін ауызбен айтып жеткізгісіз қиындыққа төзіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізген майдангерлерден қалыспай, тылда қажырлылықпен еңбек еткен, сөйтіп, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қоса білдіңіздер.

Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға көпшіліктің, анығырақ айтқанда, бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз, – деді Елбасы.

Тағы бір айта кететін жәйт, көпшілікке жақсы белгілі, сол бір сұрапыл соғыс жылдары көптеген зауыттар мен фабрикалар Қазақстанға көшіріліп, онымен бірге, көптеген адамдар да келді. Қазақ халқы олардың барлығын құшағын жайып қарсы алып, бауырына басты. Соғыс жылдары елдің мерейі, біздің халқымыздың беделі үстем болды. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезеңде әлемде қолайсыз жағдайлар орын алғанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін бейбіт аспан астында, бейбітшілікті көзіміздің қарашығындай сақтап келеміз. Ең бастысы, көп ұлтты халқымыздың арасындағы достықтың нәтижесінде тату-тәтті тіршілік жалғасуда. Қазақстанның бүгінгі жетістігі, әлемдік деңгейдегі абырой-беделі, сіздерді, ардагерлерді қуантады деп ойлаймыз.

Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған салтанатта ардагерлермен жүздесу кезінде Елбасы республика халқының арасында ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытындағы ауқымды іс-шаралар мен жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, оларды ерлік рухында тәрбиелеу жұмыстарының жалғасуы нәтижелі екендігін де назардан тыс қалдырмады. Игілікті іс қашанда өз жемісін беретіндігі сөзсіз. Тәуелсіздік алғанына небәрі жиырма жыл ғана толатын жас мемлекеттің аз ғана мерзім ішінде экономикасының қарыштап дамып, әлемде танымал мемлекетке айналуы осы уақыт ішінде атқарылған орасан еңбектің нәтижесі. Халықтың әлеуметтік ахуалы айтарлықтай жақсарды. Қасиетті Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.

Басқыншылардың «фашистік армия жеңілмейді» деген аңызының күл-талқанын шығарып, жойқын шайқасқа немістің 50 танкісі қосылғанда танктер шабуылын қатарынан екі рет тоқтатқан 28 панфиловшы батырлардың ерен ерлігі мен қаһармандығы ешқашан ұмытылмақ емес және ұмытылмайды да. Соғыстың соңғы нүктесінің Қостанай облысында құрылған Кутузов орденді 150-ші Идрицтік атқыштар дивизиясының қатысуымен қойылуы да көп нәрседен хабар берсе керек.

Елдің басына үлкен қауіп пен қатер, алапат қайғы мен қасірет төнген сол бір ауызбен айтып жеткізгісіз ауыр уақытта оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлердің көрсеткен өшпес ерлігін, қаһармандық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналуға тиіс.

– Ерлікке – мәңгі тағзым, біз мұны әрдайым есімізде сақтаймыз және уақыт өткен сайын майдангерлердің, яғни сіздердің жауынгерлік қаһармандық ерліктеріңізді жиі еске алатын боламыз. Майдангерлердің соғыстан кейінгі қираған қалаларды, мемлекетті қалпына келтіруге қосқан үлестері де сүбелі. Біз бүгін Қазақстанда мақтаныш етіп отырған экономика да сіздердің көмектеріңізбен, тікелей ықпалдарыңызбен жүзеге асырылды. Кезінде мен күш-жігерлеріңіздің бар кезеңінде сіздермен бірге еңбек еткен адаммын, енді бүгінде жаңа толқынмен еңбек етудемін. Жас қазақстандықтардың аға ұрпаққа деген құрметі мен терең түсіністігі, туыстық рухы қаншалықты күшті екендігін көріп те жүрмін. Осы қиыншылықтың бәрін көрген, басынан кешкен еліміз бейбіт, ядролық қарусыз өмір үшін күрестің, сондай-ақ көрші елдермен туыстықтың, ынтымақтастықтың қолдаушысы болып келеді. Бір құптарлығы, біздің елімізде бейбітшілік, тыныштық, тұрақтылық салтанат құрған, әрине, онда сіздердің – соғыс ардагерлерінің де үлесі зор. Сіздерге тағзым етеміз, құрметті ардагерлер. Мықты денсаулық тілей отырып, өз еңбектеріңізбен, өз сөздеріңізбен жас ұрпаққа бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін қажетті патриоттық рухта тәрбиелеудің, баулу мен өзара құрметтің үлгі-өнегесін көрсете беріңіздер, өйткені бұл күллі әлемге қажет құндылық.

*

Құрметті астаналықтар және қала меймандары!

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Астана қаласының Әкімі Иманғали Тасмағамбетов

*

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Әскери прокуратура органдарының жеке құрамы атынан Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс Күнімен құттықтаймын!

9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.

1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған деуге болады. Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі.

Жыл сайын мәңгілік алауы жанына Отан қорғаушыларын, батырларды еске алып, гүл шоқтарымен рахметін айта келгендер жиналады. Біздер де қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Құрметпен,

Қазақстан РеспубликасыныңБас әскери прокуроры

*

Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Қымбатты ақтөбеліктер!

Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 65 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар, сондықтан да біз аймақтық ауқымда ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасаудамыз.

Қымбатты ардагерлер!

Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі күні де біздің ортақ проблемаларымыздан шет қалмайсыздар, даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.

Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін.

Қымбатты ақтөбеліктер! Сіздерге және отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілеймін! Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!

Шын пейілді құрметпен,облыс әкімі

*

ҚұрметтіҰлы Отан соғысының ардагерлері!

Құрметті тыл еңбеккерлері!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Бұл – аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі.

Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі.

Өзінің қайғы қасіреті мен зардаптары жөнінен бұл соғыс күллі адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды.

Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болып, біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік.

Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты.

Егер Сіздердің сол зұлмат соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгінгі таңда жарқын болашаққа қарай батыл адамдап келе жатқан Тәуелсіз Қазақстан болмас еді.

Биылғы Ұлы Жеңіс мерекесі тәуелсіздіктің жиырма жылдық белесімен орайлас келіп отыр.

Жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлеріміз аман болғай!

Біз Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз.

Біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екеніміздің мақтан етеміз.

Біз сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке-бірлікте, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне ат салысып жүргендеріңізді мақтан етеміз.

ХХ ғасырдың ең алапат – шайқасы екінші дүниежүзілік соғыста Қазақ жауынгерлері көп ұлтты Кеңес Одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті.

Қазақстандықтардың ішінен 500-ден астамКеңес Одағының Батырышыққанын айтсақ та жеткілікті.

Біздің ауданымыздан Ұлы Отан соғысына 9 мыңға жуық азамат аттанып, тең жартысынан астамы туған жерге оралмады. Олар Отан үшін шейіт болды.

Біз бүгінгі ұрпақ өкілдері олардың өлмес рухына әрқашан да бас иеміз.

Қаламыздан 6 бірдей Кеңес Одағының Батыры Бейсен Онтаевтың, Берген Исахановтың, Садық Исмаиловтың, Иван Журбаның, Нағи Ілиясовтың, Ережепбай Молдабаевтың шыққанын мақтан тұтамыз.

Жыл өткен сайын біздің ардагерлеріміз жасаған ерліктің даңқы сөнбейді.

Уақыт бізден бұл оқиғаны алыстатқан сайын, жарқын болашақ үшін қасқайып тұра білген Жеңіс солдаттары атқарған тарихи миссияның мән-маңызы да соғұрлым жарқырай бермек.

Біз жеңімпаз қаһармандарға сөзбен ғана емес, нақты іспен де құрмет көрсетуге, соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін күнделікті қамқорлыққа бөлеуге, оларға көңіл бөліп, жайлы тұрмыс жағдайларын жасауға шақырамыз.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Отан қорғаушылар күні салтанатпен аталып өтілуінде ұрпақтар сабақтастығының үлкен мәні бар.

Кейінгі ұрпақ ағалары мен аталарының, апаларының ерлік отансүйгіштік дәстүрін лайықты жалғастыруда.

Олар кеше интернационалистік борышын ерлікпен атқарса, бүгін Отан қорғау міндетін абыроймен орындауда.

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

Құрметті тыл еңбеккерлері!

 

Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз.

Сіздердің ерліктеріңіз– біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы мәңгі шуақ шашатын болады.

Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді қазақтардың әлі талай буыны мерекелейтін боламыз.

Мерекелеріңізбен, қымбатты ардагерлер!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, құт-береке, туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт тілеймін!

*

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтауы

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адамзат тарихында өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстың аяқталғанына67 жыл толды.

Қуаныш пен қайғы жасы қатар келетін Жеңіс күні мерекесібаршамыз үшін өте қастерлі, аса қымбат.

Бұл күн - қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды дақайсармінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткенағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.

Сіздер бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшінотқа түстіңіздер,қайғы-қасірет шектіңіздер,адам төзбес ауыртпалық көрдіңіздер. Бірақ, бәрін де жеңдіңіздер. Сіздердің осы жанкешті еңбектеріңіз ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі-өнеге болып қала бермек.

Сондықтан да, қан майданнан оралмаған батыр қандастарымыздың есімімәңгі ел есінде,ал, осы күнге жеткен қазыналы қарттарымыз, ардагерлеріміз әрқашанда мемлекеттің ерекше қамқорлығында.

Қымбатты ардагерлер, осынау айтулы мерекеде Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, шаттық тілеймін.

Құрметті қазақстандықтар, қадірменді ардагерлер!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтоымен құттықтаймын.

Осындай айтулы күні біздер құрметті ардагерлеріміздің алдында ерекше бас иеміз. Бұл мереке батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы. Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Ел басына күн туып, ер басына мұң ұялаған жылдарда ардагерлеріміздің Отан мен туған жердің намысын ойлап, майданда қан кешкен ерліктері ел жүрегніде мәңгілікке қалады. Сұрапыл соғыстағы аға буынның жан аямас жаужүректігі, ерен еңбегі, туған елге, жерге деген патриоттық ыстық ықыласы келешек ұрпақ санасында жаңғырып тұрары даусыз. Әділдік пен зұлымдықтың соғысы деп бағаланған майдандағы ерліктері бүгінгі мен келер ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің, отан қорғаудың жоғары үлсгісі болып қала бермек. Ардагерлеріміздің ерен ерліктері арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты ғұмыр кешудеміз. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Құрметті достар! сіздерді осындай тамаша мереке- Жеңіс күнгімен шын жүректен құтықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір бен береке-бірлік тілеймін.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

...